«Күрмеуі күрделі көлтабандар» - өңірлік баспасөзге шолу

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің биылғы шілде айының бірінші жартысындағы нөмірлерінде өзекті мәселелерді арқау еткен мақалаларына жасалған шолуды ұсынады.
None
None

Газеттің 2 шілде күнгі санында тілші А.Өтебәлінің «Еліміз үшін маңызды жоба іске қосылды» деген репортажы жарияланған. Онда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңес өткені, телекөпір форматындағы шара барысында индустрияландыру бағдарламасы бойын­ша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланғаны айтылады.

Оған қоса шара кезінде екінші бес­жыл­дық бағдарламасы бо­йын­­ша бірқатар жаңа жо­балар іске қосылды. Олар: Пав­лодар облысы Екібастұз қала­сын­дағы «R.W.S. Wheelset» ЖШС (темір­жол білігі мен қос дөңгелек шығаратын зауыт) мен «Green­houseKZ» ЖШС (голландтық рау­шандар өсіретін жылыжай ке­ше­ні), Алматы қаласындағы «Эфко Алматы» ЖШС (май өнімдерін шы­ғару кешені), Астана қаласын­да­ғы «Ipek Kagit Central Asia» (сани­тарлық-гигиеналық және тұрмыс­қа қажет қағаз өнімдерін өндіру зауыты), «Петропавл трактор за­уыты» ЖШС, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Майлы­ошақ ауылындағы «Lotus Food Company LLC» ЖШС (тез әзірле­нетін тағам өндіру зауыты), Ақтау қаласындағы «Kazakhstan Pipe Tra­ders» ЖШС (мұнай құбырларын өндіру зауыты) және Батыс Қа­зақстан облысы Ақсай қала­сын­дағы «Конденсат» АҚ (мотор майлары өндірісі).

Елбасы өз сөзінде: «Баршамызға белгілі, біз былтыр жыл аяғында индустриал­дық-инновациялық бағдарламаның бесжылдық жоспарын тәмам­дап, қойылған мәселелердің орын­дал­ғанын жұртшылыққа жария­ладық. Бұл экономикадағы тұрақ­сыз­дық ахуалы кезеңінде елімізге, Қазақ­станға үлкен көмек, қолдау бол­ды. Сыртқы фактордағы жағдай­дың терістігін азайту үшін экономиканы әртараптандыру қажет еке­нін біз білдік. Сондықтан ин­дус­триалдық бағдарламаларды жү­зеге асыруды белсенді түрде жал­ғастыруымыз керек. Мұның қа­жет екенін біз білеміз. Бізден кө­ріп, басқа елдер де осылай жа­сап жатыр. Оның үстіне дағда­рыс кезеңінде бұл шаруаның қа­жеттігі одан әрі дәлелденді. Осы индустриалдық-инновациялық бағдарлама арқылы кәсіп­кер­лер өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алды. Бү­гін 2016 жылдың ІІ жартыжылды­ғы­ның қорытындысын шығара­мыз. Қалыптасқан дәстүр бойынша Астана күні қарсаңында жар­тыжылдықты қорытындылап, жыл аяғында тұтас бір жылда атқарыл­ған жұмыстар жөнінде айтатын боламыз. Сондай-ақ бүгінгі ке­ңесте индустриалдық-инновация­лық бағдарламалардың орында­­луын талқылаймыз. Осы бағдарла­маның нәтижесінде қандай нә­ти­жеге қол жеткіздік, қандай кем­шіліктер болды және бола­шақта не істеуіміз керек, міне, осы жө­нін­де айтылады. Бұған қоса осы телекөпір арқылы жер-жерде жа­ңа­дан іске қосылып жатқан объек­тілерді көретін боламыз», - деді.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы бұрынғы Инвестиция­лар және даму министрі Әсет Исе­кешовтің индустриализация бағ­дар­ламасын жүзеге асыру бағы­тындағы еңбегін жоғары бағалап, оған ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ «Қазақстанда жасал­ған» белгісі бойынша өндірілген отандық өнімдер мен моноқала­ларды дамыту бойынша атқарыл­ған жұмыстарға да тоқталды. Ел­басының сөзінше, индустриалан­дыру жылдарында елімізде бұрын-соңды болмаған 500 түрлі өнім өндіріле бастаған.

Бұдан соң Елбасы жаңа министр Жеңіс Қасымбектің өңдеу өнер­кәсібі туралы баяндамасын тыңдады. Инвестициялар және да­му министрінің мәлімдеуінше, өткен жылдар ішінде өңдеу өнер­кәсібі нығайып, экономиканың драйверіне айналған. «Егер біз дағдарыс алдында­-ғы 2008 жылды базалық деп айт­сақ, өңдеу өнеркәсібі 4,1-ге өсті. Бұл тау-кен өнеркәсібін қоса есеп­тегенде өнеркәсіптің барлық сек­торынан артық. Өңдеу өнеркә­сібінің жыл сайынғы көлемі артып келеді. Нәтижесінде 2008 жылмен салыстырсақ, бұл сектор­дың өнеркәсіптегі жалпы үлесі 7 пайызға артты», - деген министр Қазақстанның ЕЭО елдері ара­сын­дағы өңдеу саласындағы өсімді сақтап отырған бірден-бір ел еке­нін атап көрсетті.

Бұдан басқа Елбасы Ұлт­тық банк пен Үкіметке инфляция деңгейін қада­ғалап отыруды тапсырды. Өйт­кені бұған халықтың кірісінің өсуі тікелей байланысты. Құры­лып жат­қан жұмыс орындары ха­лықтың әл-ауқатының жақсаруы­на ықпал етуі тиіс. Мемлекет жұмыссыз­дар­ға жәрдемақы төлеу­мен шекте­ліп қалмауы тиіс. Мұның орнына тұрғындарға шағын несие беріп, олар­дың жақсы табыс табуына көмектесуі керек. 

Шара барысында индустриаландыру нәтижесінде әлеуметтік дамуын нығайтқан үш өңір көрсе­тіліп, индустриаландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру­дың жаңа қадамдары таныстырыл­­ды.  Осыдан кейін «Әлеуметтік ин­дус­триализация» атты фильм көр­сетіліп, Мемлекет басшысы жа­ңа жобаларды іске қосуға рұқсат бер­ді. Солардың қатарында Ақ­сай қаласындағы түбегейлі жаңғыр­тудан өткен мотор майлары өнді­рі­сі бар.

Телекөпір барысында «Конденсат» АҚ басқарма төрағасы Валерий  Жүнісов  сөйледі. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз 1997 жылы сіздің қатысуы­ңыз­бен елімізде алғашқылардың бірі болып жанар-жағармай өндіретін өндіріс орнын іске қостық.  Бүгін біз К-5 экологиялық класты жоға­ры стандартқа сай жанар-жағар­май өндіру жобасын жүзеге асыр­мақпыз. Бұл жоба АҚШ пен Франция технологиясы бойынша за­ма­науи құрал-жабдықтармен жаб­дық­талған. Жоба Қазақстанның Да­му банкісінің қолдауымен жү­зеге асырылуда. Біз 200 мың тоннадан астам жоғары сапалы отын өндіреміз және аймақтың жанар-жағармай импортына тәуелділі­гін жоямыз», - деді ол сөзінде.

Осы телекөпірде зауыттың ба­йырғы қызметкері Сырым Қожан­таев та сөйледі.

Нысанды іске қосуға рұқсат бер­ген Мемлекет басшысы бұл жо­баның маңыздылығын атап өтті.

- Бұл жоба - өңір үшін де, елі­міз үшін де өте маңызды, аса қа­жетті жоба. «Конденсат» АҚ маған алғашқы ашылған күннен таныс. Кәсіпорын жедел дамып келеді. Қазір бастарына ақ каска киген жұмысшы формасындағы жастар­ға қарап толқып тұрмын. Еліміз­де осындай жас мамандар қата­рының көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Мен де, Үкімет те сіздердің жақсы жалақы алып, молшылықта өмір сүрулеріңізге қол­дан келгеннің бәрін жасайтын боламыз. Барлығыңызды ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын, - деген Мемлекет басшысы жоба жұ­мысына сәттілік тіледі.

Осы шараға қатысқан облыс әкі­мінің орынбасары Игорь Стексов жаңа жобаның маңызына тоқ­талды.

-Бүгінде облыс бойынша 330 млрд. теңгенің 42 жобасы жүзе­ге асырылуда. Аталған жобалар­дың ішінде тек осы «Конденсат» АҚ-ның жобасы ғана респуб­ли­калық  Индустриализация карта­сы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның құны 45 300 млн. теңге, осы қаражаттың 40 пайызын кә­сіпорынның өзі төлесе, қалған 60 пайызын «Қазақстанның Даму Бан­кісі» қаржыландырды. Бұл жо­ба 2012 жылдан бастап қолға алын­ды.  Осы жобаның аясында 28 жаңа жұмыс орны ашылмақ. «Конденсат» АҚ елімізде тұңғыш рет экокласты К5 бензин өндірі­сін іске қосады. Өндіріс Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сай жоғары октанды этильденбеген бензин шығаруға бағытталған. Бұл жобаның артық­шылығы сол, ендігі жерде облыс пен көршілес өңірлер Ресей­дің жоғары сапалы жанармайына тә­уелді болмайды. Жобаның заттай қуаттылығы жылына  200 мың тонна экокласты К5 бензинін өн­діруге және 380 мың тонна өзге де өнімдер өндіруге қажетті 600 мың тонна шикізатты құрайды. Кәсіпорын өнімі нарықтағы баға­дан қымбат болмайды. Бәрі алынатын шикізат құнына байланыс­­ты, егер зауыт өнім өндіруге  қа­жетті шикізатты мол әрі тиімді ба­ғамен алса, әрине, оның бағасы да қолжетімді болмақ, - деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

«Конденсат» АҚ басқарма төр­ағасы Валерий Жүні­совтің сөзінше, кәсіп­орын­ның жоғары сапалы жанар-жағармайына қазір­дің өзінде қы­зығушылар көп. Өңі­рі­мізді былай қойғанда, көршілес аймақтың   жа­нар-жағармай операторлары да ке­лісімшартқа отыруда. Көп ұза­май жергілікті жанар-жағармай өнімдері саттыққа шығарылмақ.

Нұртас Набиоллаұлының«Банкроттық  рәсімдеу» атты ақпаратында облыс әкімдігінде дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов төрағалық еткені сөз болады. Күн тәртібінде банкроттық рәсімдерді жүргізу­дің барысы туралы, жа­лақы өндіру бойынша сот актіле­рінің орындалуы туралы және жұ­мыс берушінің қызметін декларациялау жөнінде үш түрлі мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша об­лыстық мемлекеттік кірістер де­партаментінің басқарма басшысы Есбол Әміров «Дастан» баспа-по­лиграфиялық кешені» ЖШС, «Жа­йықтранс-Терминал» ЖШС, «СЦЗ «Аг­ро-сервис» ЖШС және «Металл бұйымдары» бірлескен өндіріс­тік кәсіпорны» ЖШС банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы тура­лы баяндады.

Баяндаудан белгілі болғандай, «Дастан» баспа-полиграфиялық ке­шені» ЖШС-дан 18 адам 6 343,4 мың теңге көлемінде еңбекақы мен өтемақы төлеуді талап еткен. Бүгінгі таңда оның 3 042 мың тең­гесі өтелген болса, еңбекақы бо­йынша қалған берешек 3 301,4 мың теңгені құрап отыр. «Жайық­транс-Терминал» ЖШС-ның еңбекақы берешегі екі кредитор үшін 6383,4 мың теңгені құрайды. Мұндай бережақ көлемі «Металл бұйымдары» бірлескен өндіріс­тік кәсіпорны» ЖШС үшін 61 890,6 мың теңге, ал ондағы кредитор­лар саны - 84 адам.

Отырыс төрағасы туындаған сұ­рақтарға нақты жауаптың болмауына байланысты «Дастан» баспа-полиграфиялық кешені» ЖШС-ның банкроттық басқарушысы Е. Ишим­галиевтің жиынға келмеуін, банкротқа ұшыраған мекемелердегі еңбекақы бережағы туралы мәліметтің әр түрлі көрсеті­­луін, бірқатар кәсіпорындарды банкрот­тық басқарушылардың жиі ауысып, жұмыс нәтижесі бол­май келе жатқандығын қатаң сын­ға алды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық әділет депар­таменті басшысының орынба­са­ры Хамидолла Құсдәулетов «БГС­Ақсай» ЖШС және «Aziya Bola­shak Batys» ЖШС-ның атқа­рушы­лық өндірісінің жүргізілу барысы туралы мәлімдеді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәсе­ле бойынша сөз алған облыс­тық еңбек инспекциясы басқар­ма­сы­ның басшысы Жанат Асантаев қол­даныстағы еңбек заңнама­сының талаптарына сай жұмыс жасап, сенім сертификатына ие болған бірқатар кәсіпорындарды атап өтті. Мұндай сертификатқа ие бол­ған кәсіпорындар үш жылға де­йін мемлекеттік тексерістерден бо­­сатылады. Жанат Асылханұлы жұмыс берушінің қызметін де­кларациялау жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша, облыс­тық еңбек инспекциясы басқарма­сының шешіміне сәйкес тағы екі мекеменің аталмыш сертификат­қа лайық деп танылғандығын айтты.

Жиын соңында отырыс төрағасы Марат Тоқжанов «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Инженер­лік-техникалық орталығы» филиа­­лы және «QHSE - Akbarys» ЖШС-на қызметкерлердің еңбек құқық­тарын сақтау жөніндегі сенім сертификатын табыс еткен.

«Әйелдерді  зәбірлейтіндер  азаяр  емес» (Гүлбаршын Дыбысқалиқызы)  атты материалда облыс әкімі жанын­дағы әйелдер істері және отбасы­лық-демогра­фиялық саясат жөнін­дегі облыстық комиссияның ке­зекті отырысында ал­дымен облыс емханала­рындағы отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысы жайы мәселесі қаралғаны айтылған. Бұл мә­селе бойынша хабар­ла­ма жасаған облыстық ден­сау­лық сақ­­тау бас­қармасының басшысы­ның орын­ба­сары Нұржамал Жұмағұлова­ның айтуынша, өңір­дегі барлық ем­­ханаларда отба­сын жоспарлау кабинеттері тұрақты жұ­мыс іс­теу­де. Отбасын жоспар­лау ба­лалар өлі­мін азайтуға, қа­лаусыз және ер­те жүктіліктің бол­мауына, жас от­­басының бере­кетін сақтауға әсе­рін тигізеді. Сондай-ақ бұл ба­ғыт­тағы жұ­мыс­­тың жасөспірімдер­­дің ден­саулы­­­ғын сақтауда маңыз-мәнге ие еке­ні сөзсіз. Биыл бес айда 45 мың­нан астам адам нақ осы мә­селе жөнінде мамандардан ке­ңес ал­ған. Қазір облыста 15607 жас­өс­пірім қыз бала болса, биылғы бес айдың ішінде осы топтағы, әсіресе, 17-18 жастағы қыз­дардың 41-і босанып, жетеуі түсік жасат­ты. Мұндай жағдайға түскен жас­өспірімдермен бала­­лар гинекологтары, психологтар арнайы жұмыстанады.

Соңғы кезде өңірде от­ба­сындағы тұрмыстық зорлық-зом­былық фактілері азаймай отыр. Бұл туралы жергілікті поли­ция қыз­метінің басшысы, полиция пол­ковнигі Манарбек Ғабдуллиннің хабарламасында кеңінен айтылды. Мысалға, биылғы бес ай ішінде отбасылық тұрмыстық қа­­­рым-қатынастар саласында жа­­сал­­ған құқықбұзушылықтарға қа­тыс­ты 1192 (2015 жылы 1039) арыз түсіп, олардың барлығы сотқа жол­­­данды. Отбасылық тұрмыста 10 қыл­мыс тіркелсе, соның алтауы әйел­дерге қатысты жасалған. Бұл тек ресми тіркелгені ғана. М. Ғабдуллиннің айтуынша, отба­сында зардап шеккен әйелдер арыз жазудан бас тартып жатады. Өйт­кені кейбіреулері материал­дық жағынан отағасына тәуелді не­месе «елге күлкі боламыз» деп тар­тынады. Сонымен қатар әкімші­лік құқықбұзушылықтардың кей­бір құрамдары қылмыстық құқық­­бұ­­зушылық санатына ауыстырылуына байланысты от­ба­сы-тұр­мыс­­тағы құқықбұзу­шылық­тардың ал­дын алуда қиыншылықтар туындауда. Аталған құрамдар жеке айыптау істеріне жататындықтан, көп жағдайда жәбірленуші арыз беруден бас тартады. Әкімшілік ұстау үрдісінің мерзімі үш сағат­тан аспайды. Мұның өзі құқық­бұ­зушының «шабуылын» төменде­туге ықпал етпей, оның отбасына қайтып келіп, отбасының шырқын бұзуына кедергі бола алмайды. Осыған орай әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 немесе 48 сағатқа дейін ұзарту жөніндегі ұсыныстар Ішкі істер министрлігіне жолданған.

Орал қалалық әйелдерге ар­налған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығының директоры Ганди Шамкелованың айтуынша, бұл орталықтың ашылғаны­на үш жыл болды. Осы уақыт ішінде орталыққа қиыншылыққа тап болған 588 адам келген, солардың 464-і - әйел, төртеуі - ер адам, 121-і - балалар. Уақытша паналау орнын 23 адам паналаған, со­лар­дың 11-і - әйел, 12-сі - бала. Жеті әйел жергілікті полиция басқармасының жолдамасымен, төр­теуі қа­ла­лық жұмыспен қамту жә­не әлеу­мет­тік бағдарламалар жолдамасымен келген. «Бұл - ресми көмек алуға кел­гендер. Ал отбасының абыро­йын ойлап шағымданбайтын әйел за­ты қаншама. Әйелдерге қол көте­ретіндер қатарында мемлекеттік қызметкерлер де, құқық қор­ғау қызметкерлері де, кәсіпкерлер де, тіпті жоғары лауа­зым­дық қыз­мет­тегі қызметкерлер де бар. Соны­мен қатар балалары аналарына, келіндері енелеріне зорлық көр­сеткен фактілер бізде кездеседі», - деді Г. Шамкелова.

Басқосуда Қазталов ауданы әкі­мі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұ­мысы жайындағы аталмыш ау­дан әкімінің орынбасары Ләйлім Мәжитованың есебі тыңдалып, ко­миссиямен оң бағаланды. Сонымен қатар спорттың жаппай қол­жетімді түрлерімен қамты­луын қамтамасыз ету мәселесі бо­йын­­­­­ша жасалған хабарлама тың­­да­­­­лып, ондағы кейбір сандық көр­­с­ет­кіш­термен комиссия мү­ше­­ле­­рі келіспеді. Сондықтан хабар­ла­ма­шы­ға сандық шикіліктерді анықтап, тү­зету тапсырылды.

Комиссия отырысында қарал­ған мәселелер бойынша кеңес мү­шелері үлгілі отбасыларын насихаттау, әлеуметтік желілерді пай­­далану және аталмыш комиссия жұмысын жақсарту, форма­­­тын өз­герту жөніндегі ұсыныста­рымен бөліскен. Жиынды қоры­­тын­дыла­­ған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов тиісті са­­ла басшыларына күн тәртібінде қа­­ралған мәселелер бойынша жұ­мыс­ты ширату бағытында тапсырмалар берген.

От басқан  жас  аналарға  қамқор  болған (Гүлбаршын Әжігереева) атты мақалаға соңғы кездері елімізде шаранаға қатысты адам жанын түршіктіретін оқиғалар жиілегені, оның себептері арқау болған. Жасы жиырмадан асқан қазақ қызы некесіз бойына біткен баласын әжетханада дүниеге келтіріп, әжетхананың тесігіне тастап кетті... Екінші оқиға да соған тектес, мектептің 10-сыныбында оқитын балауса қыз таксидің ішінде босанды. Сол бейбақ шарананы қыздың қасындағы өгей шешесі  көліктің терезесінен көшеге лақтырып жіберіп, мерт қылды... Бұл оқиға тізбегін жалғай беруге болар еді, бірақ одан не өзгереді? Одан да ондай сорақылықтың алдын алу жайы әлдеқайда маңызды көрінеді.

«Қызға қырық үйден тыю, қала берді, есіктегі қара күңнен тыю" деп пәлсапалайтын қазақ қоғамы неден қате басты, тәрбие үрдісінде нендей олқылық жіберді дейсіз. Мына жарық дүниедегі ана болудан асқан жасампаздық жоқ демейтін бе еді аналар. Етегі жасқа толып, тәңірден күні-түні бір ша­рана тілеп жүрген жандар әлі қаншама... Жалпы, қазіргі қоғам­дағы осындай қатыгездіктің ал­дын қайтып алуға болады? Ата-анасымен «қырық пышақ» болып, некесіз, туған-туыстың қолдауын­сыз, қаржылық қиындықтар жағдайында дүниеге сәби әкелетін­дер әдетте балаларынан перзент­ханада бас тартады. Осылайша түсік жасатпай, баласын жетімдер үйіне қалдырған жас ананың кейін де өзінің күнәсін кешіруі қиын. Бұл психологиялық азап, өмірлік қасірет болса керек. Сондай-ақ балалар үйінде немесе асырап алған отбасында туған анасының жылы құшағын көрмей өсетін тас­танды сәби бақытты бола ма дейсіз. Осыған орай елімізде танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың жә­не оның зайыбының бастамасымен қиын жағдайға тап болған жас аналарға және жүкті әйелдерге арналған «Ана үйі» орталықтары ашылды.  Мұндай орталықтардың ашылуымен әдепкіде шаранасы­нан бас тартуды ойлаған жас әйел­дер орталықтағы қолдау мен тү­сіністік жағдайында ана болудың бақытын сезінеді. «Ана үйі» әлеу­меттік жобасы қоғамның қолдауы­на ие болды. Жобаға көптеген қа­зақстандық кәсіпкер қолдау танытып, жоба меценаты атанды. 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап еліміздің танымал кәсіпкерлері әр өңірден «Ана үйін»  ашты. Елімізде «Ана үйі» қоғамдық қоры ресми тіркелді. «Ана үйі» біздің өңірде де жұмыс істеуде. Енді таяуда Орал қаласында бала асырап алуға көмектесу орталықтары ашылды. Бұл сол «Ана үйі» қоғамдық қо­ры­мен басталған игі істің жалғасы іспеттес.

Аталмыш жобаның Батыс Қа­зақстан облысы бойынша үйлес­тірушісі Надия Лисицынаның ай­туынша, «Ана үйінің» ашылуы ар­қасында еліміз бойынша 1500-ден астам сәби балалар үйіне жолданбай, аналарының қасында қалды. Біздің облыс бойынша 60 шақты жас ана өз сәбиінен «қағынан же­ріген құландай» болып бас тартпады.

-60 бала дегеніңіз, бір балалар үйі ғой. Бас тіреп келген аналар­дың жартысын әке-шешелерімен табыстырдық.  Олардың барлығы­на жұмысқа тұруға көмектестік. Кейбірі жаңа мамандықтарға оқы­ды. Әрбір төртінші әйел тұрмыс құрды. Әрине, көбісі сәбилерінің әкелеріне емес, өзге жандардың етегінен ұстады. Бұрындары балалы әйелге үйлену жігіттер үшін батырлықты қажет ететін, ал қа­зір олай емес. Өйткені бүгінде ер-азаматтардың 42 пайызының әке атана алмайтынын медициналық статистика көрсетіп отыр, - деді Надия Лисицына. Оның айтуынша, жас аналар бұл үйді бір жыл бо­йына, кейбір жағдайларда жыл жарым уақыт паналай алады. Олардың тұрмыс-тірлігі, ішер асы, медициналық қызмет көрсету, дә­рі-дәрмек сатып алу, қажетті киім-кешегі  меценаттар есебінен өтеледі. Жергілікті кәсіпкерлер де қарап отырған жоқ, жалпы ана­лардың тағдырына бейжай қара­майтын жандар да қолұшын созу­да. Надия Лисицына аталмыш ор­талықты паналайтындардың дені қазақ қыздары екенін айтты. Оны өзіміз барғанда да көзімізбен көр­дік. Оқимын, қаладан жұмыс табамын деп ауыл-аймақтан келген бойжеткендер жалған махаббат отына шарпылып, қанаты күйген көбелектің күйін кешеді. Ауылға қайтайын десе, ата-анасы «құшақ» ашпайды, ақыл айтып, қаржылық  қолдау көрсететін ағайын, тума-туыс теріс айналады немесе қара бастарының қамымен әлек. Содан, соңғысы белгілі, түсік немесе тас­танды бала оқиғаларына ұласады.

Елімізде «Ана үйінің» ашылуымен бала асырап алу үрдісі сәл-пәл бәсеңсіген. Надия Лисицынаның айтуынша, бала асырап алғысы келетіндер көбіне  үш жасқа дейінгі сәбилерді алғысы келеді. Мұны олар  баланың сәби кезінен өзде­рін туған ата-ана деп қабылдайды деп түсіндіреді.

-Бірақ мұны әр кез дұрыс ше­шім деуге келмес. Мысалға, 40-тың қырқасына шыққан жұмысбасты әйелге өзінің қалыптасып қалған өмірлік дағдысын бұзуға тура ке­леді. Үш жасқа дейінгі сәбиді ба­уырына басқан жағдайда, ол жұ­мысын тастайды немесе декреттік демалыс алады. Ал егер де ол мектеп жасындағы баланы асырап алса, мұндай қадамға бармас еді. Сондықтан бала асырап алу жұмысы тоқтап қалмас үшін бұл жобаның екінші кезеңі балалар үйімен және әлеуетті бала асырап алушылармен жұмыс болып табылады. Бала асырап алу жұмысына көмектесетін орталықтар және ба­ла асырап алушылар мектебін құ­ру қажет деген шешімге келдік. Бұл орталықтарда өңір тұрғындарына бала асырап алу мәселелеріне қатысты ақпараттық-кеңестік қыз­меттер көрсетіледі. Өкінішке орай, балалы болғысы келетін ата-ана баланы тауар секілді таңдайды. Олар дені сау, сүйкімді балаларды асырап алғысы келеді. Науқас балаларды ешкімнің алғысы жоқ, ал әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мүмкіндігі шектеулі балаларды да отбасында тәрбиелеуге болатынын көрсетеді. «BI - Жұлдызай» қайырымдылық қорымен бірге біз мемлекеттік балалар мекемелеріндегі дімкәс балақандарды емдеуді жоспарлаудамыз. Қазір ауру ұл-қыздар туралы мәліметтерді жинап, қорға жолдадық. Оларға ем-дом, түрлі тиісті оталар жасалса, одан кейін оларды да асырап алу мүмкіндігі ұлғаяды. Шетелдер­де бала асырап алу үшін 300 сұрақтан тұратын сауалнаманы тол­тырады, тек қамқоршылар ғана сенің асырап алушы ата-ана бола­тыныңды анықтайды. Көбінесе мі­нез-құлқымыз үйлеспеді деп баланы кейін қайырып жатады. Мұн­дайда зардап шегетін бала, ол психологиялық күйзеліске түсіп, жарты жылға дейін ешкіммен сөйлеспей қояды. Орталықтардың психолог мамандары тек баланың болашақ әке мен шешесімен ғана емес, отбасындағы ата-әжесімен, әпке-сіңлілерімен, аға-інілерімен де түсінік жұмыстарын жүргізеді. Өйткені отбасыға жаңа мүшені қабылдауға дайындық қажет. Өйткені ойланбай айтылған бір-ақ ауыз сөз бала жанын жаралауы мүмкін, - деді Надия Лисицына. Оның айтуынша, мұндай мектептерде оқу үш сағаттық 12 сабақтан тұрады.

-Кейбір әйелдер қартайған шағында соқа басы сопиып қалу­дан қорқып, бала асырап алғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Баланың туған анасы немесе бала асырап алғысы келетін ана «менің бала­ма мен керекпін» деп ойласа керек-тін. Сонымен қатар тіпті шына­шақтай баланың жеке мінез-құл­қы, дағдысы бар тұлға екенін ес­керген жөн. Балалар үйінде тәр­биеленбеген адамға баланың жастығының астына жейтін тамақты айтқанды тыңдамаудан, қырсық­тықтан емес, ертең аш қаламын деген қорқыныштан тығатынын  түсіндіру қиын. Асырап алған ба­ланың тек жарты жыл өткен соң ғана мұндай дағдыдан арылғаны бар, - деді Надия.

Мақала «Бүгінде бала асырап алушылар­ға көмек көрсету орталығында ке­ңесші мамандар, соның ішінде заңгерлер, психологтар жұмыс істеуде. Сонымен қатар Астанадан да психологтар келіп, бала асырап алған ата-аналармен жұмыстан­бақ. Бұл орталық Оралдағы Дос­тық даңғылында 185/1-үйдің 3-қа­батында орналасқан. Дүйсенбіден бастап жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Болашақ ата-аналар өздерін ма­залаған сұрақтарын 1422 нөмірі бойынша немесе Оралдағы ма­манға +77473114047 телефоны ар­қылы қоя алады» деген анықтамамен түйінделген.

Астана күніне орай барлық басылымдарда топтамалар мен арнайы материалдар берілгені белгілі. Бұдан «Орал өңірі де тыс қалған жоқ. «Арманымды  аялаған  Астана» (Айымгүл Төлеуғали) атты мақалада автор өз басынан өткен жайды тілге тиек еткен. «Үлкендердің айтқан әңгімесі әсер етті ме екен, ҰБТ-дан 109 балл жинап, Алматыға, Қаз­ҰУ-дың журфагына баруды жоспарладым. Бірақ айтулы күн жақындаған сайын Астанаға бүйре­гім бұра берді. Аз уақытта бой көтеріп, күннен-күнге ажарлана түскен ғажайып қала мені өзіне магниттей тартты», деп бастайды ол.

-Аяқ астынан Астанаға ба­ра­тын болып, шығар­ма­шылық емтиханға аз уа­қыт қалғанда, ұшақпен әрең үл­гердік (осы тұста ата-анам үлкен ерлік жасаған екен). Емтихан ой­дағыдай тапсырылды, Астана­ны аралауға көштік. Оралдан ұзап көр­меген ауыл қызына бәрі таң­сық, бәрі қызық. Зәулім ғимарат­тар, соңғы технологиямен жаб­дықталған сауда орталықтары, даң­­ғыл жолдар, тіпті Астананың ауа­сына дейін өзгеше көрінді. Осы қалада оқу арманыма айналды. Грант саны өте аз. Журфак­ты таңдаған талапкер төрт ма­ман­дықты жазып, конкурсқа қа­тыса алмайды. Бағың жанса, оқуға қа­был­дандың, болмаса келесі жылы келу керек.

Бір күні таңда ұйықтап жатқан мені анам бетімнен қайта-қайта сүйіп, құшақтап жатыр екен. Ұй­қылы-ояу «Әлгінде бір кілтті жо­ғалттым деп еді, соны тауып ал­ды ма екен?» деп ойлап жатырмын. «Оқуға түсті-і-і-ің!» дегенде, ұй­қым шайдай ашылып, қалай қуан­ғанымды көрсеңіз ғой. Сөмкемді қалың киімдерге толтырып алып, туыстармен, сыныптас достармен қоштасып, арман қуып, Астанаға аттандым.

Жаңа қала. Жаңа оқу орны.  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлт­-тық университеті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған группаластар. Бәрі жат, бәрі бөтен, ал­ғашында бір-бірімізбен оңай тіл табысып кете алмадық. Барлығы өзінің қаласын мақтай береді. То­бымызда Оралдың намысын қор­ғап жүрген жалғыз мен. Мақала жаз­ғанда өзіміздің жергілікті диалект сөздерді жазып қоя беремін, оны дұрыс емес десе, кәдімгідей шамданып қаламын. Төрт жыл­дан соң «нән» Астанада кездес­кен, «жоян» оқу орнында бірге білім алған бір-бірімізге «жүдә» бауыр басып кеттік.

Нөмірі алтыншы студенттер үйі­нің үшінші қабаты ылғи шулы бо­латын. Өйткені онда болашақ жур­налистер тұрады. Дәліздің бір  түк­пірінде жігіттер гитара тартып, қыздар әндетіп отырса, енді біреу­лері қызу пікірталастың шоғын үрлеп, отын көсейді. Сәнқой қыз­дар подиумда жүргендей дәліз­дің ортасымен ки­ноға шығып ба­ра жатады. Сағат тілі түнгі екіні көрсеткенде, вахтер студенттерге ұрсып жүріп, бөлмелеріне әзер тарататын.

Бізге Намазалы Омашев, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Са­уыт­бек Абдрахманов, журналист Әуесбайдың Қанаты, ақын Қалқа­ман Сарин сынды танымал  қалам­гер­лер дәріс оқыды. Көбінесе олар өз тәжірибелерінен мысал­дар келтіріп, бізге өмірлік сабақтар бер­ді. «Сонымен солай дейік», «Түнгі сту­дия» секілді бағдарламаларға қатысып, «Хабар», «ҚазМедиа» орталығына жиі-жиі барып тұра­тынбыз. Бүкіл Қазақстан білетін, қа­дірлейтін айтулы тұлғалармен бетпе-бет кездесіп, тілдестік.

Астана студентінің бір күні де бос өтпейді. Қаланың ең әдемі же­рі - Есілдің сол жақ жағалауы.
Он­да «Ханшатыр», «Керуен», «Ме­га», «Бәйтерек», Бейбітшілік жә­не келісім сарайы, Ұлттық музей, «Нұр Астана» мешіті, Тәуелсіз­дік сарайы, Астана Арена, Конгресс-холл, «Думан» ойын орталы­ғы секілді зәулім ғимараттар көздің жауын алады. Тіпті тұрғын үй кешендерінің өзі арнайы орта­лықтар се­кілді сәулет өнерінің сән-салтанатымен ерекше салын­ған. Жазғы демалысқа ауылға барып келсең, жаңадан ғима­раттар бой көтеріп қалғанына таңғаласың. Қаланың іші тап-таза, шетел­дік туристерді жиі кездес­ті­руге болады. Кейде олармен әңгімеле­сіп те аламыз.

«Ат айналып қазығын табады» демекші, өмірлік жарымды кез­дес­­тіріп, қызыл дипломымды қо­лыма алып, өзімнің Оралыма қай­тып келдім. Қазір ару Астанада қызыққа толы өткен күндерімді сағынышпен еске аламын. Астана күні қарсаңында әсем Астананың ажарына ажар қосылып, өркен­дей беруін тілеймін. Жасай бер, жай­най бер, жас­тығымның куәсі бол­ған, менің ақ арманымды аялаған ару қала -  Астана! - дейді автор шабыттана.

«Орал өңірі» газеті Елбасының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды қағыс қалдырған емес.

«Еңбек  адамына  құрмет» (Айша Өтебәлі) атты мақалада осы мәселе сөз болады.

Соңғы кездері еңбек адамына құрметтің кеміп кеткені жасырын емес. Осы жағдайды Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде атап көрсетіп, мұны шығармашылық интеллигенцияның қаперіне салған болатын.

Осыған орай об­лыстық білім басқармасы мен Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің қыз­меткерлері қарапайым еңбек адамдарына арнап, «Еңбек жолы» атты облыстық фестиваль өткізді. Бұған қаладағы кәсіби-техникалық білім беретін колледж басшылары мен студенттер және түрлі салада жемісті жұмыс істеп жүрген қа­­ра­пайым еңбек адамдары қа­тысты.

Шараны ашқан «Қоғамдық ке­­лісім» КММ эксперттік-ана­ли­ти­калық бөлімінің мең­герушісі Әсия Жумина еңбек адамы және оның құндылығы жөнінде айтып, жастарды қазіргі заманға лайық­ты, сұранысқа ие кәсіби мамандықты таңдауға шақырды.

Бұдан соң еңбек фестивалі салтанатты түрде ашылып, ортаға еңбек ардагерлері Тапаловтар әу­леті шақырылды.

-Мен мектеп бітірген соң осы қаладағы №4 кәсіби-техникалық училищеде дәнекерлеуші маман­­дығына оқыдым. Мұны үздік бі­­тір­ген соң, осы бағыттағы оқуым­­ды Қарағанды қаласындағы ин­­­дус­триалдық техникумда жалғастырдым. Содан соң Оралға қай­тып келіп, кәсіби мамандыққа оқытатын оқу орындарында ше­­бер болып жұмыс жасадым, жас­­тарды кәсіби жұмысшы ма­ман­ды­­ғы­­на баулыдым. Өндірістен қол үз­бей жүріп, осы Оралдағы М. Өте­мі­сов атындағы БҚМУ-ды бі­тір­дім. Со­сын колледж директо­рының орын­басары, кейін колледж бас­шы­лы­ғына дейін көте­ріл­дім. Өмі­рімнің 25 жылын по­ли­­техника­лық кол­­леджде өт­кіз­дім, кейінгі 10 жылды №1 индус­триал­дық колледжге арнадым. Қысқа­сы, бар саналы ғұмырымды жастар­ға кәсіби білім беруге арнадым десем болады. Осы колледжде де 1-2 жыл жұмыс істеп кеттім. Шығармашыл ұжым әсер етті-ау деймін, осында жүргенде, электргазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлеріне арнап әдістемелік кітап­ша құрастырдым. Басшылық менің осы салада атқарған қызметімді жоғары бағалап, «Білім беру ісінің үздігі» атағын берді. 2004-2014 жылдар аралығында Батыс Қазақстан индустриалды кол­леджінің директоры қызметін ат­қардым. Жұбайым Нұршат Тапалова да мыңдаған жасты кәсіби мамандыққа тәрбиеледі. Ол кісі Орал политехникалық колледжін­де табан аудармастан 37 жыл бо­йы жұмыс істеді. Қазір құр­мет­ті еңбек демалысында. Бұл кісі­нің еңбек кітапшасында екі-ақ жолжазба бар. Біріншісі - жұмыс­қа кіргендігі, екіншісі - осы жерден зейнетке шыққандығы жөніндегі белгі, - деп Айтқали Өмірзақұлы жастарға тек адал еңбекпен ғана биіктікті бағындыруға болатынын өзінің өмір жолын мысалға келті­ре отырып жеткізді.

Осыдан кейін сахна төріне «Золушка» тігін ательесінің жетекшісі Ольга Ляшева мен оның жанұясы шақырылды. Ольга Павловна 1970 жылы Орал қаласындағы №122 кәсіби-техникалық училищесінде тігінші мамандығына оқыған.

-Мен өзімнің мамандығымды өте жақсы көремін. 30 жыл бойы тігінші болып жұмыс жасадым. Зейнетке шыққан соң өзімнің же­ке тігін ательемді аштым. Ұлым Алексей де жолымды қуып, тігінші мамандығын алды. Келінім Олесья мен қызым Дарья да тігінші. Бүгінде отбасы мүшелері бірігіп, өзім құрған жеке тігін цехында жұмыс жасап жатырмыз, - деді Ольга ханым өз сөзінде. Тә­жірибелі тігіншінің пікірінше, мамандығын шексіз жақсы көрген адам ғана мол табысқа қол жеткізеді. Өйткені ол өзі қалаған ма­мандық бойынша жұмыс істеп жүріп, өзі содан рухани ләззат алады, шаршаудың орнына содан күш-қуат алады. Тігіншілікпен қоса ән салуды да жақсы көретін Ольга Ляшева жиналғандарға ар­нап, «Белые лебеди» әнін айтып берді. Шығармашыл жанның орын­дауындағы әсем әуенді жи­налғандар тамсана тыңдады.

Осы колледжде оқытушы болып істейтін Елена Куфаеваның өмір­баяны да тыңдаушыларды бей­­жай қалдырмады. Елена Павловна алғашқы еңбек жолын 1966 жылы Орал механикалық за­уы­тында қарапайым жұмысшы бо­лып бастапты. 1968 жылы Саратов авиациялық техникумына оқу­ға түскен Елена ханым оны оқып бітірген соң, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ-да инженер-конструктор болып жұ­мыс істеген. 2005 жылдан бастап, осы колледжде оқытушылық қызмет атқарып келе жатқан Елена Куфаева өзінің қызы Анна Новикованың еңбек жолы жөнінде әңгімеледі.

-Анна 9-сыныпты бітірген соң, біздің қарсылығымызға қара­мас­тан, мұнай саласы мамандығына оқып, сол саланың арнайы орта білімді маманы болып шықты. Ол колледжде оқып жүріп, ағылшын тілін үйренді. Нәтижесінде шетелдік компанияларда жұмыс істеді, сонда жүріп, жоғары техникалық білім алды. Бүгінде Анна Араб әмірліктеріндегі мұнай компания­сында инженер болып жұмыс істейді. Оның күйеуі де осы са­ланың маманы. Қызмет бабымен ұзақ уақыт шетелде жүрсе де, қызым туған елін еш уақытта есінен шығарған емес. Ол Қазақстан Республикасының азаматтығын өзге елдің азаматтығына ешқашан айырбастаған жоқ. Біз бәріміз кіндік қанымыз тамған туған же­рі­мізге, елімізге қызмет етуіміз ке­рек. Мен үшін де, қызым үшін де өзіміздің туған елімізден, Қа­зақстаннан артық ел жоқ. Өз елі­міз­ді шын жүрегімізбен сүйіп, оған өмір бойы қызмет етейік! - деді ол өз сөзінде.

Аталмыш шараға технология­лық колледждің ІІ курс студен­ті Айым Бақытжанова, Батыс Қа­зақ­стан индустриалды кол­леджі­нің оқушысы Игорь Серебряков және Орал политехникалық кол­леджінің оқушысы Андрей Слук қатысты. Айым аспазшылар әу­ле­­тінің жанұялық кәсібін жал­ғас­тырғысы келсе, Сергей әкесі мен атасының жолын қуып, токарьлық мамандықты қалапты. Ал Андрей болса, әкесі мен атасы секілді кран жүргізушісі болғысы келеді екен.

Шара соңында сахна төріне колледж директорлары Серік Мұ­­хамбеталиев, Нәйла Ғалиева, Қанат Қырықбаев, Тілекқабыл Ахмедияров және Әли Масалимов шақырылды. Олар сөздерінде елімізге адал қызмет еткен еңбек ардагерлеріне алғыстарын айтып, әулетінің кәсібін жалғастырғысы келген жастарды өзгелерге үлгі етті. Сондай-ақ колледж жетекшілері қарапайым еңбек адамдарына үлкен құрмет көрсетіп, алғысхаттар мен сый-сияпаттарын табыс етті.

«Медиация  кабинеті   жұмысын  бастады» (Гүлжамал Жолдығали) - Оралдағы Достық үйін­де өңірдегі этномәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен арналған отырыста медиация кабинетінің ашылғаны хабарланған.

2011 жылы ҚР «Медиация туралы» заңын қабылдау нәтижесін­де 2016 жылдың ақпан айында Достық үйі жанынан медиация кабинеті ашылып, 1 маусымнан бастап кабинет  қызметін бастады.

Облыстағы ҚХА жанынан құрылған медиация кабинеті - бұл аймақтағы тұрақтылықтың міндетті элементі  ретінде толе­ранттылық пен этносаралық келі­сімді қамтамасыздандыру саясатын анықтайтын аналитикалық және стратегиялық орталық болып табылады. Өңіріміздегі бұл ба­­­ғыттағы жұмыс жақын арада басталғандықтан, тұрғындармен диалог жүргізу сайтын ашу, бук­­леттердің, плакаттардың шығары­лымы қарастырылуда. Қазір мұнда жұмыс уақытында хабарласу­ға болатын сенім телефоны жұмыс жасайды. Кабинет түрлі ұлт­тар мен этностардың беделді, сыйлы өкілдерімен байланыс орнатып, олардың  өмірлік, кәсіби, жанұялық, кәсіпкерлік және т.б. тәжірибелерін жұмыс барысында қолданбақ. 

-Алдағы уақытта кабинет жанынан әр келген адам медиация туралы толық ақпарат, өзін қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес ала алатын, қажет  болса, медиаттық келісім жасайтын ақ­парат бұрышын құру жоспарлануда. Медиация туралы терең біл­гісі келетіндерге қысқаша курс өткізу мәселесін қарастыруға болады. Бұл медиацияның сапасы мен тиімділігін көтеруге мүмкін­дік береді, - дейді медиатор Талшын Италиева.

Отырыс барысында этномәде­ни бірлестік өкілдері  медиатор­ға сұрақтар қойып, ұсыныстарын ор­таға салған.

Өңірде әлеуметтіқ мақсаттағы түрлі нысандар ашылып жататыны белгілі. Соның ішінде сауда орталықтары мен дүкендер де аз емес. «Ақобадағы  жаңа  дүкен» (Ахмедияр Батырханов) деген ақпаратта Жәнібек ауданы Ақоба ауылында кәсіпкер Асқар Бисеновтің «Бірлік» атты жаңа азық-түлік дүкені ашылғаны айтылған.

Дүкеннің ашылу салтана­тына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин арнайы қатысқан. «Ашылғалы тұрған дүкеннің иесі, елдің азаматы Асқар Бисе­нов - шаруасын дөңгелентіп отыр­ған кәсіпкердің бірі. Енді ол ауыл тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етпек. Азамат­тың ел игілігі үшін атқарып жүрген ісі­не табыс тілеймін. Дүкен сөре­ле­рі әрқашан азық-түлікке толы бол­сын. Осындай игі бастамалар жал­ғасын тауып, қуанышты сәттер­де жүздесе берейік», - деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

«Жалғыздың үні шықпас» деген жақсы сөз бар. Бұл шаруа­ны жүзеге асыруда ел болып көмек көрсеттіңіздер. Әсіресе, құ­рылы­сына атсалысқан Елдос Шай­хи­сламовқа отбасымның атынан ри­зашылығымды білдіре­мін. Аға­йынның татулығы, елдің тұтасты­ғы бұзылмасын деген ниет­пен дү­кеннің атын «Бірлік» деп қой­дым. Осындай қуанышты сәт­ті жергі­лікті жұртпен бірге бөлісіп, ар­найы ке­ліп отырған аудан әкімі Наурыз­бай Қадырбайұлына ақ­о­ба­лық­­тар атынан алғысымды білдіремін», - деген дүкен иесі жаңа ісіне сәттілік тілеген ауылдастарына ықыласын да жеткізді.

Газетте Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы мүшесі болып сайлануына байланысты үнқосулар беріліп келеді. Солардың бірқатары «Сыртқы  саясаттағы  айтулы  жетістік» деген тақырыппен берілген.

Серік Сүлеймен,

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы мүшесі болып сайланды. Мұның Қазақстан тарихында жаңа кезең екендігі сөзсіз.

Қазақстан әлемге ең алдымен бірлігі бекіген, ынтымағы жарасқан, халқы бейбіт өмірді қалайтын, Президенттің сарабдал саясатының арқасында өркендеп келе жатқан жас мемлекет ретінде танылған. Еліміз орталық Азия аймағынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына енген тұңғыш мемлекет болып отыр. Лаңкестіктің күрт асқынуы, соның ішінде Ақтөбе қаласында орын алған қанқұйлы әрекет жағдайларында республикамыздың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше ретінде сайлануының маңызы зор. Ұйым­ға мүше бола отырып, Қазақстан жалпы адамзаттың, өркениетті қорғаушылардың, халықаралық қоғамдас­тық­тағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтушылардың алдыңғы қатарынан көрінбек.

Қазақстан халқы Көшбасшысымен бірге осы жоғары сенім үдесінен лайықты шығатынына және алдағы ке­зеңде де бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған салмақты, бейбітсүйгіш саясат ұстануды жал­ғастыратынына сенімдімін.

Ақсерік  Әйтімов, Қазақстан  инновациялық және  телекоммуникациялық жүйелер  университетінің  ректоры,  облыстық  қоғамдық  кеңестің хатшысы:

-Отанымыз - Қазақстанның келесі жыл­­дан бастап Азия мемлекеттері то­бының өкі­лі ретін­де Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне мүше бо­лып сайлануын Елбасының әлемдік саясат­тағы беделінің арқасы деп білеміз. Нью-Йорктегі дауыс беруге қатысқан мемлекеттердің 138-інің Қазақ­станды, 50-інің Тайланд корольдігін қолдауы біраз жайды аңғартады. Өйткені БҰҰ бірінші кезекте бейбітшілікті қолдайтын ұйым ретінде елдегі саяси тұрақты­лықты, бірлікті бағалайды. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан ядролық қару­дан бас тартып, ЕҚЫҰ-ға,  ШЫҰ-ға мүше және әлемнің осы бөлігіндегі қа­уіпсіздік­ті қамтамасыз ету үшін көптеген бастамалар көтер­гені мәлім. Биыл Елбасы АҚШ-та өткен төртінші антиядролық жаһандық саммиттегі манифесінде көптеген
мә­селелерді қозғады. Енді Қазақстанның Астананың туған күні қарсаңында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақ­ты емес мүшесі болып сайлануы  -  ертеңгі  тарих, келе­шек  ұрпақ  үшін  жасалған  үлкен  қадам.

Мұрат  Сабыр,

филология ғылымының докторы, профессор:

-Қазақ елінің Біріккен ұлттар ұйымы Қауіп­сіз­дік кеңесінің 2017-2018 жылдар­дағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануы бұл, шын мәнінде, сыртқы саясаттағы ай­тулы жетістігіміз, биік белесіміз. Әрі бұл - Отанымыздың һәм Елбасы­ның тұрақ­ты бейбітшіл сая­сатына халықаралық дә­реже-деңгейде көрсетілген зор құрмет. Қазақ­стан Республикасының ядролық қа­ру-жарақтан өз еркімен бас тартуы және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану жөніндегі жүйелі бастамалары, сөз жоқ, барша адамзат, бүкіл мемлекет атаулы тү­гел құптауға тиіс құбылыс.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде әлемнің ең асқынған мәселелері тал­қы­ланаты­­ны белгілі. Демек, біздің еліміздің басшылығы енді жер бетінде аш­тық пен ауру-сырқау індетін мүмкіндігінше азайтуға, соғыс өртін өшіруге, орын алған төтенше оқиғалардың зардабын мейлінше тез жоюға және ғаламшарымыздың экология­лық  ахуалын жақсартуға  барынша  тікелей  ат­салыса  алады.

Ендеше,  іске  сәт! 

Әсиям Үсенова, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің Орал қаласындағы филиалының жетекшісі:

-Көгілдір экраннан Қа­зақстанның Азия тобы мемле­кеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға уақытша мүшесі болып сайланғанын естіп, отбасымызбен қуандық. Қазақстан халқы ассамблеясы аясын­да қоғамдық келісім мен тұ­рақтылықты,  ұлттардың  достығын нығайту, жас тол­қын­ның санасына қазақстандық отансүйгіштікті сіңіру, еліміздің қарыштап дамуы жолында тер төгіп жүрген әріптесім де, өзге ұлттық-мәдени бірлестіктері­нің же­текшілері де ақжолтай хабарға мәре-сәре болысты.

Сыртқы әлеммен байланысы әлдеқашан орныққан, қарқынды даму жолына түскен Тайланд елінен мерейіміз асып түсті. Енді Қазақстан халықаралық өмірге әсерін тигізетін маңызды шешімдер қабылдайтын 15 елдің қатарына орнықты. Мұның өзі - мемлекетіміздің және Елбасымыздың халықаралық деңгейдегі салмақты беделінің, ядролық қарудан бас тартып, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ерен еңбегі­нің жемісі. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қа­зақстан дамудың даңғыл жолына түсті. Әлемді шар­пыған эко­номикалық дағдарыс жағдайында да еліміз аңырап қалмай, Мемлекет басшысының бастауымен нақты, жоспарлы әрі дұрыс шешім қабылдады.

«Ең бастысы - елімізде  тыныштық, бейбіт заман. Еліміз­де сан түрлі ұлт-ұлыс ынтымақта өмір сүруде. Оны Оралды мекен еткен біздің ұйғырлардың өмірінен бай­қауға болады. Қазір шаһарда 12 ұйғыр отбасы бақуатты тұрады. Бәрі де шама-шарқынша еңбек етіп, ұрпақ тәр­биелеуде. Алдағы уақытта еліміз барлық қиындықтар­ды жеңіп, Орта Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілік­ті сақтауда аянбай еңбектеніп, көрсетілген се­нім мен жа­уапкершілік үдесінен шығады деп  білемін», делінген топтама соңында.

Облыстық «Орал өңірі» газетінің 5 шілде күнгі саны «Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты» атты материалмен ашылған. Онда Мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының мемлекеттік Туды көтеру рәсімі аясында еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырғаны айтылған. Қазақстан Президентінің қолынан 12 түлек - Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери институтының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтының үздік бітірушілері шен алды.

Нұрсұлтан Назарбаев жинал­ғандарға ар­­наған сөзінде мем­лекет­тік Ту әрбір қазақстан­­дық үшін қасиетті құнды­лық болып саналатын ұлттық бір­лік ны­шаны екенін атап өткен.

-Бұл - тәуелсіздігінің 25 жыл­­дығын биыл тойлайтын елі­міз­­дің асқақ рәмізі. Біз еге­мен Қазақстанды осы көк Ту ас­тында бірге құрдық. Ширек ға­сыр ішінде қуатты мемлекет­тің іргесі берік ғимаратын бір­­лесіп салдық. Жа­қында ға­­на республикамыз БҰҰ Қа­уіп­­­сіз­дік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Әлем­дік қоғамдастық пла­не­та­­да­­ғы бейбітшілік пен қа­уіп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету ісіне ат­са­лы­су сынды биік миссияны Қа­зақ­станға сеніп тапсырды. Бұл -  еліміздің биік беде­лі мен та­быс­ты дамуының мо­йын­да­луы. БҰҰ Қауіпсіздік ке­ңе­сін­дегі жұмыс біздің Туымызды бұрынғыдан да танымал ете түседі, - деді Қазақстан Пре­зиденті.

Мемлекет басшысы рес­пуб­­ли­каның жоғары әскери оқу орын­дарының барлық тү­­лектерін құттықтап, қазақ­стан­дық патриотизм түрлі салада, соның ішінде ең алдымен Отанға қызмет етуде көрініс та­батынын айтты.

-Бүгін біз жоғары әскери оқу орындарының үздік тү­лек­теріне офицерлік шендер тап­сы­рамыз. Осы күндері мыңда­ған қазақстандық жас оқуын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басады. Сіздер өз жолдарыңызды елдің бас байрағының алдында, салтанатты жағдайда бас­тап отырсыздар. Бұл кездей­соқ­тық емес, өйткені сіздер қоғамда құрметке ие айрықша мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер бірнеше жылды жақ­сы білім алуға, жаңа машық­тар­ды игеруге, достық пен өз­ара көмектің құндылығын түсі­ну­ге арнадыңыздар. Енді осы­ның бәрін тәжірибеде қол­дану керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті мемлекеттік Ту көтеру рәсімі дәс­түр бойынша Астана күніне арналған іс-шаралардың бастауы болып саналатынына назар аударды.

-Биыл біз Астананың 18 жылдығын - кәмелеттік жасқа толуын атап өтеміз. Бұл - биіктер бағындырылған және сол биіктен жаңа перспективалар көрініп тұрған кез. Тәуелсіз­­дік тудырған Астана құлпыр­ған үстіне құлпырып, қарыштап өсу­де. Бұл қала елді бірікті­ріп, жаңа табыстарға жетелеп, көш басында келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев елорданың мил­лио­ныншы тұрғыны өмірге келгенін айтты.

-Бүгін ертеңгісін Мұха­ме­дияровтар отбасында Ас­та­на­ның миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін зор қуаныш­­пен хабарлаймын. Сәбидің анасы - балабақша тәрбиеші­сі, әкесі - электрмонтер. Ен­ді біздің елорда миллион тұрғыны бар қалалар қатары­на енді, - деді Қазақстан Президенті.

«Соңында Нұрсұлтан Назар­баев барша Қазақстан хал­қын ал­дағы Астана күнімен құттықтап, ырыс-ынтымақ пен бақ-береке тіледі», делінген www.akorda.kz сайтынан алынған материал соңында.  

«Құлашын  кеңге  сермеген» (Гүлбаршын Әжігереева) атты мақалада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес атқарып отырған жұмыстары сөз болған.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның БҚО бойынша аймақтық фи­лиа­­лы­ның құзыреттілікті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Асель Ар­нольд­тің айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі - па­йыз­дық мөл­шер­лемені субсидиялау. Егер де осы уақытқа дейін екінші деңгейдегі банктер (лик­видность) өтімділіктің жоқтығынан шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу жұмыстарын тоқтатқан болса, енді несие беру қайта жанданды. Кәсіпкер жылына 19% мөлшерлемемен несие алатын болса, мемлекет соның қалада 7%-ын, ауылдық жерлерде 10%-ын субсидиялайды. «Даму» қоры өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін банктер алдында 85 пайызға дейін кепілдікпен қамтамасыз етеді. Одан басқа биылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры облыс әкімдігімен бірлесіп 1 млрд. теңге қаржы бөлді. Бұл несие ЕДБ-лар арқылы 8,5 пайызбен негізгі құрал-жабдықты сатып алуға және жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Осы қаражаттың 60 пайызы аудандардағы кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге бағытталған. 

«Өндіріс қарқынын еселеген» деген тақырыпшамен берілген бөлікте «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» кәсіпорнының тыныс-тіршілігі айтылады. Бұл кәсіпорын пластикалық бұйымдар шығаратын зауыт негізінде құрылды. Зауытта металл жабын, жайма табақ, полиэтилен және полипропилен  құбырлары, гипсокартон жабыны, пластмассадан халық тұтынатын тауар түрлері өндірісі  жолға  қойылған.

2007 жылы компания өндірісті жаң­ғырту жұмыстарын бастады. Соның арқасында өндірістік аумақ көлемі төрт­тен жеті гектарға дейін ұлғайды. Құлашын кеңге жайған зауыттың өн­дірістік цехтарының саны бүгінде 12-ге жетті. Қазір зауытта су, газ, кәріз және телекоммуникация салаларына арналған диаметрі 20-дан 1600 мм-ға дейінгі полиэтилен тұрбаларын өн­ді­ретін алты желі орнатылған.  Бұл - Қа­зақстан  бойынша осындай үлкен көлемдегі диаметрлі полиэтилен тұр­ба­ларын шығаратын жалғыз кә­сіп­орын.

-Индустриалдандыру бағдарлама­сы дағдарысқа қарсы өнеркәсіпті қол­даудың таптырмас тетігі болды. Сонымен қатар өндірістің қысқаруының, жұмыссыздық деңгейінің өсуінің ал­дын алды. Үдемелі индустриалды-ин­новациялық даму бағдарламасының (ҮИИДБ) бірінші бесжылдығында  экономиканы әр тараптандыру және ға­ламдық экономикалық дағдарыстың салдарын жеңу бағытындағы үрдіс­тер басталды.  Төмен пайыздық мөлшер­лемемен несие алу мүмкіндігі өн­дірілетін өнімнің өзіндік құнын тө­мен­детуге жол ашады. Осы бағдарлама шеңберінде компания полиэтилен тұрбалары (диаметрі 630 және 1600 мм-лік) өндірісі бойынша екі инно­вациялық жобаны іске қосты. Мем­лекеттік қолдаудың соны үлгісі ретінде «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын айтар едім. Кә­сіпорынның өндірістік қуатының өсуі­-не орай және зауытты үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін осы жоба бойынша трансформаторлық қо­салқы стансаларды реконструкция­ладық. Өткен жылы компания металл жабын және жайма табақ өндіретін үш станок сатып алып, орнатты. Бұған 3 млрд. теңге шамасында инвести­ция жұмсалды.  Күні кеше ғана аймақ­тық үйлестіру кеңесі айналым қа­ра­жатын толықтыруға бағытталған не­сиенің пайыздық мөлшерлемесін суб­сидиялауды мақұлдады. Бұл деге­ні­ңіз - қазіргідей экономикалық қиын­шылық жағдайында өндіріс­шілерге жасалған қамқорлық әрі үлкен көмек, - деді кәсіпорын директоры Вале­рий Крылов «Даму» қорының аймақ­тық филиалы ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистерге бер­ген сұхбатында.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде бірінші ин­новациялық жоба іске қосылған 2010 жылдан бергі уақыт ішінде өндірі­летін өнім көлемі үш есеге өсті. Кә­сіпорын жоғары сапалы өнім шыға­ру­ды қамтамасыз ететін әлемге та­нымал еуропалық өндірісшілердің за­манауи құрал-жабдықтарымен жа­сақталған. Бүгінде зауытта  жылына 30 мың тонна полиэтилен өндіріледі. Мы­салға, өткен жылы 6 мың тоннаның үстінде шикізат өңделген. Компания­да 76 адам еңбек етуде.  Тек биылдың өзінде  жеті жаңа жұмыс орны ашылды.

Компания басшысының айтуынша, негізгі өнім өткізу нарығы - еліміздің батыс өңірі және Ресейдің іргелес Орын­бор, Самара облыстары. «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС  өңірдегі мамандар даярлау жұмысы­на да атсалысуда. Жәңгір хан атында­ғы БҚАТУ-мен арадағы келісімшарт­қа сәйкес жыл сайын ЖОО-ның 25 студенті кәсіпорынның өндірістік базасынан өндірістік тәжірибеден  өте­ді.

Ал «Дариянның суы бал...» атты бөлімінде Дариян ауылындағы құтыдағы ауыз су жә­не ал­когольсіз сусындар өндірісі өзек болған. Зеленов ауда­нының Дариян ауылындағы «Горбунов И.С.» жеке кәсіпкерлігі 2009 жылы құрылып, қо­салқы бөлшектерді өткізу бағытында жұмыс­танды. 2014 жылы кәсіпкер Сергей Горбунов кәсіпкерлігінің бағытын өзгертіп, алкогольсіз сусындар өндіретін шағын зауыт сатып алған. Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері жаңа кәсіп­орында болып, оның жұмысымен танысты.

Бұған дейін екінші деңгейдегі банктің бірінен  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде несие рәсімдеп, оның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізген болатын. Кәсіпкердің сатып алған құрал-жабдығы - ресейлік  және қытайлық өндірісшілердікі. 2015 жылы зауыт өндірістік үрдістерді бастап, өнім өткізу нарығын игеруге белсене кірісті. Қазіргі  уақытта кәсіпорын өз өнімдерін облыстың сауда орындарына өткізеді. Сонымен қатар ол өнім жеткізу жөнінде мекеме-ұйымдармен келісімшарттар жасауға дайын.

Бүгінде кәсіпорын «Вода Дарьинская» сауда белгісімен газ­далған және газдалмаған ауыз суды 0,5, 1, 1,5, 5 және 19 литрлік құтыларда және квас, тәтті газдалған сусындардың бірнеше түрін (шай, лимонад, ситро, тархун және өзгелері) шығаруда.  Зауыт ауысымына 5 мың жарты литрлік құтыдағы сусындарды өндіруге қауқарлы.

-Кәсіпорынның жеке ұңғымасы бар. Батысқазақстандықтар дарияндық судың ерекше дәмі мен сапасы барын жақсы біледі. Су механикалық тазалаудан өтеді. Сүзгілердің, белсендірілген көмірдің көмегімен зиянды қоспалардан тазалаймыз. Осылайша суды «жанды» қалпында сақтаймыз. Оның құрамында өңір тұр­ғындарына тапшы болып отырған йод, табиғаттың аса қажетті элементтерінің бірі - магний өзгеріссіз қалады. Айтқандай, магний адам ағзасына күйзеліске қарсы тұруға көмектеседі. Су са­пасы жыл сайын Алматыдағы гидрогеология институтында сынақтан өткізіліп тұрады. Техшарттар бойынша жұмыс істейтін кейбір компанияларға қарағанда біздің кәсіпорын суды құ­ты­лар­ға мемлекеттік стандартқа сәйкес құяды, - деді аталмыш  кәсіпкерліктің  директоры Сергей  Горбунов.

Кәсіпкердің айтуынша, сусындарды дайындау барысында қолданылатын барлық қоспалар табиғи шикізаттар негізінде әзірленген. Қоспалар, сыйымдылық, жапсырма қағаз Ресейден сатып алынуда.

-«Бизнестің жол картасы - 2020» сықылды мемлекеттік бағдарламалар - кәсіпкерлерге  үлкен демеу. Субсидиялау есе­бінен үнемделген қаржыны айналымға салуға, шикізат са­тып алуға, өндірісті жаңғыртуға жұмсауға болады, - дейді Сергей Горбунов.   Кәсіпорында 11 адам жұмыс істейді. Барлық жұмысшылар - жергілікті  тұрғындар. Кәсіпкер пластикалық құты дайындайтын (петформа) құрал-жабдық сатып алған. Енді өндіріс көлемін ұлғайтуға болатынын айтады. Сонымен қатар алдағы жылы жылыжай салып, онда жыл бойына көкөніс өсіргісі келеді.

«Жеделтоп  жұмысы  талқыланды» (Айша Өтебәлі) атты көлемді хабарда  облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіп­керлер құқығын қорғау бойынша кезекті кеңес отырысы өткені жеткізілген.

Жиынды жүргізген об­лыстық кәсіпкерлер па­латасының кә­сіп­кер­лер құқығын қорғау бойынша кеңес төрағасы Қайдар Қапанов жиналғандарды ең алдымен күн тәртібімен, содан соң кеңес құра­мының жаңа мүшелерімен таныстырса, содан кейін бірінші кезекте про­ку­ратура органдары жанынан құ­рылған кәсіпкерлер құқығын қор­ғау бойынша жедел топ қыз­мет­керлерінің 2015 және ағымдағы жылы атқарған жұмыстары тал­қыланды. 

-Прокуратура жанынан құрылған жеделтоптың міндеті - кәсіпкерлік  нысандарынан түскен арыз-шағым бойынша тез әрекет жасау, олардың құқықтарының бұзылмауына және жұмыстарының қалыпты жүруіне мүмкіндігінше көмектесу. Осы мақсатта өткен жылы жеделтоп өкілдері 45 шағымды қарап, оның 10-ын растады. Мысалы, қалалық прокуратура жанындағы жеделтоп қызметкерлері  «Уральскстройинвест» ЖШС-на қатысты заңсыз салық тексерісіне тосқауыл қойды. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын табиғи монополия субъектілері жүйесіне уақытында қоспаған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тарапынан жасалған заңбұзушылық та анықталып, нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты. Ағымдағы жылы жеделтоп қызметкерлері кәсіпкерлерге өкілет-ті тұлғалар тарапынан жасалған 15 құқықбұзушылық жағдаятын қарап, оның жетеуін орынды деп тапты. Мысалы, жеделтоп қыз-мет­керлерінің шұғыл әрекет жа­сауының нәтижесінде жеке кәсіп­кер  Нығметов әкімшілік жауап­кер­шілікке заңсыз тартылудан аман қалды. Сондай-ақ Жәнібек ауданының бір кәсіпкері жедел­­топ өкілдерінің жедел жұмыста­­нуы­ның нәтижесінде аудандық мемлекеттік кірістер басқарма­сы­ның қызметкерлері салған 16,6 млн. теңге айыппұлдың орнына бар болғаны 29 730 теңге айып­пұл төлеген. Бұл кәсіпкер үшін үлкен көмек болды. Сол секілді «Жайна» ЖШС-на жер телімін жалға беру мерзі­мін ұзартудан бас тартқан Теректі ауданы әкі­мінің орынбасары Л. Уәлиев пен аудандық жер қатынастары бө­лімінің жетекшісі Т. Нұрғалиев тәртіптік жауап­кершілікке тартыл­ды. Проку­ратура қызметкерле­рі­нің тыңғы­лықты жұмысының нә­тижесінде аталған серіктестік жер­­ді жалдау мерзімін 10 жылға ұзартып алды, - деген облыстық прокуратураның басқарма басшы­сы Жаннұр Ахметбек ветери­нария саласында орын алған заң­­­бұзушылыққа да тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылдан бастап күні бүгінге дейін Зе­ле­нов ауданының 69 мал өсіру­шісі ауру малдарын жойғаны үшін тө­ленуге тиісті  өтемақыларын әлі күн­ге дейін толық ала алмай отыр. Өтемақының жалпы көле­мі 16 млн. 817 мың 589 теңгені құрайды. Осы жағдайға байла­нысты прокуратура қызметкер­лері тиісті жұмыстарды жүргізу­де.

Жиында облыстық кәсіпкер­лік палатасының бөлім басшысы Мағрипа Нығышева кәсіпкерлер құқығын қорғайтын кеңесші ор­­ган­дардың жұмысы жайында баян­дады. Ол өңірлік үй­лестіру кеңесі мен облыс әкімдігі жанындағы «Жұмыспен қамту 2020 жол кар­тасы» мемлекеттік бағдарлама­сын жүзеге асыру бойынша ко­миссиялардың жұмысын ерекше атап өтті. Бөлім басшы­сының сөзінше, аталған комиссиялар­дың 20 отырысында 138 мәсе­ле қаралып, бірқатар мәселелер тиіс­ті шешімін тапты. Ол сондай-ақ палата қызметкерлерінің жер, сәу­лет және құрылыс, индустриал­ды-инновациялық даму, грант бөлу ісіне қатысты тағы да бір­қатар комиссиялардың құ­ра­мын­да болуы кәсіпкерліктің да­муы үшін үлкен маңызға ие екенін айтты.

«Қоғамдық қор қаржысы мақсатсыз жұмсалған...» (Серік Иқсанғали) атты материалда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңе­сінің кезекті оты­рысында жекелеген мемлекеттік қыз­меткерлердің ісі қа­рал­ғаны тілге тиек етілген. Басқосуды облыс­тық мемлекеттік қыз­мет істері департа­ментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мирболат Нұр­та­зин ашып, жүргізген.

Алғашқы мәселе «ҚР Мем­ле­кеттік қызмет іс­тері министрлігі­нің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі ке­ңес­­тің 14.06.2016 жылғы отыры­сын­да қабылданған шешімдердің орын­­­далуы туралы» кеңес хат­шы­лы­­ғының меңгерушісі Жақсат Мұ­ра­тов­тың хабарламасы тың­да­лып, мақұлданды.

Келесі мәселе «БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылғы 1 сәуірдегі шешімі бойынша ҚР-ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» за­ңының 50-бабының 1-тармағы 8-тармақшасында көрсетілген мем­­-
лекеттік қызметке кір келті­ріп, тәр­­тіптік теріс қылық жасаға­ны үшін 2016 жылғы 16 сәуір­де­гі Сы­­рым ауданы әкімінің №57 өкі­мі­мен Сырым аудандық сәу­лет, қа­­­ла құрылысы және құры­лыс бө­­­лі­­мі­нің басшысы Д. Жанкли­шев­­­ке «қызметіне толық сәй­кес еместігі туралы ескерту» тү­рін­де берілген
тәртіптік жазаны мер­зімінен бұ­рын алуға келісім сұрау тура­лы Сырым ауданы әкімінің 2016 жыл­ғы 24 маусымдағы №07-19/871 шы­ғыс хатын қа­­рау» жөніндегі де­пар­таменттің бас­қар­ма басшысы Ду­­ман Ерма­нов­тың хабарла­масы тыңдалды. Комис­сия мүшеле­рі­­нің бірауыз­дан қабыл­даған ше­­ші­мі бойынша Д. Жанклишев­тің тәр­тіптік жаза­сы алы­нып тасталынды.

Үшінші мәселе бойынша об­лыс­тық прокуратураның бірінші басқармасының прокуроры Серік Орынғалиев Жаңақала ау­­­­да­нындағы бір топ мемлекет­тік қызметкердің әдепке сай емес қы­лықтары туралы хабарла­ма жасады. Ол - әу-бастағы жар­ғы­сы­на сай мәдени және өзге ша­ра­­ларға жұмсалуға бағытталған «Қа­­мыссамар» қоғамдық қоры қаржы­сының мақсатсыз жұмсалғандығы. Қор­дың ісіне аудан әкімінің орын­­басары Д. Закарин, кәсіп­керлік бөлімнің басшысы Е. Меңдіхан, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шы­нық­тыру, спорт бөлімінің бас­шысы Б. Қарағойшин заң­сыз ара­­ласқан. Мәселені жіті тал­­­қы­ла­ған комиссия мүше­лері Жа­ңа­қа­ла аудандық про­­куроры­ның ұсы­­нысы бойын­ша жоғарыда атал­ған лауазымды тұлғаларға ҚР «Мем­лекеттік қыз­мет туралы» за­ңы­ның 50-бабының 1-тар­ма­ғы­­ның 1-тармақша­сын­да көзделген, мем­лекеттік қыз­метке кір кел­тір­ген
тәр­тіптік теріс қылық жасауға жол бергені үшін қызметтеріне то­лық сәй­кес еместігі жөніндегі ес­керту беру туралы шешім қабыл­дады. Отырыс соңында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлт­­тық бю­росының БҚО бойынша департаментінің Бөрлі аймағы ау­­дан­аралық басқармасының ұсы­нысы негізінде Бөрлі аудандық экономика және қаржы бөлімі­нің басшысы Г. Шамғоноваға, Успенов ауылдық округінің әкімі Г. Зайнуллинге, Приуральный ауылдық округінің әкімі Т. Райымқұловқа, Қа­рағанды ауылдық округінің әкі­мі Д. Ақмәмбетовке, Ақсай қала­­­­сының әкімі Ж. Ермұқановқа, Бөр­­лі ауылдық округінің әкімі В. Баш­товенкоға, Березов ауылдық ок­ругінің әкімі Ж. Хайруллинге қа­тысты тәртіптік іс қаралды. Олар атқарылмаған қызмет бо­йын­ша жа-сақталған актіге қол қойған. Соған орай істің мән-жайын анықтаған кеңес мүшелері Г. Шамғоновадан басқасына қыз­метіне сәйкес еместігі туралы ес­керту тәртіптік жазасын берді. Ал Г. Шамғонованың ісі келесіге қал­дырылды. Жаза алғандар туралы шешім Бөрлі ауданының әкімі­не ұсыныс  ретінде  жолданылады.

«Клара, саған кемпір болуға әлі ерте...» (Айша Өтебәлі) атты мақалаға өңірде басшылық қызметтер атқарған зейнеткер Клара Бақтығалиқызының өмір жолы өзек болған.

-Мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Өйткені мен бұл өмір­де нені арман етсем, соның бәрі­не қол жеткіздім, -  деп бастады бізбен әңгімесін кешегі белсенді комсомол, бүгінде әжелер ауылына дендеп енген Клара әжеміз.

-Мен бүгінгідей жетістікке, от­басылық бақытқа тек адал еңбек пен төзімділіктің арқасында ғана жеттім. Әкем Бақтығали Уәлиев өмір бойы партия қызметінде болды. Ол кісі  басшылық қызмет­те болғандықтан,  қызмет бабына қарай жиі қоныс аударып тұрдық және үйге қонақ көп келетін. Бұл менің мінезімнің ашық болуына, белсенді болуыма мықты ықпал етті. Қазталов ауданында дү­ние­ге келгеніммен, менің балалық ша­ғым Жаңақала ауданында өтті. 1954 жылы осы ауданның орта мектебін бітіріп, Алматыдағы зоо­ве­теринарлық институтқа оқуға түстім. Оны бітірген соң Фурма­-
нов аудандық комсомол комите­тінің хатшылығы қызметінде болдым. Кейінірек Алматыдағы зооветеринарлық институттың аспирантурасында білімімді жалғас­тырдым. Сол кездері «престижный» саналған ВЛКСМ Орталық ко­митетінің мектебінде, Орталық комитеттің жоғары партия мектебінде де оқыдым. Қысқасы, бү­кіл саналы ғұмырымды комсомол, партия қызметіне арнадым. Ол кездегі комсомол, партия қыз­меткерлерінің беделі қандай еді! - деген Клара Бақтығалиқызы  бар­ған сайын алыстап бара жатқан жас­тық шағын сағына еске алды.

-1962 жылы мен Орал об­лыстық комсомол комитетінің бі­рінші хатшысы қызметінде едім.  Сол жылы Мәскеудегі Сиездер сарайында өтетін 14-сиезге  облыстан жеті делегатты бастап алып бару маған жүктелді. Сиез жұ­мысы аяқталған соң ұйымдасты­рушылар қонақтарға Мәскеу қа­ласын аралатып, Кеңес Одағы­ның белгілі тұлғаларымен кездестірді. Ол кезде жеті қат көкке тұңғыш рет сапар шегіп,  адамзаттан ғарышқа алғаш жол салған Юрий Гагариннің  атағы жер жа­рып тұрған болатын. Сиез қатысушыларына сондай атақты кісі­лермен кездесу бақыты бұйыр­ды. Бір топ жалынды жас Гагарин­мен кездесіп, оның  қолынан ав­тограф алдық, ғарышкермен біргесуретке түстік. Айтпақшы, 14-сиез­ге Қазақстаннан барған делегат­тар арасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Ол кезде Нұрсұлтан Әбішұлының қандай қызметте болғаны есімде жоқ, әйтеуір, оның да белсенді комсомол, партия қызметкері ретінде сол сиезге қатысқаны анық, - де­ген Клара Бақтығалиқызы маған тұңғыш ғарышкермен және бола­шақ Мемлекет басшы­сымен бірге түскен суретін көрсетті.

-Бұл - менің Нұрсұлтан Назарбаевпен екінші рет кездесуім. Ол кісімен бұдан бұрын БЛКЖО Орталық комитетінің мекте­бінде, Орталық комитеттің жоғары партия мектебінде оқығанда кез­дескенмін. Сол кездің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының көшбас­шылық қабілеті көзге ұрып тұра­тын, сөзге шешен еді. Бұдан кейін Елбасымен тура 53 жылдан кейін, Оралға іссапармен келгенінде кез­дестім, - дейді Клара апа әң­гіме­сін  одан  әрі  жалғастырып.

-Елбасының алдында «Ару аналар» ансамблі өнер көрсетті. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы мені бір­ден танып, «Клара, саған кемпір болуға әлі ерте» деді. Үстімде камзол, басымда кимешек бол­ған соң, оған кәдімгі кинодағы кемпірлер секілді көрінген болуым керек. Қапелімде аузыма сөз түспей, күле беріппін. Бір кезде­гі белсенді, қолды-аяққа тұрмай­тын комсомол қызды Нұрсұлтан Әбішұлы  «кемпірлікке» қимады-ау деймін, шамасы, - дейді күліп Клара Бақтығалиқызы.

Клара апа өзінің ұлттық киім киіп, қазақы салт-дәстүрді наси­хат­тауға бет бұрғанын өмірлік жан жары болған Дабыл Саржанов­пен тығыз байланыстырады. 

-Мен Маңғыстау облысының келінімін. Партия қызметкерінің орысшалау тәрбиеленген қызына қазақы дәстүрді қатаң ұстанатын отбасына келін болу оңайға түскен жоқ. Оның үстіне енем өте қатал кісі болды, осы күні сол қаталдығы үшін оған риза бола­мын. Өйткені сол кісінің нұс­қа­уы­мен, тіпті әмірімен деп те ай­туға болады, мен қазақтың салт-дәс­түрінің  барлығын, оның ішінде келіннің міндеті бар, тамақты қа­лай пісіру, артық азық-түлікті сақтау, туған-туыспен қарым-қа­ты­нас жасау, алыс-беріс мәселесі, бәрін-бәрін  үйрендім. Біздің үй­дегі отағасының да мінезі ауыр болды. Үйдің тазалығын, қонақ қарсылауды, олармен қалай сөй­лесу керек, бәрін-бәрін назарын­да ұстап, маған қатаң талап қо­йып отыратын. Өзім комсомол қыз­метінде болғандықтан, мен, әрине, ешкімнен сөз сұрамаймын, бірақ ол маған жұртпен «комсомолша» емес, кәдімгі адамдарша қарым-қатынас жасауды талап ететін. Өзім 27 жасқа келіп, тұрмыс құ­-
рып едім. Әкемнің үйінде жүр­ген­де оқу, жұмыс, карьера деп көп нәрсеге назар аудармаппын. Сөйтсем, отбасын құрып, бала-шағалы болу, біреудің жұбайы, келіні болу дегеннің өзі де үлкен бір өнер  екен ғой.  Өз дегенін жа­сайтын, өр мінезді күйеуім қан­дай қатал болса да, мен оны шын жүрегіммен жақсы көрдім, содан да шығар, оның айтқанын бұл­жытпай орындап, жақсы келін болуға тырыстым.  Күйеу баласын менің әкем де жақсы көріп, құр­­мет тұтты. Дабыл екеуміз үйге кі­ріп келгенде, «Менің «Айқай Ада­йым» келіп қапты ғой» деп бі­рінші Дабылды құшақтайтын. Еке­уі бір-бірін қатты сыйлап өтті. Ме­ніңше, нағыз ер-азамат менің Дабылымдай болуы керек. Өз әке-шешемнен оқуды, елге қызмет ету­­ді үйренсем, қайын жұртым маған тума-туыс, ағайынмен қалай қарым-қатынас жасауды, бала тәр­биесін үйретті. Екі жақтың қам­қорлығының арқасында осы күн­ге жеттім, - дейді Клара Бақтығалиқызы.

«Жаратылысынан қуатты жан жасы сексенге келсе де, сол баяғы комсомол күніндегідей халыққа қыз­мет етуін әлі күнге дейін жалғас­тыруда. Ол жетекшілік ететін «Ару аналар» ансамблі бүгінде облыс көлеміндегі барлық шараларға қатысып, халық шығармашылы­ғын белсенді насихаттауда. Достықты пен ынтымақтастықты,  тату­лықты насихаттап жүрген Клара баста­ған әжелер тобының жұмы­сы өзгелерге  үлгі  болғандай-ақ», деген сөздермен мақала тартымды.

«Ұлы дала ұрпағына үлгі болар іс көп» (Тілес Жазықбай) атты мақалада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай орнықты ойлар келтірілген.

Мақала «Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл. Осы уақыт ішінде Қазақстан өзін әлемге дербес мемлекет ретінде танытып, экономикасы мен әлеуметтік әлеуеті бәсекеге барынша қабілетті елдердің көшіне енді. Оған  Елбасы көп еңбек сіңіргені аян», деп басталған.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ды «Ұлы дала еліне» айналдыруда
көп тер төгіп жүр. «Ұлы дала елі» дегенді елдің намысын ту ету,  қа­зақ­тың тарихына табындыру, таби­ғаты­на тамсандыру деп білемін. Яғни ұлан-ғайыр даланың ұлы­лығы аң­қыған, жер киесін ұстанған хал­қымыздың әлемдік көкжиекті көк­сеген көрегендігінен туған ой, кө­кірегінен шыққан көрікті сөз.

Міне, осындай ұлы мақсаттар іске аса бастағанда елімізді көре­ алмаушылар іштен де, сырттан да шығуда. Өткен жылдардағы Жаңаөзендегі, Атыраудағы, күні кеше Ақтөбедегі оқиғалар - соның ай­ғағы. Өзекті өртейтіні, жазықсыз адамдар қазаға ұшырады. Құқық қорғау орындары террористерді
ұстады. Оларға қарсы жедел шаралар әлі жалғасуда. Енді жас ұр­паққа бұл бағытта тиісті тәрбие беру шараларын қолға алуымыз керек.

Мұндай шаралардың қазірдің өзін­де ауыл-аймақта жүзеге асып жатқа­нын көріп риза болдық. Мә­селен, Ақтөбе оқиғасынан кейін аудан орталығы Чапаевқа іргелес Жайық ауылындағы негізгі мектепке бар­ған едім. Ойым мектеп жанында­ғы «Батыр» жазғы дема­лыс ла­герінің жайымен, тәр­бие жұмыстарымен танысу бо­латын. Мек­теп директоры Мерует Ерментае­ва жазғы де­малыс­тағы оқушылар­дың ортасы­на алып барды. Онда «Жаужү­рек
мың бала» ат­ты тәр­бие сағатына қатыстық. Режиссер Ақан Сатаев түсірген осы көр­кем фильм, XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ хал­қы­ның жоң­ғар шапқыншылығы­на қарсы бі­рігіп, күрескен қиын-қыс­тау шақ­тары туралы тәрбиеші Жанар Қа­натқызы әсерлі баяндап берді. Шара барысында осындағы басты кейіпкер Сартай батырдың ерлік істері, көзсіз батырлығы, тап­қырлығы жан-жақты әңгіме бол­ды. Оның достарының да жаужү­ректігі, талай тап келген қиын­дық­тарда бірігіп жол тапқандары, ақылдасып жаудан айласын асыр­ғандықтары көрнекілікпен баян­­дал­ды. Тәрбие сағатының қоры­тындысында мектеп басшысы Мерует Сатқанқызы сол Сартай жасағының ерліктерін үлгі ете отырып, Ақтөбедегі оқиғаларға тоқталды. Фильмдегі Сартай, Тай­мас, Зере сияқты батыл жүректі жандардың ерлік істерін, Ақтөбе­дегі террористердің қолынан ер­лікпен қаза тапқандардың, соның ішінде жерлесіміз Берікжан Қа­лиев­тың Отанға адалдығын үлгі ет­ті. Сөйтіп, «Бүгінгі күннің батырлары» айдары бойынша қосымша әңгіме өрбіді. «Ерлікті кім жасау керек? Ерлік қалай туады? Тә­уелсіз ел­дің бүгінгі батыр ұрпағы кім?»
деген сұрақтарға жинал­ғандар өз ой­ларын айтты. Сондай-ақ елімізде қас­көй­лік, теріс пи­ғылды жан­дар, ді­ни экстре­мизммен ауызданғандардың істеген айуандық іс­тері жә­не мұндай жат қы­лықтан сақтану, оған
қарсы күресу бүгінгі ұрпақтың басты борышы екені  әңгімеленді. Осындай қиын шақта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халық­­қа қол­дау көрсетуі, жанұяларға түс­кен қиыншылықты бөлісуі де үл­кен адамгершіліктің, ағалық қамқорлықтың жарқын мысалы еді. Президент тапсырмасына орай об­лыс әкімі Алтай Көлгінов Берікжан Қалиевтың жанұясына үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Осылайша ерлікті көрдік, ерліктің бағаланғанын көрдік. Бұл - Отанды сүюдің, оны құрмет тұтудың үлгісі.

Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу­де мемлекеттік рә­міздердің де орны бөлек. Қай-қай ел де ерекше Елтаңба, жігерлі Әнұран, тұғырлы Туымен айбатты болары ақиқат. Жас ұрпақ осы үш құндылықты биік бағалағаны дұрыс. Лагерь жұмысымен танысу барысында «Мемлекеттік рәміз­дер - Тәуелсіздіктің белгісі» атты айдарлы шараның да куәсі бол­дық. Мұнда да мемлекеттің ай­­рық­ша белгілерін құрметтеу бағы­тын­да төрде тұрған Ту, Елтаңба, Әнұран жөнінде жан-жақты түсі­нік берілді. Олардың авторла­рының фотосуреттері көрсетілді, Әнұран шырқалды. Әнұранды айтқанда оң қолды жүрек тұсына қоюда да мән бар. Ол «жүрегім еліммен бірге» дегенді білдіреді.

Демек, «еліммен мәң­гі біргемін» деген асқақтық әрда­йым санаңда болғаны ләзім.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­дары осы рәміздердің үлгісіне конкурс жарияланғаны белгілі. Түр-түсін, көлемін, кескін-бедерін айқындай отырып, әр таңбаның ұлттық салт-санамен үйлесім табуына ден қойды. Қазақ даласының тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық таным-түсінігі, жері, табиғаты, бәрі-бәрі осы үш құндылықтың көтерер жүгі тарихта қалар үлкен әріппен жазылған ғасырлық міндеті еді. Бұл сында да Мемлекет басшысы үлкен көрегендік танытты. Бар­шамыздың ойымыздан шыққан ұлттық бояуымыздың қанық келбетін көрсетер елдік белгілер осылайша өмірімізге енді, ұлттық рухымызға айналды.

«Жоғарыда айтып өткен іргелі істер Ұлы даланың ұрпақтарына Отанды сүюді, тәуелсіздігімізді баянды етер істерге ұйытқы болу­ды үйретері анық», делінген мақала соңында.

«Экономика  мен  әлеуметтік  мәселелерге баса мән беріледі» (Сәкен Әбілхалықов) атты мақалада облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында биылғы жар­тыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2020 жылға дейінгі облыс дамуының негізгі ба­ғыт­тары жөнінде есеп бергені арқау болған.

Қазақстанның «ба­тыс қақпасы» сана­латын аймағымыздың республи­кадағы орны ерекше. Қазіргі ке­зеңдегі әлемдік өзгерістерді ескеріп, облыс дамуының басым ба­ғыттарын анықтау қажет. Яғни өңірдің инвестицияларға қолай­лы, аймақаралық әріптестікке ың­ғайлы дамуының негізгі салаларына көңіл бөлінеді.

-Мемлекет басшысы индус­триаландыру бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдықта­ғы жүзеге асырылу қорытынды­ларына арналған кеңесте «Біз­дің қызметіміздің басты мақсаты - халықты лайықты табыс деңгейі­мен қамтамасыз ете алатын же­місті түрдегі жұмыспен қамту ісі» деп айрықша атап өтті. Бұл мақ­сатқа біз жаңа сапалы жұмыс орын­дарын ашу, қолайлы еңбекке жағдай жасау, әрбір жұмысшы­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау арқылы жете аламыз.

Алдын ала мәлімет бойынша биылғы жартыжылдықтағы өн­ді­рістік өнімнің көлемі өткен жыл­ғы тиісті кезеңнен 5,6 пайызға төмен болып, 534 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіштің төмендеуіне жаһандық экономикалық жағ­дай әсер етті, яғни табиғи газ өн­діру 13,4, газ конденсаты  13,6, мұ­най 2,4 пайызға төмендеді. Ал өң­деу өнеркәсібінде 13,2 пайызға өсім бар. Ол мұнай, металлургия, химия, құрылыс материалдары мен машина жасау салаларында­ғы өндіріс көлемінің артуына бай­ланысты. Аудандар арасында өсім көрсеткішін облыс орталы­ғы (70%), Бөрлі, Зеленов және Теректі аудандары (26%) қамтама­сыз етуде. Негізгі капиталға 126,1 млрд. теңге инвестиция тартыл­ды, бұл өткен жылдың салыстыр­малы кезеңінен 38,6%-ға көп. Шағын және орта бизнестің де қосып отырған үлесі зор. Мұнда қазір 105 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған 46 мың субъект тіркелген. Жұ­мыс­сыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 2 мың­нан астам жұмыс орны ашылып, 3 мыңнан артық жан жұмысқа тұр­ды. Үдемелі индустриалды-ин­но­вациялық даму, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қам­ту - 2020», «Нұрлы жол» сынды мемлекеттік бағдарламалардың жү­зеге асуы өңірдің дамуына үл­кен демеу болуда. Мәселен, бір ға­на индустриаландыру картасы аясында облыста жалпы сомасы 330 млрд. теңгені құрайтын, 2300 жұмыс орнын ашуды көздейтін 42 жоба іске асуда. «Жұмыспен қам­ту 2020 жол картасы» шеңбе­рін­де тұрғындар 920 млн. теңге көлемінде шағын несие алды, - деді Алтай Сейдірұлы.

Одан кейін облыс басшысы бү­гінгі жағдайға талдау жасай отырып, өңірдің алдағы даму бары­сына кеңінен тоқталды. Әкімнің сөзіне қарағанда, қазіргідей мұ­най бағасы төмендеген уақытта экономиканың өсім қалыптасты­ратын жаңа жолдар іздеу керек. Соған орай облыстың  әле­уетін ес­кере отырып, эко­номиканың түр­лі саласының да­му, өңірдің бә­секеге қабілетті­лі­гін арттыру үшін мұнай химиясы са­ласындағы ма­шина жасау, агро­өнеркәсіп ке­шені, кеме индус­триясы, шағын және орта бизнес, көлік-логис­тика салаларына ба­сымдық бе­рілетін болады. Бұған облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы  да  оң  ықпал  етпек.

Машина жасау саласының дамуына об­лыс аумағында Қарашығанақ, Шы­нар­ (Чинарев) кеніштерінің ор­наласуы, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы, «Зенит» за­уы­ты, «КазАрмапром», «Оралагро­рем­маш», «Орал трасформатор зауыты», «Ги­дроприбор», «Орал ме­ханика­лық зауыты» сынды өндіріс орын­дарының жұмыс істеуі толық мүмкіндік береді. Осы жерде айта ке­ту керек, өңіріміз Атырау, Маң­ғыстау облыстарымен бірге Ұлт­тық деңгейдегі мұнай кластері­не кіруі де оң ықпалын тигізбек.

Келесі басым бағыттың бірі - экспортқа бағытталған агро­өн­дірістік кешен. Батыс Қазақстан облысы - агроиндустриалды өңір. Аталған сала бойынша сапалы өнімдер шығаруға барлық мүм­кін­дігіміз бар. Қазір біз, өкініш­ке орай, ауыл шаруашылығы өнім­де­рінің көп бөлігін импорттап келеміз. Оның көлемі бүгінде 40%-ды құрайды. Сондықтан бі­рінші кезекте алдымызда тұрған міндет - импорттың орнын алмастыру. Өңірімізде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жеміс-жи­дек, көкөністерді өңдеудің түрлі
мүмкіндіктері бар. Екінші кезе­ңінде өнімдерді экспорттауға бағытталу қажет. Бұл жерде кластер құрудағы бағыттар бойынша өнімнің шығынын барынша азайту жағын ойластыру керек. Биыл көктемгі егіс жұмыстары уақты­лы жүргізілді. Ауыл шаруашы­лы­ғы мақсатында пайдаланылған жердің көлемі ағымдағы жылы 464 мың гектарды құрады. Соңғы кездегі ауа райы мен климаттық жағдай егістік жұмыстарына кері әсерін тигізіп отыр. Әрине, біз кли­­матты өзгерте алмаспыз, бірақ қандай ауа райы болмасын, оған бейімделе білуіміз керек. Алдымен егін шаруашылығындағы басым бағыттарды айқындап алу, содан кейін біртіндеп ылғалдан­дыру технологияларын, астық­тың жаңа сорттарын пайдалануды, тамшылатып суаруды ендіре отырып, климатымызға бейімде­луіміз қажет. Сонымен қатар біз­ге тиісті инфрақұрылымды дамы­тып, жерді суландыру жүйесін құру қажет.  Сол себепті алдағы уа­қытта егістікті әртараптанды­ру, яғ­ни күздік бидай мен майлы дәнді-дақылдардың үлесін кө­бейту жұмыстары жалғасады. Мал шаруашылығының қажеттілігі үшін жем-шөп өнімдерінің көле­мі де ұлғаятын болады.  Егін шаруа­шы­лығындағы алқаптардың көлемін алдағы уақытта 617 мың гектар­ға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Халықты қысқы мерзімде көкө­ніспен қамтамасыз етуде аса ма­ңызды жылыжайлар мен көкөніс сақтайтын қоймалар салу бойын­ша жобаларды іске асыру жал­ғасады, - деген облыс басшысы құрылыс индустриясы, шағын және орта кә­сіпкерлік, көлік-логистикалық жүйе салаларын және облыс ор­та­лығын дамыту, инвестиция мен халықаралық бай­ланысты жетілдіру бағытын­да­ғы   іс-шараларға  да  тоқталды.

Алдағы уақытта экономика­лық ахуалды оңалтумен қатар әлеу­­меттік мәселелерге де жете мән берілетін болады. Соның бірі - білім беру саласы. Қазіргі уақыт­та әкімдік мектептердің замана­уи интерактивті құрал-жабдықпен қамтылуына баса назар аударып отыр. «BilimMediaGroup» компаниясымен бірлесіп ағым­да­ғы жылдың 1 қыркүйегінде өңір­де­гі 100 мектептің электронды оқу жүйесі енуіне мүмкіндік туғызыл­мақ. Аталмыш жүйеге қосы­латын мектептер саны жыл өткен са­йын көбейе бермекші. Бұл жү­йе заман талабы әрі оның пайдасы көп. Мәселен, мектептерде лабораториялық жұмыстар жүр­гізу үшін арнайы класс керек, кей­де қаражатқа байланысты бі­лім ұяларында ол бола бермей­ді. Ал сандық электронды лабо­раторияның мүмкіндігі бөлек әрі қолжетімді. Ол баланың ғылыми ұғымдар мен құбылыстарды түсі­нуіне көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, интерактивті сабақтар баланың жаңа талапқа сай білім алуына көмектеседі. Ендігі мәселе мұғалімде, яғни бүгінгі күннің баласының, нақтылап айтқанда, «сандық дәуірдің перзентінің» сұ­раныстарына сай мұғалім бо­лу керек. Қазір «ҚПО б.в.» ком­паниясының әлеуметтік инвестициясы аясында Бөрлі ауданында балабақша, Орал қаласында жастар мен оқушылар сарайы, Ақсай қаласы мен Аралтал ауылдарында үйлер, Ақсайда дене шы­­нықтыру-сауықтыру кешені салы­нуда. Орал қаласында көпбе­йінді аурухананың құрылысы аяқ­­тал­ды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1500 жұмыс орнын ашу мақсатында «Жұмыс­пен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қо­сымша 2 млрд. теңгеден астам қар­жы бөлінуде. Биылғы екінші жар­ты­жылдықта 177 нысан жаңар­мақ­шы. Сонымен бірге 76 әлеумет­тік нысанды жөндеп, абаттанды­ру көзделуде, оның 38-і - білім, 19-ы - мәдениет, 11-і - әлеуметтік қамту, 8-і - спорт нысаны.

«Баяндамамда алдағы уақыт­тағы облыс дамуының негізгі бағыттарын атап өттім. Әрине, уа­қыт өте келе бағдарларымыз­дың жүзеге асыру тәсілдерін және механизмдерін жетілдіріп оты­рамыз. Атқарылатын бұл жұ­мыс­тар мемлекеттік органдар­дың, коммуналдық ұйымдардың, әр түрлі деңгейдегі депутаттардың, қоғамдық кеңес мүшелері­нің жә­не облысымызға жаны ашитын барша азаматтың ортақ еңбегі арқылы жүзеге асады. Сол се­бепті бәріміз бірігіп, алдағы мақ­сат-міндеттерді ойдағыдай орын­­даймыз деп сенемін», - деген сөзін қорытындылаған Алтай Көлгінов. 

Газеттің 9 шілде күнгі нөмірінің 1-бетінде «72 отбасы баспаналы болды» (Айым Сүндет) деген ақпарат суретімен, жақсы берілген. Астана күніне орай«Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй»  жобасы аясында Орал қаласының тұрғындарына Зашаған кентінен 72 пә­тердің кілті табыс етілді. Салтанатты ша­раға облыс әкімі Алтай Көлгінов және осы ғимаратты салған «СКФ Отдел­строй» ЖШС директоры Валентина Михно қатысты.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде бұл маңызды оқиғаның Астана күні­мен және Ораза айтымен сәйкес келгендігін атап, ізгі ниетін біл­дірді. 

-Елбасымыз халықты тұрғын үймен қамту мақсатындағы талапты күшейтті. «Нұрлы жол» бағ­дарламасы біздің облысымызда да қарқынды жүзеге асып жатыр. Бұл орайда жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама аясында 14 көпқабатты үй, яғни 1500-ден астам пәтер қолданысқа берілмек. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайына байланысты кезекте тұрған отбасыларға ұсынылады. Қалған бөлігі «Тұрғын үй жинақ банкі» салымшылары­на беріледі. Соның ішінде бір то­ғыз қабатты үй Ақсай қаласының тұрғындарына арнап салынуда, - деді Алтай Сейдірұлы.

«Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» салу жобасы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламалары шеңбе­рінде  жүзеге асырылып келеді. Орал шаһарында бұл бағыттағы жұмыстардың жүруіне қала әкім­дігі белсене атсалысуда.

-Бағдарлама отбасымыз үшін қолжетімді болды. Екі бөлмелі пә­теріміз  63 шаршы метрді құ­рай­ды. Оның толық бағасы 6 млн. 300 мың теңгеге шықты. Бұл қаржының 50 пайызын үш жыл алты ай дегенде жинадық. Осыған дейін пә­тер жалдап тұратынбыз. Ұлымыз Еркеш төрт, ал қызымыз Әлима үш жаста. Өзім Орал магистралды газ құбырлар басқармасына қарасты «Интергаз Орталық Азия»АҚ-да инженер болып қызмет етемін. Келіншегім - Жәңгір хан атын­дағы БҚАТУ-дың политехни­калық факультетінде энергетика кафедрасының аға оқытушысы, - дейді жаңа пәтерге ие болған Гайдар Серіков.

Соңғы жылдары елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып келе жатқаны аян. «Биғалиевтер отбасы Астанаға барады» (Гүлжамал Кенжеғалиева) атты материалдан белгілі болғанындай, облыстық қазақ драма театрында "Мерейлі отбасы - 2016" ұлттық байқауы өңірлік кезеңінің жеңімпаз-жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталған.

Отбасындағы өнегелі құнды­лық­тарды насихаттау арқылы жанұя мәртебесін арттырып, үлгілі отбасыларды халыққа таныстыруды мақсат еткен байқауға аудан-ауыл мен қаладан бірнеше отбасы қатысып, бақ сынады. Салтанатты кешке облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы келді. «Біз үлкенге  құрмет, кішіге ізет көрсететін елміз.  «Отан  отбасынан басталады» демекші, отбасылық құндылықтарды нығайту мақса­тында өткен байқауға алыс-жақыннан келіп, әр түрлі марапат иесі атанып жатқан отбасыларды шын жүректен  құттықтаймын. Елбасы­мыздың алға қойған негізгі мақ­саттарының бірі - елдің әл-ауқатын жақсарту. Әр отбасы мемлекеттің қолдауын сезінуі керек. Осы мақ­сатта елордамыз Астана күні қарсаңында Бөрлі ауданында ба­лабақша ашып, 140 отбасын қуант­сақ, облыс орталығында 9 қабатты 72 пәтерлі үйдің кілтін табыстап, 72 отбасыға тағы қуаныш сыйла­­дық. Қоғамдағы отбасының мән-ма­ңызы жо­ғары. Сондықтан отбасылық құн­дылықтарымыз нығая бер­сін!» - деп сөзін сабақтаған облыс басшысы мерейі үстем болған от­басылар­ды құттықтап, барша жан­ұяға шынайы бақыт тіледі.

Орал қаласы және аудандарда іріктеу айналымдарынан өткен үлгілі отбасылар «Еліне еңбегі сіңген отбасы», «Ұлттық дәстүрді ардақ­таған отбасы», «Шеберлік сырын ұққан отбасы» сықылды түрлі аталымдармен марапатталды. «Көп балалы отбасы» аталымымен ма­рапатталған сырымдық Италиев­тер отбасында бес қыз, үш ұл, олар­дан тараған 17 немере, төрт  шө­бере бар. Дәл осындай марапат­қа ие болған сырымдық Қыдыр­ғалиевтер жанұясында төрт қыз, екі ұл, олардан тараған 42 немере мен бір шөбере өсіп келеді.

Отбасы құндылығын дәріптеген байқауға қатысқан жанұялардың осалы жоқ. Әрқайсысы ұл-қыз өсі­ріп,  отбасы бірлігі мен ынтымағын сақтай отырып, қоғамға да өз үле­сін қосып жүрген жандар. Сахнаға үрім-бұтағымен көтеріліп, сыйқұрметке ие болған отбасылар жанұя жарасымын паш етті. Әсі­ресе, кішкентай сәбилерін көте­ріп шыққан аналар көрермен ықыла­сына бөленді.  Отбасылық құнды­лықтарды дәріптеген байқау қо­рытындысында үшінші орынды қаратөбелік Қауеновтер отбасы, екінші орынды Орал қаласынан Жұбаниязовтар отбасы иеленді.

Ал «Мерейлі отбасы - 2016» ұлттық байқауынан бірінші орын Қазталов ауданынан қатысқан Биғалиевтер отбасына бұйырды. Байқаудың жеңімпаз отбасыларын арнайы құттықтаған облыс әкімі Алтай Көлгінов Биғалиевтер отбасына отандық шипажайға жолдаманы табыс етті.

Биғалиевтер отбасы - өнер мен кәсіпкерлікті ұштастырып жүрген жанұя. Отағасы Марат пен отана­сы Нұржамал үш ұл, үш қыз өсір­ген. Өнегелі отбасы өнермен қоса, шаруа қожалығын бірге алып ке­леді. Биғалиевтер отбасы - облы­сымыздағы отбасылық ансамбль­дердің бірі. 1986 жылы құрылған ансамбль 2016 жылы халықтық ансамбль деген атқа ие болды.  Сүттей ұйыған татулық пен адал еңбектің арқасында алға өрлеп келе жатқан отбасы мұқтаж жандарға қолұшын беріп, қайырымдылықпен айна­лы­сады.

Байқаудың жеңімпазы атанған Биғалиевтер отбасы қыркүйек айында елордамыз Астана қала­сында өтетін «Мерейлі отбасы -2016» байқауының гранд-фина­лында өңір атынан сынға түс­пек.

Елімізде өтіп жататын республикалық және халықаралық ақындар айтысына батысқазақстандықтар да ұдайы қатысып, жүлде алып жатады. Бұл жолы «Жайық Пресс» ЖШС Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің тілшісі Бауыржан Ширмединұлы елордамыз Астанада өткен «Жүйелі сөз» атты ақындар айтысының бас жүлдесін иеленіп, үлкен олжамен оралды. Бұл туралы «Бас жүлде Бауыржанда!» (Гүлжамал Жолдығали) атты  көлемді ақпаратта баян етілген.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен Астана күніне арналған «Мыңжылдықтар тоғы­сындағы Астана» көшпенділер өркениеті фестивалі аясында ұйым­дастырылған айтысқа 16 ақын қатысқан.

Айтыстың бірінші күні Бауыр­жан Ширмединұлы  ақтөбелік Ма­рат Ахметовпен,  финалда аста­на­лық Аяулым Жұмабекқызымен сөз сайыстырып, басым түседі. Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы тағы бір айналым жасап, Бауыржанды ақтөбелік Ершат Қайболдинмен айтыстырады. Үш айналымда да қарсыластарынан оза шапқан Бауыржан ең жо­ға­ры ұпай жинап, айтыстың бас жүл­десін алып, 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.  Өзін қаумалап күтіп алған жұртшы­лыққа ризашылығын білдірген жас ақын бірнеше рет талпынып, қол жеткізген жеңісінің оңайлық­пен келмегенін айтады.

-Жыл сайын тұрақты түрде өтетін айтысты бұл жолы «Ел» продюсерлік орталығы ұйымдас­тырды. Бұл бір менің ғана жетіс­тігім емес. Айтысқа жоғары дең­гейде  дайындалуыма үлес қосып, бағыт-бағдар берген, айтыстың әліппесін үйреткен айтыскер ақын  Бауыржан Халиоллаға айтар алғысым шексіз. Айтыс дода­сында көптеген әлеуметтік мәсе­лелер көтерілді. Мен де өз кезегімде ауылдың, елдің жағдайын, көпшілікті алаң көңіл қылған жер мәселесін тілге тиек еттім.  Сондай-ақ тілеуімді тілеп, шығарып салып, қаумалап күтіп алып жат­қан әріптестерім - «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұжымы мен Сырым елінің жұртшылығына ри­зашылығымды білдіремін, - дей­ді жас ақын.

«Жеңімпаз жас ақын, әріптесі­міз, "Сырым елі" газетінің тілшісі Бауыржан Ширмединұлын құт­тықтау легі «Жайық Пресс»  медиа­-холдингінің баспасөз залында жалғасты. Іргелі ұжым ал­дында айтыстың аламан бәйге­сіне қосылған жас ақынның әр қада­мы­на тек сәттілік тілеген «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин Бауыржанға белгілі ақын-жазу­шы­ларымыздың кітаптарымен қо­са, ақшалай сый­ақы табыс етті.  Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асыланбек Сарқұлов, «Сырым елі»  газетінің редакторы Махмет Қажиахметов жас ақынға «Өнер жолында толағай табыстарға же­тіп, тіл-көзден аман болсын!» де­ген  ақжарма тілектерін жолдады.  Ақ тілектер ақтарылған әдемі отырыс соңын­да өнер жанашырлары айтыс додасында бас жүлде алған жас ақынмен естелік суретке түсті», делінген хабар соңында.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Астана күні мерекесі аясында Еуропа мен Азияны жалғап жатқан  еліміздің батыс қақпасы саналатын Орал қаласында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы бас кеңсесі ашылды. Бұл туралы «ҚПО»  жаңа  кеңсеге  көшті» (Нұрбек Оразаев)деген хабардан оқуға болады.

Ғимаратты пайдалануға беру рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысып, компания қызметкерлерін құттықтаған.

-Күні кеше ғана осы ғимарат­тың тозығы жетіп, қала көшесінің сәнін бұзып тұрған болатын. Мінекей, инвесторларды тартудың нәтижесінде қаламыз тағы бір әсем ғимаратпен толықты. Бұл бас кеңсе аймақтың әлеуметтік экономикалық даму жолында жергілікті басқару органдарымен ты­ғыз қарым-қатынас орната отырып, ел игілігі үшін дұрыс әрі нә­тижелі шешімдер қабылдауға мүм­кіндік беретін болады, - деді об­лыс әкімі Алтай Көлгінов.

Компанияның төрт қабаттан тұ­ратын жаңа ғимаратының жалпы аумағы 3800 шаршы метрді құ­райды. Әр бөлме заманауи құ­рал-жабдықтармен толықтай қам­тылған.

-Өздеріңізге белгілі, осыданаз уақыт бұрын «ҚПО»-ның бас кеңсесін Оралға көшіру туралы шешім қабылданған болатын. Он­дағы мақсат - облыс  әкімдігімен екі ортадағы қарым-қатынас­ты одан әрі нығайтып, компания­мыз­дың экономикалық, әлеуметтік жағдайларға қатысты кейбір мә­селелердің уақтылы шешілуіне де септігін тигізері сөзсіз. Бұл жерде кен орындарына тікелей қатысы жоқ қызметкерлеріміздің сапалы қызмет атқаруына барлық жағ­дай жасалған. Ал кен орында­рында жұмыс жасайтын қызметкерлер Ақсай қаласында қалып, жұмыстарын жалғастыра береді, - деді «ҚПО»  компаниясының бас директоры Ренато Мароли.

Салтанатты шараға қатысушы­лар лента қию рәсімінен соң жөн­деуден өткен ғимаратты аралап көрген.

Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірлерде түрлі шаралар мен кездесулер жиі ұйымдастырылуда. Бұл жолы Оралға Павлодар облысының делегациясы келді. «Ел  әлеуетін еселейтін әріптестік» (Гүлбаршын Әжігереева) деген материалда Оралдағы «ҚПО б.в.»компаниясының бас кең­се­сінде Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының арасындағы аймақаралық кооперация аясында әріп­тестік бойынша кеңес өткені айтылған.

Жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов Павлодар облысы­ның әкімі Болат Бақауов бастаған делегация  мүшелеріне «Ақ Жайық өңіріне қош келдіңіздер!» дей ке­ле, басқосудың мақсаты қос өңір­дің арасындағы қарым-қатынас­ты нығайту екенін атап көрсетті.

-Елбасының берген тапсырмасына сәйкес өңірлер арасында­ғы қарым-қатынасты дамытуға мүм­кіндіктер мол. Өңірімізде ең ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ  мұнайгаз конденсатты кен орны орналасқан. Кен орнында ірі транс­­ұлттық шетелдік компания­лар инвестор ретінде жұмыс жасап, еліміздің және өңіріміздің экономикасының дамуына қо­мақ­ты үлес қосуда. Мұның өзі Қа­зақ­стандағы инвестициялық ах­уал­­дың сәйкесінше жоғары дең­гей­де екенін көрсетеді. Елбасы да өңірлердің инвестициялық тар­тымдылығын мейлінше арттыру, өңіраралық кооперацияны ны­ғайту міндеттерін қойып отыр. Жа­ңа ашылған ғимаратта басқосуы­мыз бекер емес, өйткені делегация құрамында бізге инвесторлар келіп отыр.  Осындай кездесулер үшін ол да оң септігін тигізеді. Батыс Қазақстан облысы - аграр­лық, индустриалдық өңір. Көпте­ген өндірістік кәсіпорындар бар. Ауыл шаруашылығы саласын да­мытуға мүмкіндіктер бар. Бүгінгі кездесу екі өңірдің арасында жақ­сы қарым-қатынасты дамытып, әрі қарай нығайтуға септігін тигізеді деген сенімдеміз, - деді Алтай Көлгінов. 

Одан кейін сөз алған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі өңірдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту бағы­тындағы іс-шаралардың ұйым­дас­тырылғанына ризашылығын біл­дір­ді. «Бизнес делегация құра­­мын­да облыстағы кәсіпорын-ұйым­дардың басшылары, ірі кә­сіпкерлік өкілдері келіп отыр. Олар металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы салаларында ты­ғыз байланыс орнатуға дайын. Алдағы уақытта іскерлік байланыс орнатып, нәтижелі жұмыстар жасаймыз», - деді  Болат Бақауов. Оның айтуынша, өңіраралық әріп­тестіктің астары отандық тауарларды сатып алуда, отандық кәсіпкерліктің қызмет көрсетуіне жүгінуде. Тапсырыстарды орна­ластыру кәсіпорындардың табы­сын еселейді. Мұның өзі кәсіп­орынды сауықтырып қана қоймайды, сонымен бірге күллі еліміз­дің, өңірлердің экономикасын өр­ге сүйрейді. Соңғы жылдары индустриаландыру бағдарламасы шең­берінде   Павлодар облысында машина жасау, металлургия, химия, агроөнеркәсіп салаларында 80-ге жуық жаңа өндіріс орны құрыл­ған. Павлодарлық өндірісшілердің  батысқазақстандық мұнайгаз кәсіп­орындарымен әріптестік  бай­ланыс тәжірибелері бар. «KSP Steel» - Қазақстандағы мұнайгаз саласы­-на жіксіз (бесшовный), болат құ­-бырлар шығаратын тұңғыш кә­сіп­орын. Бұл компания Ресейдегі және еліміздегі мұнайгаз компанияларын өз өнімдерімен қамту­да. «Біздің өнеркәсіптік әлеуеті­міздің ауқымы әлдеқайда кең әрі сан түрлі», - деп түйіндеді сөзін Болат Жұмабекұлы.

Қос өңірдің арасындағы әріптестікті дамытуды көз­деген жиынға Павло­дар өңіріндегі болат құбырлар, болат дайындамалар, кабель­дік-өткізгіштік өнімдер, жылу сақтай­тын материалдар, энергетикалық жабдықтарды жөндейтін кәсіп­­орын­дардың, ауыл шаруашылы­ғы саласынан қағаз, май өңдей­тін, астық өндіретін, раушан гү­лін өсіретін және өзге де компа­ниялардың өкілдері қатысты.  Сон­дықтан екіжақты әріптестікті да­мы­тудың өндірістік нұсқалары аз емес. Өңірде пайдалы металл қаз­басы мен көмірдің 39, жалпы кең таралған пайдалы қазбалардың  104 кен орны бар. Ресурстық әле­уетті толық пайдалану мақса­тын­да «Павлодар» арнайы экономи­ка­лық аймағы құрылып, жұмыс істеуде. Батыс Қазақстан облысы сияқты бұл өңір де Ресеймен шек­теседі. Облыс аумағынан Сібір нарығына шығатын теміржол кө­ліктік дәлізі (Оңтүстік Сібір және Орталық Сібір теміржол магистралі) қалыптасқан. Жалпы өңір басшысының айтуынша, Павло­дар облысы Қазақстанның дамы­ған индустриялық өңірлерінің бі­рі болып табылады. Дамыған ха­лықаралық және аймақаралық бай­ланыстар, дамыған өндірістік базалар, табиғи ресурстар, көлік­тік-логистикалық инфрақұрылым­ның болуы Павлодар облысы­ның инвестициялық тартымдылы­ғын күшейткендей.  

Басқосуда павлодарлық тараптан «Казэнергокабель» АҚ-ның бас директоры Олег Крук, «KSP Steel» ЖШС-ның директоры Эдуард Креймер өздері басшылық жасайтын кәсіпорындардың тыныс-тірлігімен таныстырды. Голланд­тық технологиямен күніне 25 мың дана раушан гүлін өсіріп, еліміз­дің біздің өңірден өзгесін түгел дерлік қамтып отырған  «Green Нouse KZ» жылыжай кешенінің директоры Айтмағанбет Сәр­сен­бекұлы бір құшақ гүлін әкеліп, Ал­тай Сейдірұлына ұсынып, өз өні­міне жақсы жарнама жасады.
«Маш­завод» машина жасау ком­панияларының консорциумы­ның операторы «Зениттехсервис» ЖШС директоры Көшербай Ай­ғожа­ұлы оралдық машина жасаушылардың әлеуетімен танысты­рып, әріптес­терін «ҚПО» нарығы­на кіру үшін консорциумға мүшелікке ша­қыр­ды. Сондай-ақ кездесуде «ҚПО»-ның өндірістік қызметі, жобалар­ды кеңейту келешегі, жергілікті үлесті дамыту шараларын іске асыру мақсатында Павлодар об­лысының өндірістік кәсіпорында­рының «ҚПО»-ның сатып алулар үрдісіне қатысу мүмкіндігі сөз болды. «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Мароли өткен жылы Павлодар облысын­да болып, бірқатар кәсіпорын­дар­дың өндірістік әлеуетімен танысқанын, өндірілетін труба, кабель және химия өнімдерін көріп-білгенін айтып өтті. Бас директор­дың айтуынша, бүгінде «ҚПО»-ның деректер базасында 3800-ден астам қазақстандық кәсіпорын тіркелген. 1997 жылы Өнімді бө­лу туралы түпкілікті келісімге (ОСРП) қол қойылғаннан бергі уақыт ішінде «ҚПО»-ға отандық компаниялармен жеткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құны 5,5 млрд. АҚШ долларынан асты.

Аймақаралық кооперация шең­берінде өткен кеңестің соңында Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері арасында экономиканың түрлі салаларында  өзара әріптестік тура­лы меморандумға өңір басшыла­ры Болат Бақауов, Алтай Көлгінов қол қойды. 

-Батыс Қазақстан облысында Қа­рашығанақ жобасын кеңейту жос­парланған. Кәсіпорындары­мыз­­дың ішінен «KSP Steel»  компа­ниясының әлеуеті күшті. Оның өнім­дері Ресейге, еліміздің бар­лық өңірлеріне шығарылады. Сон­дықтан компанияның өнімдері кен орнын кеңейту жобасына қа­тысатын болады. «Казэнергокабель» компаниясының кабель өнім­дері Ресейге, ел нарығына шығарылады. Соныман қатар құрылыс материалдары да нарықта сұранысқа ие. Өңір кәсіпорын­дарының өнімдері қазақстандық үлесті арттыруға үлестерін қосса дейміз, - деді Павлодар облысы­ның әкімі Болат Бақауов журналистерге берген сұхбатында.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, облысымыз бұған де­йін Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сол­түстік Қазақстан облыстарымен әріптестік жөнінде келісім жасаған. «Павлодар облысының делегациясымен кездесудің пайдалы жағы көп. «Зениттехсервис» консорциумы «KSP Steel», «Каз­энер­гокабель»  зауыттарымен әріп­тестік орнатуға ынталы. Ауыл шар­уашылығы саласындағы бірқатар кәсіпорындар өзара байланыс ор­натуға ықыласты. Мұндай кез­де­сулер өзара әріптестікті нығай­туға жол ашады», - деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.

Жиыннан кейін өңірге кел­ген павлодарлық меймандар Оралдағы «Орал трансформатор зауыты», «Орал сауда-өнеркәсіп компания­сы», «Стекло сервис» ЖШС-лардың өндірістік нысандарында болып, осы мекеме-кәсіпорындар­дың жұ­мыстарымен танысқан. 

Облыстық газет дін мәселелерін де үнемі назарда ұстайды. Бұл жолы ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбековтың «...Адасудан сақтағай» атты көлемді мақаласы осы көкейкесті тақырыпқа арналған.

«Әлемдердің Раббысы Ал­лаға сансыз мадақтар мен мақтаулар және Пай­ғамбарына (с.ғ.с.) салауаттар, оның отбасы мен сахабаларына сәлемдер болғай.

Қазіргі кезде еліміздің барлық аумақтарына тарап, танымал болып қалған «таблиғ жамағаты» деп аталатын топтардың болмысы, олардың ұстанымдарының дұ­рыс немесе бұрыс екендігі жай­лы сұ­рақтар көп түсуде. Бұл сұрақ­тарға жауап айтуды бастаудан бұ­рын түрлі ақпарат құрал­да­рын­да осы жамағат туралы жария­лан­ған мәліметтермен танысатын болсақ, олардың кейбірінде: «Таблиғ жамағаты» - ислам діні­нің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, дін үшін көптеген жақсы­лықтар жасап жүрген жамағат. Көптеген адамдар олардың септігімен дінге бет бұрып, Ислам ді­нін қабылдады» деп алғыс айт­са, сопылармен жұлдыздары те­ріс кей­­бір ағымдардың серкелері: «Таблиғ жамағатының» ұста­нымы сопылардың ұстанымына жа­қын. Сондықтан олар адасқан бидғат­шы, тіпті шірк жасайтын аз­ғын­даған топ, оларға мүлде жақын­дауға болмайды»  деп даттайды.

Дегенмен осы қарсылас пікір айтқан жақтардың әрқайсысының дәлел ретінде алға тартқан уәж­дерін қарастырып көргенімізде, олардың уәждері Құран мен сүн­нәға емес, өздерінің қалаулары мен жеке көзқарастарына негіз­дел­ген екендігінің куәсі боламыз. Бірақ пенденің қалауы мен оның жеке көзқарастары үнемі де Құран мен сүннәнің талаптарына сай келе бермейді. Сондықтан біз бұл сұрақтардың жауабын Құ­ран мен сүннәға негіздеп қарас­тыруымыз қажет. Сондықтан алдымен «Таблиғ жамағаты» деген сөз қайдан шықты, Құран мен сүн­нәға негізделген бе, жоқ па, оған «таблиғшылардың» өздері қан­дай дәлелдер келтіреді?» деген мә­се­леден бастаймыз.

Сөйтіп: «Таблиғ» сөзінің мағы­насы жеткізу, хабарландыру, ескерту деген мағыналарды аңғар­тады. «Таблиғ жамағаты» өздері­нің осылайша аталуының себе­бін «Сахих Әл-Бұхари» кітабындағы Абдулла ибн Омар (р.а.) келтірген хадистегі Пайғамбарымыз­дың (с.ғ.с.):

«Менен бір аят болса да (адам­дарға) жеткізіңдер!»  деген сө­зі­мен байланыстырады. Сөйтіп, «Хадис­те Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «жеткі­зіңдер», яғни «таблиғ жасаңдар»  деп әмір еткен. Ендеше, Аллаға ша­қырушы әрбір адам «мүбәллиғ» - «жеткізуші» болып табылады. Міне, осыдан біздің жамағатымыз «таблиғ жамағаты», яғни «аяттарды жеткізушілердің жамағаты» деп аталады. Бұл атаудың негізі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөз­де­рін­де бар болғандықтан, бида­ғат болып саналмайды» деп тұжы­рым­дап уәж айтады. Үстірт қара­ған адамға «таблиғшылардың» бұл уәж­дері  орынды сияқты көріне­ді, бірақ зерделеп қарағанға оның шикі тұстары бар екендігі мә­лім болады.

Хазіреті Абдулла ибн Омардың (р.а.) келтірген хадисі «ұмуми» (жал­пылама мағына беруші) ха­дис­тердің санатына жатады. Яғни хадистегі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «жеткізіңдер» деген сөзі жалпы­лама айтылып, «жеткізу» қажет екендігін аңғартқанымен, «жал­ғыз өзі жеткізуі керек пе, әлде ж­амағат болып па», «қандай тәсіл­мен жеткізу», «қашан жеткізу», «кім­дерге жеткізу» қажет екендігі дәлдеп, таратып айтылмаған. Сондай-ақ хадисте «аяттарды жеткізуші жамағаттың болуы қажет екендігі» туралы ешқандай нұс­қау да, тіпті оған сілтеу болатын мағына да келмеген. Сондықтан бұл хадис «Таблиғ жамағаты» сияқ­ты жамағаттың болуына шарғи тұрғыдан дәлел бола алмайды. Ал шарғи дәлел болмаған жерде осындай жамағаттың болуы қа­жет деп тұжырымдау шариғат тұр­ғысынан бидғатқа жол ашу болып табылады.

Хадистегі аса бір мән беретін мәселе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) са­хабаға: «Саған мұсылмандардың жамағаты мен олардың имамы лазым (яғни мұсылмандар жама­ғатын іздеп тауып, олардың имамына ілесуің қажет)!»  деп нұсқау берді. Міне, осы үкімге сай шеттен келген адам жергілікті жамағат­қа қосылып, оның имамы ұстанған жолын ұстануы уәжіп. Сон­дықтан шеттен келген адам жергілікті имамның ұстанған жолына қайшылық жасауы дұрыс емес. Егер қайшылық жасаса, бүлік шы­ғарған болып табылады. Бұл қағи­да «Таблиғ жамағатының» өкіл­­деріне де қатысты. Егер бұл қа­ғи­даға бойсұнбаса, онда олар Пай­­­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұс­қау­ла­рына бойсұнбаған болып табылады.

Шариғат үкімдеріне бойсұну­дың және жамағаттың ұстан­ған жолын ұстанудың уәжіп екенді­гін мына бір хадис те дәлелдей­ді, онда Абдуллах ибн Омар (р.а.): «Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім Алла Тағала­ның тағатынан қолын тартса (Құ­ран мен сүннәнің үкімдеріне бой­сұнбаса), онда ақирет күні оның үшін ақталатын ешқандай құжа­ты болмайды және кімде-кім жа­мағатқа қарсылық жасап жүріп өмірден өтсе, әлбетте ол адам жахилият өлімімен дүниеден өтеді»  дегенін  есіттім»  деген1.

Міне, осы келтірілген хадис­тер­де жергілікті жамағат «Сәуа­дүл ағзам» жамағаты болып та­былатындығы, сондықтан оның има­мының ұстанған жолын ұс­тану баршаға бірдей уәжіп бола­тындығы, оған қайшылық жа­саупендені жахилиятқа ұшырата­­тын­дығы туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) анық нұсқаулар берген. Со­ған қарамай өздерін білгіш санайтын кейбіреулер жамағаттың не­месе жамағат имамының кейбір істеген амалдарын ұнатпай (сүннәға сай емес деп), өз бетімен (жамағаттың немесе жамағат имамының істегенінен басқаша) жол ұстанғылары, сөйтіп, өз ұс­танымдарын басқаларға да тық­қыш­тағылары келеді. Сол мақсат­та олар мешіт имамдарымен пі­кірталасқа түседі немесе өзде­рі­не жұрттың назарын аудару үшін, көрсете тұрып қасақана жамағат­тың амалдарына қайшы келетін амалдар жасайды.

«Таблиғ жамағаты» да осындай топтардың қатарына жатады. Олар имамдардың қарсылық жаса­ған­­дарына қарамай өздері дағуат­қа барған елді мекендердегі ме­шіттерге адамдар жинайды, соданмешіттің имамына емес, өздері­не құлақ астыруға тырысады. Сөйтіп, мешіт жамағатымен немесе олардың имамдарымен пікір­таласқа түсіп, кейде текетіреске салынып жатады. Барған елді мекендерінде аралап жүріп дағуат жасайды, олар мұндай дағуатта­рын «баян»  немесе «хұтба» деп атайды. «Баян» кезінде адамдарды дағуат тыңдауға жинап, оларды бірнеше топқа бөліп, оның әрбіріне  жетекші  тағайындалады.

Сөйтіп, оларға Фатиха сү­ресі мен бірнеше қысқа сүрелер үйретіледі. Осылайша, бірнеше күн өткеннен кейін, сол адамдарды өздерімен бірге «дағуатқа» шығуға міндеттейді. Бұған олар: «Сапарға шығып дағуат жасау, дағуатшының санасын тәрбиелейді. Сендер енді дағуатшысыңдар, адамдарға не­нің халал, ненің харам екендігін
түсіндіріп берушісіңдер, адамдар­дың Исламға келуіне жауапты­­сың­дар»  деп үгіт жүргізеді. Содан әрбір адам өзінің шамасына қа­рай олармен бірге бір күн, яки үш күн, жылына 40 күн, өмірінде төрт ай дағуатқа шығуы қажет болады. «Таблиғшылар» мұндай дағуатқа шығуды «хуруж» дейді. Олар өздерінің ойдан шығарған бұл бидғат істерін құптау үшін «Әлі Имран» сүресінің 110-ая­тын­дағы: «Сендер адамдар үшін (яғни адамдардың арасынан қан­ша үмбет) шығарылған (болса, сол) үмбеттің ең жақсысы болдың­дар. (Өйткені) сендер Аллаға иман келтіріп, игілікке әмір етесіңдер және мүнкәр істерден тыясыңдар» деген үкімді алға тартып: Міне, аятта «Сендер (адамдарды тура жолға шақыру үшін) әмр мағруф жасайсыңдар, (оларды) мүнкәр (тыйым салын­ған) істерден бөгейсіңдер»  делінген. Сондықтан біздер дағуатқа шығып адамдарды тура жолға ша­қыру үшін әмр мағруф жасаймыз және оларды мүнкәр істерден бөгейміз деп уәж айтпақ болады. Бірақ бұл аят олардың бидғатта­рын ақтауға дәлел болмайды. Өйткені аятта дәл «таблиғшылар» сияқты бөлек жамағат құру туралы да немесе бір күн, яки үш күн, жылына 40 күн, өмірінде төрт ай дағуатқа шығу қажеттілігі жайлы да ешқандай нұсқау берілмеген. Сондай-ақ дінге дағуат ету, оны елге өз деңгейінде түсіндіре білу кез келген адамның қолынан келе беретін шаруа емес, оған қажет­ті деңгейде діни сауат керек. Бұл туралы аяттарда да, хадистерде де нақты нұсқаулар келген.

Бұған қоса олар барған мешіттерін жатақхана ретінде пайдаланып, ішінде ішіп-жеп, бірнеше күн жатып алатындары да бар. Әрине, мешіттерде бірнеше күн жатып алғаннан соң, онда өздерінің кір-қоңын жуып, сосын оларды кеп­тіру үшін жайып қойып мешіт­тердің сыйқын кетіреді.

Егер біреу олардың мұн­дай іс­те­рінің дұрыс немесе бұрыс екендігі жайлы сұраса, олар: «Пайғам­барымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде са­хабалар күндіз де, түнде де ме­шітте жатып, тіршілік жасай бере­тін, сондықтан біздің бұл тіршілігіміз сүннетке қайшы емес» деп жауап айтады.

Бұл мәселенің ақиқатын білмейтін адамдар олардың айтқан уәжіне қарсы пікір айта алмайды. Содан олар өз білгендерін істеп жүре береді. Негізінде, олардың мұндай әрекеттері шариғатқа сай емес, мұны «таблиғшылардың» өз­дері  де  біле  бермейді.

Ал, негізінде, сахабалардың күн­діз де, түнде де мешітте жатып, тіршілік жасаған кездері, Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Хажжа­түл-уадаъ», яғни «Қоштасу қажы­лығы» деп аталатын қажылығы­на дейін жалғасқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аталған қажылығынан қай­та оралғанынан соң: «Мешіттегі Әбу Бәкрдің (р.а.) есігінен басқа есіктердің барлығы түгел жабылсын» деп әмір еткенінен кейін, мешіттің ішіне қарай шығарылған есіктердің барлығы бітеп тасталды. Содан бастап сахабалар да, олардан басқалар да мешітте тү­немейтін, күндіздері жатпайтын, тек намаз оқуға немесе Рамазан айында иғтикафта отыруға келе­­тін болды.

Міне, куәсі болғаныңыздай, «Таблиғ жамағатының» ұстаны­мын­да көптеген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың бар екені мәлім болды. Ендеше, осындай адасушылыққа ұшырамаудың ең тура әрі сенімді жолы - түрлі кү­дік­ті топтарға немесе жамағат­тарға ілесуден аулақ болып, ең ту­ра, ең сенімді «Сәуадүл ағзам» жа­мағатын ұстану. «Сәуадүл ағзам» дегеніміз - «Ең үлкен топ». Бұл жайлы «Сүнән ибн Мажә» кіта­бында Әнәс бин Маликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғам­барымыз (с.ғ.с.):

«Әлбетте, менің үмбетім адасу (қателесу, салғыласу, жолдан таю сияқты істердің) үстінде жинал­майды, сондықтан егер (түрлі топ­тар пайда болып) ихтилафқа (қай­шылықтарға) кездессеңдер, сендерге «Әс-сәуадүл-ағзам» жамаға­тының ұстанған жолын ұстану уәжіп болады» деген.

Бұл хадисте екі бірдей үкім бар, оның бірі - Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): «Менің үмбетім адасу (қа­телесу, салғыласу, жолдан таю сияқ­ты істердің) үстінде жинал­майды» деген үкім. Міне, осы үкімге байланысты қазіргі мұсыл­ман жамағатының (біз де осы қа­тарда) ұстанған жолы  дұрыс жол болып табылады. Өйткені бұл жол Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бе­рі қа­рай жалғасып үзілмей, мұсылман жамағаты ұстанып келе жатқан ұлы жол. Сондықтан мұның тура жол  екендігіне  күмән  жоқ.

Екінші үкім - Пайғамбарымыз    (с.ғ.с.): «Егер (түрлі топтар пайда болып) ихтилафқа кездессеңдер, сендерге «Сәуадүл ағзам» жама­ғатының ұстанған жолын ұстану уәжіп болады»  деп нұсқау берді. Бұл - түрлі  топтар пайда болған дәуірлерде, олардың қайсысы­ның жолын ұстану уәжіп екенді­гін айқындайтын үкім. Яғни түрлі топтар мен жамағаттар пайда бо­лып, олардың арасында ихти­лаф­тар шыққан дәуірлерде мұсыл­­мандарға «Сәуадүл ағзам» жа­мағатының ұстанған жолын ұста­ну уәжіп болады. «Сәуадүл ағзам» сөзінің тілдік мағынасы - басым көпшілік, басқаларға қарағанда көп санды, аса көп санды жамағат дегенді аңғартады. Ал ша­ри­­ғи мағынасы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзінен бастау алып саха­ба­лардың басым бөлігі ұстанған жә­не олардан кейінгі табиғиндер­дің де, табиғиндерге ілескендер­дің де басым көпшілігі ұстан­ған, сөйтіп, өздерінен кейінгі келген үмбетке қолма-қол өтіп, үзіліссіз жалғасып, мұсылмандардың басым көпшілігі ұстанып келе жатқан «әхлүс сүннә уәл жамаға» деген жолды көрсетеді.

Ендеше, «әхлүс сүннә уәл жа­маға» жолын ұстанатын ең көп сан­ды жамағат  «Сәуадүл ағзам» жамағаты болып табылады. Демек, мұсылмандарға қай елде өмір сү­ретіндіктеріне қарамай, өз елде­ріндегі ең көп санды жамағаттың  ұстанған жолын ұстанулары уәжіп болады.

Енді «Таблиғ жамағатының» та­ғы бір уәжін қарастырып көре­міз. Олар өздерінің дағуатқа шығу­ларының қажет екендігіне «Сахих Әл-Бұхари» және «Сахих Мүслим» кітаптарында келген мына бір хадисті де дәлел ретінде алға тартып:

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хазреті Әлиді (р.а.) Хайбар шайқасына жі­бере тұрып: «Алла Тағала сенің себебіңнен бір адамды хидаят етуі (тура жолға түсіру), сенің қызыл түсті түйелерің болғанынан абзал-жақсырақ» деген. Сондықтан Алла Тағала біздің себебімізден адамдарды хидаят етуі үшін дағ­уатқа шығуымыз керек. Үйіңде отыра берсең, «Мені тура жолға дағуат ет» деп, ешкім сені іздеп келмейді. Сол себепті біз өзіміз дағуатқа шығамыз» деп уәж айтады.

Сырттай қараған­­ға олар­дың бұл уәжі де жөн сияқ­ты көрінеді, бі­рақ үңіліп қараған адам ондағы бір­қатар қисынсыздықтарды  бай­қайды:

«Таблиғшылар» келтірген бұл ха­дис те, олардың жоғарыда уәж­ге тартқан хадис сияқты «ұму­ми» (жалпылама мағына беруші) хадистердің санатына жатады. Яғ­ни хадистегі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алла Тағала сенің себебің­нен бір адамды хидаят етуі»  де­ген сөзі жалпылама айтылып, яғни «сенің себебіңнен» деген­де, қандай тәсілмен себепші болуы ашып айтылмаған. Ал дағуат­қа жамағат болып шығу қажет екендігі туралы хадисте мүлде сөз жоқ. Сондықтан бұл хадис те жоғарыда келтірілген хадис сияқ­­ты, «Таблиғ жамағатына» ұқ­са­ған жамағаттың болуына және олардың дағуат қылуы үшін арнайы мезгілдер белгілеп, әр ай сайын үш күн, әр жыл сайын 40 күн және өмірінде төрт ай ел аралап дағуат етулерінің шарт болуына шарғи тұрғыдан дәлел бола алмайды. Олай болса, мұндай жамағаттың болуы және олар­дың дағуат қылуы үшін арнайы мезгілдер белгілеп, әр ай сайын үш күн, әр жыл сайын 40 күн және өмірінде төрт ай ел аралап дағуат жасауды шарт етулері де  шариғат тұрғысынан бидғат болып сана­лады.

Міне, осы атап өтілген дәлел­дердің өзі «таблиғ жамағатының» ұстанымы мен олардың амал-әре­кеттерінде шариғатқа сай кел­мей­тін көптеген олқылықтар бар екен­дігін көрсетеді. Сондықтан олар­дан аулақ жүру  адасудан ау­лақ болу деп тұжырымдауға болады.

Лайым Жаратқанның өзі бізді адасудан  сақтағай,  әмин», делінген мақалада.

Астана күніне орай өңірде ашылған нысанның бірі - Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы бөбекжай. Бұл Сәкен Әбілхалықов «Бөрліде жаңа бөбекжайда» баян еткен. 140 орындық «Ақсұңқар» бөбекжайы ашылу рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақтияр Мәкен қатысып, ауыл тұрғындарының осынау қуаныштарымен бөліскен.

-Осы мектепке дейінгі тәрбие ор­нының пайда болуымен ауыл­дағы балабақшаға байланысты кезек жойылды. Бұл да бір жетістік. Енді ата-аналар алаң­да­май жұмыстарына барады, ал бөбектер осы жерде алғашқы білім нәрімен сусындайды, тәр­бие алады. Мемлекет басшысы ең бірінші кезекте әлеуметтік мә­селелерге назар аударуды талап етеді. Мұндай игілікті істің бәрі Елбасы тапсырмасына сәйкес жү­зе­ге асуда. Осы сәтті пайдаланып, балабақша құрылысына тапсы­­рыс берген «ҚПО б.в.» компания­сы басшылығына ризашылығым­ды айтқым келеді. Осы компания­ның көмегінің арқасында өңіріміз­де әлеуметтік, инфрақұрылым­дық ны­­сандар салынып, жөнделу­де. Сондай-ақ бұл ғимаратты сал­ған мердігер компанияның ұжымы­на да алғысымыз шексіз, - деп бөр­ліліктерді құттықтаған облыс әкі­­мі бөбекжайға көрімдік ретінде үл­кен, заманауи теледидар сый­лады.

Өз кезегінде сөз алған ҚР Парламенті депутаттары да бөрлі­­­лік­­терді Астана күнімен, ауылда бө­­бекжайдың ашылуымен құт­­­­­­тық­­­тап, өздерінің ізгі тілекте­рін ай­тып, республикамыздағы әлеу­­­­мет­­­тік қолдау шараларына тоқ­­­­­тал­­­ды. Ал «ҚПО б.в.» компания­сы бас директорының орынбасары Марат Кәрімов консорциум мемлекетпен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. «Өткен жылы облыс және Бөрлі ауданының әкім­дік­­­тері Бөрлі ауылында ба­­ла­­бақ­­­ша салу жөнінде ұсыныстарын айт­­­­қан болатын. Міне, бүгін біз бір­лескен сол жоспарымыз ойдағы­дай жүзеге асқанын көріп тұр­мыз, - деді Марат Шайдоллаұлы. - Өнім­ді бөлу жөніндегі келісімге сәй­кес компаниямыз 1998 жылдан бе­рі өңір­дің әлеуметтік-инфрақұры­лым­дық жағ­дайына қолдау көр­сету мақса­тында 300 млн. доллардан астам қаржы бөлді. Одан бө­­лек 2014 жылғы Үкімет қаулы­сы­на сәйкес Бөр­лі ауданындағы әлеу­­меттік жоба­ларға қолдау үшін 2014-2016 жылдар аралығында 30 млн. дол­лар қаржы қаралды. Ашылып отырған балабақша - осы ба­ғыт­тағы жобаның бірі. Батыс Қа­зақ­стан облысының әлеумет­тік тұр­ғыдан дамуына да компа­ниямыз өз үлесін қосып отырға­нына қуаныштымыз».

Аталмыш нысанның құрылы­сын жүргізген «Назтур» ЖШС-ның бас директоры Лесбай Елеусінов балабақша басшылығына сим­волдық кілтті табыстаған соң облыс әкімі мен ардагер-ұстаз Қарлығаш Меңдібаева лента қию рәсімін жасады.

Бір жастан бастап бүлдір­шін­дерді қабылдайтын балабақшада алты топ жасақталған. Балалар үш тілде тәлім-тәрбие алады. Со­ған орай тиісті кабинеттер жаб­дықталған. Мұнда 12 тәр­­­бие­ші, ағылшын, орыс тілде­рі­нің мұ­ға­лімдері, психолог, әлеу­мет­тік пе­дагог, музыкант, хорео­граф қыз­мет ететін болады. Штат­та 44 адам бар, негізінен ауыл тұр­ғын­дары жұмысқа тартылды.

Балабақша ішін аралап көрген об­лыс басшысы, Парламент де­пу­тат­тары және ата-аналар құ­ры­­­­лыс сапасына, тиісті құрал-жаб­­­дықтар­­мен қамтылуына жоғары ба­ға берген.

Парламент депутаттары заңшығарушылық жұмыстарды атқарумен бірге өңірлерге жиі шығып, сайлаушыларымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ қоятыны мәлім. «Депутаттар Ақсайда» (Айнагүл Сақболсынова) деген материалда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мен Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен іссапармен келіп, өңірді аралағаны айтылған.

Жұмыс барысында депутаттар облыс­­­тың бірқатар ауданда­рында болып, жергілік­ті жерлердегі мемлекеттік бағдар­ла­малар мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асы­­ры­­лу жағдайымен танысты. Де­путаттар Бөрлі ауданындағы «Ақ­­сұң­қар» балабақшасының ашылу салта­на­­ты­­­на және Ақсай қаласындағы күр­де­­лі жөндеу­ден өткен Жамбыл көшесінің қай­та бе­рі­луіне арналған шараларға қа­­тыс­­­­ты. Сон­­дай-ақ олар Пугачев ауылына барып, таяу күндері тұрғын үй құрылысына бе­­рі­луі тиіс жер телімдеріне жүргізі­­­ліп жат­қан газдандыру, жарық жүргізу жә­не су өт­кі­зу жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс­­тарды «KazConsructionCrop» ЖШС жүр­­гі­­зіп жатқан болатын. Бұдан бас­қа Бірға­­ным Әйтімова мен Бақтияр Мәкен ау­­дан­­дық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Кеңес отырысында ауыл өміріне қа­тыс­­ты бірқатар өзекті мәселе­лер тал­­қы­­ланды. Жиында дәріханалар­да сатылып жат­қан дәрілер бағасының тым қымбаттығы мен үш тілді білім беруге көшуге бай­ланысты мәселелер де көтерілді. Бірға­ным Әй­ті­мова мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың «ХХІ - ғасыр: соғыссыз әлем» атты манифесі жөнінде әңгімелеп, жи­­­­нал­ғандарға біздің еліміздің жақында ғана Азия-Тынық мұхиты аймағынан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүше­сі болып сай­ланғаны жөнінде айтты. Сенат депутаты елімізде қабылданып жатқан жа­ңа заң туралы айтып, олардың маңы­зын ауыл тұрғындарына түсіндірді. Оның сөзінше, облыстың өткен жылғы экспорттан тап­қан табысы 5,1 млрд. АҚШ долларын құ­раса, импорттан небәрі 0,9 млрд. АҚШ долла­ры түскен.

Бұдан соң сөйлеген Бақтияр Мәкен жа­қында елімізде «Қоғамдық кеңес тура­лы» заңның қабылданғанын және осы заң аясында республикамыздың түкпір-түк­­­­­пі­рінде осындай қоғамдық кеңестер­дің құ­ры­лып жатқанын айтты. Оның сөзінше, қа­зіргі таңда елімізде 225 қоғамдық ке­ңес бар және олардың құрамындағы адам са­ны - 6 мың.

Жиын соңында жергілікті қоғам өкіл­де­рі астаналық қонақтарға түрлі сұрақтар қойды. Мысалы, аудандық аналар кеңесі­нің төрайымы Мариям Сиражева мен «Бастамашыл әйелдер» ұйымының жетекшісі Дариға Нұрашева үш тілді білім беру мәселесі бойынша өз пікір-ұсыныстарын айтса, облыстық мәслихат депутаты Максим Пак ауылдарда ғаламтор жоқ екенін жеткізді.

Кездесу барысында қойылған сұрақ­тар­ды қойын дәптерлеріне түртіп алған депутаттар жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді жоғарыдағы тиісті орын­дарға жеткізетіндерін айтты. Жиынды қо­­­ры­тын­­­дылаған аудан әкімі Алдияр Хале­лов ас­та­налық меймандарға алғысын ай­тып, кездесуге жиналғандарды Астана кү­ні­мен жә­не Ораза айттың басталуымен құт­тық­таған.

Жәнібек ауданының орталығында Астана күні­не орай «Диплом­мен ауыл­ға» бағдарламасы бо­йынша 10 тұрғын үй пайда­лануға беріліп, оларға мұғалім­дер, балабақша, ден­сау­­лық сақтау және мә­де­­­ниет қыз­мет­кер­ле­рі қоныс тепті. Бұл мекенжайларды кәсіпкер Есқайыр Елемесов басқаратын  «Сим­вол» ЖШС құры­лыс­шылары  екі айдың ішін­де іске қосты. Бұл туралы «Баспана,  дәмхана  һәм  дүкен» (Нұрымбек Жапақов) деген ақпаратта сөз болған.

Аудан орталығында қыз­мет ететін 10 жас ма­манға пәтер кілтін табыс ету рәсімінде сөз  алған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин көп­шілікті Астана күнімен шын жү­ректен құттықтап, аудандағы  жас мамандарға бұдан былай да бар­лық жағдайдың жасала беретінін айтып, пәтер кілтімен қоса ес­телік сыйлығын да тарту етті. Жа­ңа қонысқа ие болған жас маман­дардың атынан сөз алған аудан­дық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Азат Қаратай өздеріне көр­сетіліп отырған осындай қамқор­лықтары үшін Елбасына, облыс, ау­дан әкімдеріне шынайы риза­шылығын білдірді. 

Мереке күні аудан орталығын­да кәсіпкер Нұргүл Қошқар­баева­ның «Адал» азық-түлік дүкені ашыл­ды. Аталмыш дүкенді кәсіп­кер құрылысшылар жалдап, өз қар­жысына салдырған. Алдағы уа­қытта 2-3 адамды жұмыспен қамтымақ. Нысанның ашылу салтанатында дүкен иесі жиналғандар­ға «Қош келдіңіздер!» айтып, сау­да орнының есігін айқара ашты. Бұдан соң жұртшылық  кәсіпкер Меңсұлу Тұрғалиеваның «Бистро» дәмханасының ашылу салтанатына қатысты. Кәсіпкер «Орал» шағын несие ұйымынан 6 мил­лион теңге несие алып, тамақтан­дыру орындарын ашып отыр. Өзінің шаруа қожалығы да бар кәсіпкер  барлығы 15 адамды жұ­мыспен қамтуда.  Дәмхананың тұ­саукесерін аудан әкімімен  бірге қиған кәсіпкер жұртшылықты су жаңа дәмханасының қызметімен таныстырды. 

«Бизнес  пен  биліктің тиімді  әріптестігі  -   палатаның  басты  міндеті» (Айша Өтебәлі) - бұл материалға облыстық кәсіпкерлік палатасының ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары арқау болған.

Қазақстанның орталық коммуникациялық қызметі БҚО филиалында  өткен баспасөз мәслихатына облыстық кәсіпкерлер пала­тасының директоры Нұрлан Қайыр­шин, директордың құқықтық мәсе­ле­лер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотов, директордың экономика­лық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Нұрғуатов және адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Әбілқайырова қатысқан.

Н.Қайыршиннің сөзіне қарағанда, палатаның басты міндеті - билік пен бизнестің тиімді әріптестігі негізінде экономи­каның  дамуына қолайлы жағдай  жасау. Қазіргі таңда палата  кәсіпкер­лер­дің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлерге қар­жылық емес қолдау көрсету, өңірлік даму картасы, адами капиталды дамыту бағыты бойынша жұмыстануда. Палатаға жер теліміне, мемлекеттік сатып алу ісіне, рұқсат алу мәселесі, салық, бәсекелестік және тариф ба­ғасы бойынша шағымхаттар көптеп түседі. 

Енді жоғарыда аталған бағыттар бойынша ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмыстарға бө­лек-бөлек тоқталып көрейік. Кәсіпкер­лердің құ­қықтарын қорғау бойынша биылғы алты ай ішінде 75 жазбаша шағым қаралып, соның 47-сі оңдышешілді. Бұдан басқа палата кәсіп­керлердің құқықтарын қорғау бойын­ша төрт рет отырыс өткізіп, бизнес субъектілерінің 15 түйткілді  мәселесін қарады, солардың 10-ы оң шешімін
тапты. Палата мен прокуратура орган­дары арасында бі­рігіп жұмыстану жө­нінде меморан­дум бар. Осыған орай жеделтоп өкілде­рі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша 15 рет бизнес субъектілері­нің шақыртуына барып, жеті жағдаят бойынша кә­сіп­керлерге көмектесті. Сөйтіп, кәсіпкер­лерге қатысты құқық­бұзушылықтар дер кезінде тоқтаты­лып, олар жеке кәсіптерін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ палата қыз­меткерлері 11 сот отырысына қаты­сып, 15 процессуалдық сот құжатта­рын дайындады. Бұдан басқа облыс­тық кәсіпкерлер палатасы бес әкім­шілік кедергіні анықтады. Оның үшеуі жергілікті, екеуі республикалық дең­гейде. Палата қызметкерлерінің жүйе­лі жұмысының нәтижесінде жер­гілік­ті деңгейдегі 13 және респуб­лика­­лық деңгейдегі төрт әкімшілік кедергі жойылды. Заңнамаға өзгеріс енгізу жөніндегі екі ұсынысымыз мемлекет­тік органдармен келісіліп, тағы үш ұсыныс қаралуда.   

2014 жылдың 30 қазанында облыс әкімдігімен кәсіпкерлікті дамыту жә­не қолдау бойынша ынтымақтасып, жұмыстану жөніндегі меморандумға қол қойдық. Соның арқасында бизнесті дамытуда маңызы зор бірқатар комиссияның құрамына кірдік. Алда­ғы уақытта жер, архитектура және құ­рылыс, индустриалды-инновация­лық даму, грант бөлу секілді бизнестің дамуына зор ықпал ететін тағы бір­қатар комиссиялардың құрамына ену­ді жоспарлап жүрміз. Өйткені біз осындай комиссиялардың құрамында болу ар­қылы жергілікті кәсіпкерлердің ұсы­ныс-тілектерін жоғарыға жеткізіп, өңі­рімізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеміз. 

Ал енді кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету ісіне келер бол­сақ, жыл басынан бері бизнесті сервистік қолдау аясында 460 бизнес субъектісіне 475 қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­лығы арқылы 3742 адамға 3798  рет қызмет көрсетілді. «Бизнес кеңесші» курсы аясында 351 адам оқытылып, «Іскер байланыс» арқылы шағын  бизнеспен айналысатын бір кәсіпкер Германияға оқуға жіберілді. Бизнесті қорғау бойынша БАҚ-та 127 материал жарияланды, - деген Нұрлан Серікұлы келесі кезекте сауда нүктелері арқы­лы отандық өнімдерді өткізу жұмыс­тарына тоқталды. Оның сөзінше, был­тыр қаладағы сауда нүктелері арасында ұйымдастырылған «Жылдың ең үздік супермаркеті» атты конкурс осы бағытта ұйымдастырылған жұ­мыс­тар­дың тиімділігін көрсетті.  

-Бұл конкурсты ұйымдастыр­ған­дағы мақсатымыз  дүкен  сөрелерінде­гі жергілікті өнім түрлерін көбейтіп, олардың тұрғындарға қолжетімді ба­ғамен жеткізілуін қамтамасыз ету болатын. Біз сол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын, өйткені конкурс аясында сатылған өнім түрлері 158-ден 178-ге дейін артты. Сауда нүктелеріне тауарын ұсынатын компаниялар саны 36-дан 55-ке бір-ақ көтерілді. Тұрғындар тарапынан сұраныс көп болғандық­тан, жергілікті тауарлар дүкен сөре­сінен әлі күнге дейін түспей келеді. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге мықты қолдау болды. Жергілікті тұрғындар ешқандай қоспасыз, дәруменге толы жергілікті өнімдерді пайдаланып, қа­рық болса, кәсіпкерлер өнімдерін өт­кізіп, кәсіптерін одан әрі дамытуға мүмкіндік алды. Осындай  тиімді шараны биыл да жалғастырып отырмыз. Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде аталмыш конкурсты тағы ұйымдастырып, конкурсқа Ақсай қаласындағы сауда жүйелерін де қостық. Палата мемлекеттік сатып алу жұмысының ашық жүргізілуіне де өз үлесін қосып келеді. Осы мақсатта құрылған бақылау комиссиясы үш айдың ішінде құрылыс саласына қатысты ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу ісіне қатысты екі рет жиын өткізді.

Сондай-ақ өңірде инвестиция тарту ісі де жылдан-жылға дамып келеді. Мысалға айтар болсақ, биылғы инвестиция көлемі 22,6 млрд. теңгені құрайды, яғни былтырғы осы кезең­мен салыстырғанда инвестиция көле­мі 25,5 пайызға өсті.  Инвестицияның ең үлкен көлемі тау-кен өндірісіне тие­­сілі, бұл 97,7 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда өңірімізде жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге болатын әлеуетті инвестициялық жобалар базасы құрылған, оның құрамында  28 әлеуетті жоба бар. Осы жобаларды жүзеге асы­ру үшін инвесторлар іздестірілуде. Қазіргі уақытта әлеуетті түрік инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп, өңірімізде қазақ-түрік индустриалдық аймағы жасақталуда. Теректі ауда­ны­ның Пойма стансасы маңында аума­ғы 300 гектарды құрайтын индустриал­ды аймақ ұйымдастыру үшін жер телімі дайын тұр. Бұдан басқа мемлекеттік жеке меншік серіктестігі негі­зінде биыл 1461,2 млн. теңгеге төрт жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, - дейді облыстық кәсіпкерлер пала­тасының басшысы.

Нұрлан Қайыршин бұдан әрі адам капиталы мен туризм және ауыл ша­р­уашылығы кешенінің дамуы жө­нін­де әңгімеледі. Оның сөзінше,  «БЖК - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл облысқа 2 млрд. 881,1 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда аталған бағдарлама үш бағыт бойынша («Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту негі­зінде тұрғындарды жұмыспен қамту», «Кәсіпкерлер ұсынысын ынталанды­ру» бағдарламасы және «Жұмыс беру­шінің сұранысына орай тұрғындарды оқыту және орын ауыстыру арқылы жұмыспен қамтуға ықпал ету») сәтті жүзеге асуда. Сондай-ақ кәсіптік білім берудің дуальды жүйесі де дамып келеді. Нұрлан Серікұлының айтуынша, бүгінгі таңда облыста дуальды оқыту бойынша 18 колледжбен, 59 кәсіпорынмен 66 үшжақты келісімшарт жа­салған. Оқытудың бұл жүйесіне бар­лығы 1 115 оқушы тартылған. Жалпы, бүгінгі таңда палата оқу орындарымен кәсіпорындар арасында үшжақ­­ты жеті медеткерлік шарт жасасты. Олар­ды атап айтар болсақ, облыстық кә­сіпкерлер палатасы Орал "Сервис" технологиялық колледжі" МКҚК-мен және «Евнеева» ЖК-мен, «Жайық жа­рығы» ЖШС-мен және политехника­лық колледжбен, «Отделстрой» СКФ» ЖШС-мен және  политехникалық колледжбен, «Көпжасар» ЖК-мен және Жаңақала колледжімен, «Сағынғалиев» ЖК-мен және  Жаңақала колледжімен, «Әбуов» ЖК-мен және Жалпақтал колледжімен және «Шахизада» ЖК-мен және Жалпақтал колледжімен медеткерлік шарт жасалған.

Өңірімізде туризм саласы да дамып келеді. 2011-2015 жылдар аралығын­да 11 туристік нысан пайдалануға берілген. 2020 жылға дейін тағы үш туристік нысан құрылысын жүргізу жоспарлануда. Ал ауыл шаруашылығы бойынша ағымдағы жылдың алғаш­қы жартыжылдығында 44 ауыл шаруа­шылығы өндірістік кооперативі тір­келсе, соның ішінде 43 ауыл шаруа­шылығы өндірістік кооперативі етті бағытта, тек бір ғана кооператив картоп өнімдерін өсіруге арналған.

Жиын соңында журналистер об­лыстық кәсіпкерлер палатасы қызмет­керлеріне сұрақтар қойып, оған тиісті жауап алған.

Өңір басшысы Ақ Жайыққа келген түрлі сала өкілдерін, құрметті меймандарды, сондай-ақ танымал мерейтой иелерін қабылдап отырады. Бұл жолы «Облыс әкімі қабылдады» деген ақпаратқа (Айымгүл Төлеуғали) облыс әкімі Алтай Көлгіновтің еңбек ардагері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі Клара Саржанованы қабылдағаны арқау болған. Өңір басшысы  ардагерді мерейлі 80 жасымен құттықтап, облыс мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірген.

Клара Бақтығалиқызы 1961 жылдан Орал облыстық комсомол комите­ті­нің бі­рінші xатшысы қызметін атқар­ған. 1965 жылы Алматыдағы мал­дәрігерлік институтының аспи­­ран­турасын бітірген. Кейін Шың­ғырлау, Камен аудандарында мамандығы бойынша еңбек еткен. 1969 жылдан республикалық дең­гейдегі зейнеткерлікке шыққанға дейін СОКП Орталық комитеті жа­нындағы жоғарғы сырттай оқу мектебінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің партия және кеңес қызметкерлерінің шебер­лі­гін жетілдіру курсының мең­ге­ру­шісі болып қызмет атқарған. Зей­неткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, көп ұлтты "Ару аналар" ансамблін ұйымдастырды.

Облыс әкімі сондай-ақ Астанада өткен республикалық айтыста бас жүлдемен оралған айтыскер ақын Бауыржан Ширме­динұлын қабылдады. Алтай Көлгінов жас ақынның өнерге қосып жүрген үлесін баса айтып, жылы лебізін білдірді.

Бауыржан Ширмединұлы 1992 жылы 30 шілдеде Сырым ауданы Өлеңті ауылында дүниеге келген. Поэзия мен айтыс өнерінде 2012 жылдан бері танымал. Биыл ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Менің Рәміздерім - ұл­тымның мақтанышы!» атты облыстық жазба ақындар мүшәй­ра­сында І орын  алды. Бауыржан - М. Өтемісов атындағы БҚМУ уни­верситетінің 80 жылдығына арналған республикалық ақын­дар мүшәйрасының, Ж. Досмұхаме­дов­тің 125 жылдығына арнал­ған республикалық «Ардақтысы Алаштың» атты ақындар мүшәй­ра­сының жеңімпазы. «Облыс ақыны» атағының иегері қазіргі таңда Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінде тілшілік қызмет атқарады. Ғ. Қараш пен Е. Бұйрин атындағы «Тілші болғым келеді...» облыстық сайысының бас жүлдегері, «Жыл үздігі - 2015» БҚО жастар премиясының дипло­манты, «Үздік жас тілші», «Тәуелсіздік тірегім!» атты әлеуметтік же­лілердегі үздік пабликтың жеңімпазы сияқты бірқатар жетістіктері бар. Өткен жылы спорт жа­ңалықтарын жариялауда «Үздік журналист» атанды.

Осы жылы туристік өлкетану қыз­метін насихаттаудағы қызметі үшін «Үздік тілші» аталымын алды.

Өңірде басшы кадрлар ретіне қарай ауысып жатады. «Жаңа тағайындаулар» деген тақырыппен берілген ақпаратта қос бірдей мекеменің басшысы тағайындалғаны айтылған.

Атап айтқанда, Батыс Қазақ­стан облысының жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы бас­шы­сы Жанболат Ғайнешұлы Иманғалиевтың денсаулығына байланысты жұмыс орнын бо­сату жөніндегі өтініші қабылда­нып, Жанат Асылханұлы Асан­таев кон­курс­тық негізде атал­ған облыстық басқарма­ның басшысы болып тағайын­далды.

Жанат Асантаев 1970 жылы туған, білімі жоға­ры, мамандығы - инженер, екінші мамандығы - заңгер.

Ол Қазақстан Республикасы Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, Астана қаласының Соттар әкімшілігінің аға сот орындаушысы, бө­лім басшысы, Қазақстан Республикасы Білім жә­не ғылым министрлігі Нормативтік-құқықтық актілерді сараптау басқар­масының бас мама­ны, бастығы қыз­мет­терін атқарды. Одан әрі Жанат Асан­таев Заң департаменті дирек­торы­ның орынбасары, Қапшағай қаласы әкімінің орын­басары, Алматы облысы әкімі аппаратының әлеумет­тік сала бө­лімінің басшысы, Батыс Қа­зақстан облысы әкімі аппаратының талдау жә­не бақылау бөлімінің басшысы болып істеді.

2014 жылдың шілдесінен бастап ол Ба­тыс Қазақстан облысы еңбек инспек­циясы басқармасының басшысы қыз­ме­тін атқарды.

Сол секілді Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шар­уашы­­лық басқармасының бұрынғы басшысы Бауыржан Жанпейісұлы Талдық­баев­тың басқа қызметке ауысына байланысты Ғалым Ғұбашұлы Орынғалиев конкурстық негізде аталған басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Ғалым Ғұбашұлы 1955 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақ­стан ауыл шаруашылы­ғы институтын инже­нер-механик маманды­ғы бойынша бітірген. Ең­бек жолын Камен ауданының (қазіргі Тасқала) Амангелді атындағы сов­­хозда  инженер болыпбастаған. Кейін сол ауданда басқарушылық лауазымдарда болған. Ау­­дандық арнайы мамандандырылған  шаруа­шы­лық бірлестігінің бас инженері, «Шиповский» совхозы партия комитетінің хатшысы, Ульянов ауылдық округінің әкімі, аудандық коммунал­дық кәсіпорындар комбинатының бастығы болып істеді. 2002-2007 жылдары  Орал қаласы әкімінің орынбасары, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас­тығы болды.

2007-2012 жылдары Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары болып істеген.

«Орал өңірі» газетінің 12 шілде күнгі санындағы басты мақала деп облыс әкімінің Жаңақала ауданынан жасаған сапары ізінде жазылған «Атқарылған да, атқарылатын шаруа да аз емес» (Өмірзақ Ақбасов) деген материалды айтуға болады. 1-беттен басталып, 6-бетте жалғасқан мақалада айтылғанындай, мал шаруашылығын дамыту - басты бағыттардың бірі. Осы орайда өңір басшысы Алтай Көлгінов мамандармен жүздесіп, осы саланың аудандағы мән-жайымен танысу үшін, өзекті мәселелерді өз ауыздарынан  естіп, одан шығудың жолдарын бірлесе талқылау мақсатымен келген.

