Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Торпедомен» кездеседі
Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бүгінге дейін 35 мәрте шеберлік байқасты. Оның 20-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Ал «Торпедо» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.
Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын елордада беларусь клубы «Динамодан» (Минск) басым түсті.
Ал «Торпедо» Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасын жеңді.
Қазір «Барыс» 31 ойыннан кейін 28 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Торпедо» 34 ұпаймен 13-орында тұр.