Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Йокеритке» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Йокеритке» есе жіберді

Кездесу барысында финляндиялық команда белсенділік танытты. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Калле Коссила 16, Никлас Йенсен 19-минуттарда мергендік танытты.

Никлас Йенсен екінші кезеңнің 28-минутта есепті үстемелей түссе, қазақстандық Никита Михайлис 42-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның нүктесін 59-минутта финляндиялық Марко Анттила қойды.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, бұған дейін екі команда бүгінге дейін 14 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.