Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін 3 қыркүйекте құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынында елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі командабүгінге дейін 49 мәрте шеберлік байқасты. Оның 14-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Бүгінгі кездесуде ресейлік клуб басым ойнауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 8-минутта Николай Кулёмин есеп ашты.

Ойынның екінші кезеңінде 37-минутта Николай Кулёмин тағы бір голдың авторы атанды. Ал 39-минутта оның әріптесі Джефф Плэтт есепті үстемелей түсті.

Бұдан кейін 45-минутта «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья есеп айырмасын қысқартқан еді. Ресейлік клубтан 47-минутта Сергей Шмелёв «Салават Юлаевтың» басымдығын арттырып, 57-минутта Николай Кулёмин қорытынды есепті белгіледі.

Кездесуде «Барыс» қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» 5 қыркүйекте елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар