01:17, 10 Қараша 2017 | GMT +5
«Құрманғазы» кен орнындағы барлау мерзімі ұзартылады
ЧЕЛЯБИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жер қойнауын пайдаланудың тәуелсіз құқығын іс жүзіне асыру мақсатындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шектеу туралы Келісім Хаттамасына қосымша Хаттамаға қол қойды.
Хаттамаға қол қою рәсімі 9 қарашада Челябинск қаласында өткен Қазақстан және Ресейдің XIV өңірқаралық ынтымақтастығы форумында өткізілді, деп хабарлайды ҚР Эенергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш Хаттама «Құрманғазы» жобасы бойынша келісімшарттық аумақтың ұлғаюын қарастырып, операторға төрт жылға дейін ұзартуға мүмкіндік қарастыратын алты жылдық мерзімге дейін қосымша барлау мерзімі беріледі.
«Құрманғазы» жобасы бойынша өкілетті ұйым болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүз пайыз еншілес компаниясы - «МНК «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС (50%) мен «Роснефть» ҰК АҚ (50%) табылады. Кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан.