Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Спартактан» жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық клуб биылғы турнирді сәтсіз бастады. Алғашқы үш кездесудің екеуінде қарсыластарға есе жіберіп қойған еді. Сол сәтсіздік бүгін де жалғасты.

«Барыс» елордада «Спартак» командасына есе жіберді. Ресейлік клубтан Александр Никишин 15, Александр Хохлачёв 31-минуттарда мергендік танытқан еді.

Одан кейін елордалық командадан 32-минутта Аркадий Шестаков есеп айырмасын қысқартты. Ал «Спартак» хоккейшілері Алексей Локтионов 34, Эмиль Петтерссон 54-минутта қос шайба соғып кетті.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1;4 есебімен жеңіліп қалған еді.

Еске салсақ, аталған сайыстың биылғы алғашқы екі ойынында елордада 3 қыркүйекте «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» клубынан 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді. Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

Енді клордалық клуб 14 қыркүйекте сырт айдында Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар