Құрманбек Жұмағали «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» төрағасы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Құрманбек Жұмағали «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасар.
None
Фото: facebook.com/mcs.govrk

Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетін тәмамдаған.

Масс-медиа, телеменеджмент саласында және жергілікті атқарушы органдарда 10 жылға жуық тәжірибесі бар:

- 2004-2007 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың жүргізуші-редакторы;

- 2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері;

- «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі.

- 2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

- 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі;

- 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

- 2017 жылы «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары;

- 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

- 2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС директоры;

- 2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

- 2019-2021 жылдар аралығында «Астана» телеарнасының бас директоры.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «31» медиахолдингінің бас директоры қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар