Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Ресейде «Северсталь» командасымен кездеседі
Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бүгінге дейін 26 мәрте шеберлік байқасты. Оның 13-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Ал «Северсталь» соңғы алты кездесудің бесеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.
Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына есе жіберді.
Ал «Северсталь» Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасынан басым түсті.
Қазір «Барыс» 28 ойыннан кейін 24 ұпаймен турнир кестесінде 21-орында келеді. Ал «Cеверсталь» 3. ұпаймен 11-орында тұр.
Сурет: hcbarys.kz