Қызылоба ауылдық округіндегі көл­табандардың су­­лан­­дыру жүйе­сін әңгі­мелеген Жаңақала ауданы әкі­мі­нің орынбасары Дархан Закарин: - Аудандағы суармалы көлта­бан­­дардың жартысына жуығы осы Қызылоба ауылдық округінің ау­­­­мағында. Биыл су тәуір келді де­геннің өзінде алты көлтабанның үшеуі­не ғана су шықты. Су алуда­ғы бас­ты қиындықтар - каналдар мен су қақпаларының тозып, су ұстамауы. Онсыз да аз келген суды ысырапсыз алу мүмкін болмай тұр, - дей келе, су қақпаларын жаңартуға қаржы қажеттігін алға тартты.

-Соңғы жылдары бізге суды Жайық тасығанда ғана беріп келеді. Жайық кеш тасиды. Кеш бе­рілген судың пайдасы аз. Бұрын Дөңгелек қоймасына ерте су толтырып, ақпан айының соңынан бастап су бере бастайтын еді. Сол жүйені қалпына келтірсе, - деді «Наурыз» шаруа қожалығының басшысы Наурыз Бекмашев.

-Қанша су қақпасын жөндеу керек, оған қанша қаржы қажет? Нақ­ты есебін шығарып, ауданның да­му жоспарына енгізіп, құжаттарын әзірлеңіздер. Бәрін бірден болмаса да, бұл мәселені шешеміз. Өйткені мал шаруашылығын дамыту  мал азығының мол қорына,  суға тәуелді жұмыс, - деді өңір басшысы.

Ал Н. Бекмашевтың ұсынысына  облыстық су шаруашылығының бас­шылары Дөңгелек су қойма­сы­на ертерек су толтыру жұмы­­­­сын қалпына келтіру төртінші кезек­­пен жоспарға енгізілгенін мәлімдеді.

Облыс басшысы шабындықты аралап көріп, осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, биылғы бітік шөпті уақтылы шауып жинап алуды, төрт түлік басын көбейтуді тапсырды.

Қызылобалықтар күні бүгінге дейін 4200 гектар жердің шөбін орып, 7,5 мың тонна мал азығын дайындаған еді. Ол - округтегі тапсырманың 33,9 пайызы. Өңір басшысы округ­тегі мал азығын дайындау қар­қы­нына ризалығын білдірді.

Мұнан кейін облыс басшысы Чапаев - Жаңақала - Сайқын ауто­жо­лын жөндеп жатқандарға ат басын бұрды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен бұл күрежолды асфальттау өткен жылы аяқталып, ел игілігін көру­де еді. Десе де мерзімі келген­де жөнделіп отыратыны да белгілі жай. Биыл жолдың мерзімі келген 51-76 шақырым аралығын күр­­де­лі жөндеуге республикалық бюджеттен 1200 млн. теңге қаржы бө­лі­­­ніп, оны жарияланған кон­курс же­­­ңім­пазы - мердігер «UNISERV» жөн­­деу жұмысын бастап кеткен-ді.

Облыс басшысы жолшылармен жүздесіп, жұмыс  барысымен танысып,  жөндеуді сапалы жүргізіп, уақтылы аяқтауды тапсырды.

Мұнан кейін өңір басшысы Алтай Көлгінов «Мадияр» жеке кәсіпкерлігінде жиналып, күтіп тұр­ған аудан кәсіпкерлерінің ортасынан табылды. Мұнда да облыс басшысы кәсіп­керлерге өзінің келген мақ­са­тын әңгімелеп, кәсіп­кер­лік­ті қол­­­­дау­дың аудандағы жағдайын, тү­йін­­ді мәселелерін ашық айтуды өтінді.

-Кіл жастардың ортасында бір қарт неге жүр демеңіз. Мен зейнеткерлікке шыққаннан кейін 17 жылдай кәсіпкерлікпен айналыстым. Жасым келгесін ғана балама тапсырдым. Үкімет кәсіпкерлікке кең қолдау көрсетіп отыр. Оның игілігін де кө­ріп отырмыз. Әсіресе, соңғы жыл­дары  біздің ауданда мал ба­сын көбейту, түлік атаулының тұ­қымын асылдандыру ісі жақсара түсті.  Десе де мені жастардың мал шаруашылығына барғысы келмей­тіні көп алаңдатады. Жұмыссыз жастарды қазір тапшылық етіп отырған малшы, механизатор­лық­қа тартудың бір тетігі жоқ па? - де­ді зейнеткер Қ. Текебаев.

-Мұның да нақты есебін алып, жұмыс берушілердің қанша ең­бек­ақы төлейтінін біліңіздер. Ойластырып көрейік, - деген облыс басшысы аудандағы жұмыссыздар санын сұрады.

Аудандағы халықты жұмыспен қамту бөлімі басшысының айтуынша, күні бүгін ауданда 89 жұмыссыз бар екен. Оның 44-ін малшылыққа бағыттаған, барғаны аз. Бірі мал баққысы келмейді, бірі жұмыс берушімен келіспейді. Қысқасы, малшы мен механизатор ауданда қат  мамандыққа айналып келеді.

Бұл мәселеге байланысты ау­дандық кәсіптік лицейге арнайы барған облыс басшысы кадр да­йындауды аудан қажетіне орай жүргізуді, жұмыссыздықты осы саламен ұштастыруды тиісті адамдарға тапсырды.

-Ерінбеген адамға жұмыс бар.Екі рет үкіметтен несие алып, кәсібімді жүргізіп, өзімді-өзім жұ­мыспен қам­тып отырмын. Ал­ғаш­қыда несие алып, мал өсірдім. Шаруам оңға басып, несие қары­зын мерзімінен бұрын қайтарым. Енді екінші рет алып, авто­көлікке газ құю стансасын ашумен айналыудамын. Әлеуметтік  жұмыс орнының көмегі көп, со­ны пайдаланудамын, - деген кәсіпкер Ә. Бөкеновке қолдау біл­дірген облыс әкімі қалған кәсіп­керлерді де осындай іскерлікпен жұмыс жасауға шақырды.

Мұнан соң Алтай Сейдір­ұлы рухани орталықта орналасқан
кітапханаға кіріп, оқырман­дар­мен тілдесті. Балғын оқырман­­дар­дың тақпағын тыңдап, риза­шылық та­нытып, күй студиясында­ғы өнер­паздардың өнерін тама­шалауды да ескерді. 

Рухани орталық залында аудан ардагерлерімен, жастар өкілде­рі­мен кездесуде: -Бүгін аудандарыңызға халық­тың тыныс-тіршілігімен танысып, мұндағы адамдарды не алаңда­та­ды, не толғандырады, соны білуді, ой бөлісуді мақсат етіп келдік, - деген өңір басшысы қожалық бас­шыларымен су алу, мал шаруа­шы­­лығы жайын, кәсіпкерлермен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылап, пікір алысқанын айтып, көпті көрген қариялардан ашық пікір білдіруді сұрады.

-Ақиық алыптар мен жайсаң жандар еліне қош келдіңіз! - деген соғыс және еңбек ардагері Мәжит Жаданов бұл елде С. Меңдешев бастаған талай қайраткерлер мен ғалымдар шыққанын айтып, қазіргі ауданның дамуына ризашылығын білдіріп, облыс басшысына ақ батасын берді.

-Ендігі батыр еңбектен шығады, - деген аудандық әйелдер кеңе­сі­нің төрайымы, ардагер ұстаз Н. Өтешова жастарды еңбекке үн­дей отырып, ашық пікірлесуге жағ­дай жасаған облыс басшысына ана­лық тілегін жеткізді. Сонымен қа­тар аудан орталығына тағы бір балабақша мен спорттық сауықтыру кешені қажеттілігін облыс әкімінің назарына ұсынды.

Ал аудандық мәслихат хатшысы З. Сисенғали аудан халқы үшін маңызды төрт мәселені көтерді.

Біріншісі - Құлшықтан жерасты су құбырын тарту арқылы ауыз су
мәселесін шешуге, екіншісі - Сары­көл, Жуалыой, Мұқыр ауылдарына газ отынын тартуға, үшіншісі - аудан орталығындағы қарқын­ды құрылысқа ере алмай қалған ин­фрақұрылым мәселесін шешуге, төртіншісі - аудан орталығындағы көшелерді жөндеуге қаржылық қолдау көрсету еді.

Облыс басшысы бұл мә­се­ле­лер­дің бәріне де қанағаттанарлық нақ­ты жауап берді.

Алтай Көлгінов аудандық мешіт пен  діни оқу орталығына кіріп, жұмысымен танысуына да уақыт тапты.

Түстен кейін өңір басшысы Жа­ңажол ауылдық округіне жол тар­тып, ондағы Айдархан су жүйесі­мен танысып, ауылдарды сумен қамтудың тиімді жолдары жайында мамандармен, Мәстексай, Жа­ңажол ауылдарының  тұрғындары­мен ой бөлісті.

Мәстексайда еңбек ардагеріТ. Сапарғазиев пен осы округ әкі­мі С. Мұхамбетжанова су тапшы­лы­ғын, қазіргі қиын жағдайды қи­нала әңгімеледі.

Ауданмен арадағы жолды жөн­деу керектігін аудандық мәслихат­тың депутаты С. Сұлтанова жеткізді.

Облыс басшысы мамандардың пікірін келтіре отырып, сұрақтар­дың бәріне тұшымды жауап берді.

-Бар мәселені бірден шешу мүмкін емес. Қазір ең бастысы - су мәселесі. Осымен жұмыстанамыз. Қалған мәселелер ретімен, кезегі-кезеңімен шешіледі, - деді өңір басшысы.

Жаңақазан ауылындағы М. Жүні­сов атындағы мектепте де мұғалімдермен жылы шырайлы жүзде­су өтті. Облыс әкімі еліміздің ер­теңі - білімді, тәрбиелі ұрпақ еке­нін әңгімеледі. Мектеп  музейімен танысты.

Облыс басшысының келерін ес­тіген халық мәдениет үйіне де мол жиналған екен. Мұнда А. Көлгінов модельді кітапхананың ашылуы­на куә болды. Тұрғындарды Астана күнімен құттықтап, ел тәуелсіз­дігі­нің 25 жылдығы аясында атқары­лып жатқан істерді сөз етіп, тәуел­сіздік тұғырын еңбекпен, ынты­мақпен нығайтуға шақырды.

Ауданда алтыншы болып ашыл­ған модельді кітапхананы тамаша­лап, Ұлттық кітапхана, Орынбор кітапхана басшыларымен байла­нысқа шықты.

Ел болғасын мұқтажы болатыны белгілі. Мұнда да арнайы келген облыс басшысына ел атынан ауыз су мәселесін шешу, Құлшық құмнан су жеткізу, өткен жылы орта мектеп ашылған Жуалыойға газ тарту, ауданмен арадағы жолды жөндеу, тағы басқа мәселелерді айтып, қолдау сұрағандар қанағаттанарлық жауап алды.

Жаңақала ауданын бір күн бойы аралап, біраз саланың өкілдерімен кездесіп, мұң-мұқтаж, ұсыныс-тілектерін тыңдап, мәселелерді саралап, ой түйген облыс басшысы Алтай Көлгінов сөзінде «ауданда атқарылған да, атқарылатын да істер аз емес», деді.

«Ортақ  іске  серпін  бермек» (Айша Өтебәлі) деген материалда  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов ын­тымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойғаны сөз болған.

Онлайн режимінде өткен бұл шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мү­шесі Бақтияр Мәкен, БҚОФ кәсіп­керлікті қолдау жөніндегі облыс­тық кеңес төрағасы Ж. Жақыпов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Мақсотов, кәсіпкерлікті қол­дау жөніндегі облыстық кеңес мүшелері мен орта және шағын бизнес өкілдері қатысқан.

Шараны «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбаса­ры Мұхтар Құл-Мұхаммед жүргіз­ді.

-Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  бірқатар жұмыстарды бірігіп өткізді. Атап айтар болсақ, демократиялық күш­тердің біріккен коалициясының үлкен жиынын, содан кейін жер мәселесі бойынша және басқа да шараларды бірлесіп ұйымдастыр­ды. Қарап отырсам, біздің атқа­­ратын жұмыстарымыздың «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы қызметімен тоқайласатын тұс­тары көп екен. Сондықтан жыл аяғына дейін атқаратын жұмыс­тарымызды нақтылап, бір жүйеге келтіріп алу үшін, «Нұр Отан» пар­тиясы мен «Атамекен» ұлттық кә­-
сіпкерлер палатасының қоян-қол­тық жұмыс жасауы  үшін жұмыс жоспарын бекітіп, арнайы мемо­рандумға қол қойсақ, артық болмас деп ойлаймын. 

Баршаңызға белгілі, біз өт­кен жылдың аяғында үдемелі индус­-
триялық-инновациялық даму бағ­дарламасының бірінші бесжыл­дығын аяқтап, келесі бесжылды­ғына аяқ  бастық. Өткен жылдары ел экономикасында орын алған нәрселер аз емес. Әлемде болып жатқан дағдарыс жағдайы біздің экономикамызға да зардабын ти­гізуде. Дегенмен Елбасы белгі­леп берген «Нұрлы жол», «Биз­нес­тің жол картасы - 2020», «Жұ­мыс­пен қамту - 2020», «Агробизнес - 2020» бағдарламаларын жүзе­ге асыру арқылы біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Осы бағ­дарламаларды жүзеге асыру барысы алдағы уақытта да «Нұр Отан» партиясының басты назарында болмақ.

Мемлекет басшысы жақында Астана күні қарсаңында өткен үл-
кен жиында ел алдына тағы бір міндет қойды. Ол - ел  экономикасын көтеру үшін шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі. Яғни еліміздің ЖІӨ-сіндегі шағын және орта бизнес үлесін 50 пайызға жеткізу. Елбасымыз бұл мәселе жөнінде бұдан бұрын да  айтып жүр. Мемлекет басшысының пікі­рінше, ел экономикасын дамы­ту үшін бұрынғыдай үлкен кәсіп­орын­дарды сала бермей, енді ша­ғын және орта бизнесті дамыту­­ға көшу  керек. Шағын және орта бизнесі дамыған ел дағдарыс жағ­дайында қатты қиналып қал­май­ды. Бұл ретте Елбасымыз Герма­нияны үлгі етеді. Мемлекет басшысы айтқандай,  Қазақстанды әлем­­нің дамыған ең үздік 30 мемле­кетінің қатарына қосу үшін ел эко­номикасын өркендету керек. Ал ол үшін кәсіпкерлердің жұмыс іс­теуіне мейлінше қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бұл күрделі іс­те «Нұр Отан» партиясы маңызды рөл атқаруы тиіс. Біз отандық кә­сіпкерлерге жедел және тиімді кө­мек көрсету үшін орталықтағы, сонымен бірге өңірлердегі барлық ресурстарды іске қосамыз, - деді «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары өз сөзінде.

Бұдан кейін сөйлеген «Ата­ме­кен» ұлттық кәсіпкерлер палата­­сының төрағасы Абылай Мырзах­метов еліміздің басты саяси кү­­­ші­мен бірлесіп жұмыс істеу және осы мақсатта меморандумға қол қою палата үшін ерекше жетістік болуымен қатар, үлкен  жауапкершілік жүктейтінін айтты. 

-Кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде орта және шағын бизнес­ті өркендету, ең алдымен, жұмыс­сыздықты жою үшін, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін қажет. Тұр­ғындарды шағын микробизнес­ке үйрету, бизнес негіздеріне оқы­ту елімізде кәсіпкерліктің дамуына жол ашады. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде пала­таның 188 филиалы бар, олар тұрғындарға жеке кәсіпті жүргізу тәртібін түсіндіріп, оларға заң бойынша қалай әрекет ету керек­ті­гін үйретеді. Қысқасы, өзіңіз баста­ған жетекші күшті біз қостаймыз. Қоғамдық саяси күш біріксе, үл­­кен табыс әкеледі, - деген  Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кә­сіпкерлер палатасының «Нұр Отан» партиясымен ел игілігі үшін бірігіп жұмыстануға дайын екендігін жеткізді.

Жиын барысында республика­мыздың әлеуетті кәсіпкерлері өз кәсіптері жөнінде әңгімелеп, мем­лекетіміздің орта және шағын биз­несті дамыту бағытындағы саяса­тын қолдады. Шара соңында «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ын­тымақтастық жөніндегі келісімге келіп, меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың басты мақсаты -отан­дық  кәсіпкерліктегі бәсеке­лестікті арттыру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру барысында өзара қолдау және белсенді ынтымақ­тас­тықты қамтамасыз ету.

Бұдан кейін «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен сөйлеп, партияның об­лыстық кәсіпкерлер палатасымен бұған дейін де қоян-қолтық жұ­мыс істеп келе жатқанын айтып, бүгінгі ынтымақтастық жөніндегі ме­морандумның палатамен бірлескен жұмысты одан сайын жетілдіруге септігін тигізетінін жеткізді.

Жиынды қорытындылаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен шағын және ор­та бизнестің дамуы үшін Батыс Қа­зақстан облысында барлық жағ­дай­дың бар екенін айтты. Оның сө­зінше, бүгінде ауыл тұрғындары көп өзгерген, олардың көпші­лігі жеке кәсіппен айналысуға бет бұрған. Депутат мұны жақында ауылдарды аралағанда байқапты. Ол сондай-ақ тұрғындардың заң шығарушы органдардың жұмысы жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндір­­ме жұмыстарын қызыға тыңдаған­дарын жеткізді. Парламент депу­татының пікірінше, меморандум­­ға қол қою  партия мен палата жұ­мысын бір жүйеге келтіріп, ортақ іске серпін бермек.

Пардамент депутаттары елге келгенде, тұрғындарды қабылдауға да уақыт табады. Бұл жолы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде алдын ала тіркелген 15 облыс тұрғынын қабылдап,  олардың өтініш-тілектеріне құлақ салды.  Бұл туралы «Қабылдаудан қуанып шықты» деген ақпаратта (Айша Өтебәлі) айтылған.

Қабылдауға алдымен кірген Социал Пұсырманов депутатқа көпшіліктің ті­легін жеткізу үшін келіпті. Ол Мә­жіліс депутатынан өзі тұратын кент тұрғындарының атынан За­шаған кентіне осы өңірдің бір­туар тұлғасы, белгілі ақын Жұбан Молдағалиевтің есімін беруді сұ­рады. Бақтияр Мәкенұлы үлкен кісінің бұл өтінішіне қазіргі уа­қытта мораторий жариялануына байланысты еліміз бойынша көшелер мен ауылдардың және нысандардың  атын өзгерту  уа­қыт­-
­ша тоқтатылып тұрғанын айтып, бұл мәселені мораторий мерзімі аяқталғаннан кейін республика­лық деңгейдегі тиісті орындарға жеткізуге уәде берді. Жас депутат С. Пұсырмановтың жаңадан тұр­­ғызылған үйіне жылу жүйесін өткізу жөніндегі өтінішіне де көңіл көншітерліктей жауап берді.

Қабылдауға келесі кезекте кір­ген Зай Әбужәлитов есімді қария
бұрын Қазталов ауданында тұрға­нында зейнетақысына қосымша жәрдемақы алып келгенін, қала­ға көшіп келгелі осы жәрдем­ақысының тоқталып қалғанын айтып, депутаттан соны қалпына кел­тіру жөнінде көмек сұрады. Бақ­тияр Мәкенұлы қазіргідей бюд­жет тапшылығы кезінде бұл мәсе­лені шешудің қиындығын айтып, қарияның бұл өтінішін қаперінде ұстайтынын айтты. Ал Данагүл есім­ді әйел өзінің  төрт баланың анасы екенін, солардың кішісі - бір жастан асқан баласының мүге­дек­тігіне байланысты көп қиын­дық көріп жүргенін айтып, көз жасын төкті. Оның сөзінше, бір жас жарымдағы кіші баласы ДЦП ауруымен ауырады, оның үстіне көзі көрмейді. Қалада бала-ша­ға­-
сымен пәтер жалдап тұратын әйел өзінің де, жұбайының да тұ­рақты жұмысы жоқ екенін, ба­лаларының және мүгедек бала­сының жәрдемақысымен күн көріп отырғанын айтып, депутаттан көмек сұрады. Бақтияр Мәкен­ұлы жылаған жанға көмек беру үшін дереу «Шапағат» оңалту ор­талығының басшылығымен телефон арқылы байланысты. Бұл мәселені шешу үшін депутат Да­нагүлге қабылдаудың соңына де­йін күте тұруын өтінді. Қабылдаудан соң халық қалаулысы бұл мә­селені  «Шапағат» оңалту орталы­ғының басшылығымен асықпай сөйлесіп, оңтайлы шешпек ниетте.

Депутаттың қабылдауында бол­ған Ләззат Қайырова Ақжайық ау­-
данынан келіпті.  Ләззаттың айтуынша, Райымбек дейтін жүрегі ауы­ратын інісін жүрек талмасы ұстаған кезде кардиологиялық орталыққа жеткізу қиын болып жүр. Сол үшін олар осы қаладан уа­қытша пәтер жалдап отыр. Дә­рігерлер оның жүрегін ауыстыру керек деп шешіп, донор жүрек­ке кезекке қойған. Пәтер ақысын әрең төлеп жүргенін айтқан апа­сы депутаттан інісіне ота жасаған­ға дейін уақытша тұратын орын жөнінде көмек сұрады. Бақтияр Мәкенұлы бұл жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы ар­қылы шешуге болатынын айтып, Ләззаттан шара соңына дейін күте тұруын өтінді. 

Қабылдауға келушілердің бар­лығы жас депутаттың орынды жа­уабына риза болып тарасты. Олар­дың қайсыбірі депутаттың іс-әре­кеті арқылы сол мезетте нақты кө­мек алса, кейбіреулері алдағы күн­нің жақсылығынан үмітті болып кетті.

Бақтияр Мәкен - ҚР Парламенті Мәжілісін­дегі ең жас депутаттардың бірі. Бұ­рын Батыс Қазақстан облысы әкі­мінің орынбасары қызметін атқар­ған депутатқа жергілікті деңгейде­гі мәселелерді шешу аса қиынға түспеген тәрізді. Қабылдауда бол­ған тұрғындардың өтініш-тілекте­рі­нің тез қабыл болғаны да нақ осы себептен-ау деп ойладық. Қалай бол­ғанда да, бұл жолы көмек сұрап келгендердің көбі­сінің шаруасы оң шешіліп, үйле­ріне қуанып қайтты. 

«Жақында ҚР Сенат депутаты Бірғаным Әйтімовамен бірге
ауыл-ауылдарды аралап, тұр­ғын­дардың жағдайын өз көзіміз­бен көрдік, олардың өтініш-тілек­те­рін тыңдадық. Біз өз тарапымыз­дан тұрғындарды елімізде қа­былданып жатқан жаңа заңдар­мен таныстырдық, оларға Елбасы тапсырмасы бойынша жүзе­ге асырылып жатқан мемлекет­тік бағдарламаларды түсіндір­дік. Бүгін, міне, «Нұр Отан» пар­тиясының қабылдау бөлмесінде түрлі жағдайлар бойынша қина­лып жүрген бір топ тұрғынды қабылдадым. Олардың көпшілігі тұрмыстық жағдайға байланыс­ты әлеуметтік мазмұндағы мә­се­лемен келді. Жергілікті дең­гей­де шешілетін мәселелерді сол бойда шешуге тырыстым, ал рес­пуб­ликалық деңгейдегі мәсе­лелер­-
ді қыркүйек айында Астанаға бар­ғанда, тиісті органдардың на­зарына ұсынамыз. Жоғарыға жұртты қинаған мәселелер жө­нінде айтып, оны заңды түрде шешілетіндей жағдай жасаймыз. Біздің ел аралап, осындай қабылдауларды ұйымдастыр­ған­да­­ғы басты мақсатымыз - қинал­ған  жандарға қолұшын созу, олар­­ды дұрыс жолға бағыттау, тығы­рықтан шығу жолдарын көрсету. Дұрыс жөн сілтеп, тия­нақты ке­ңес беру арқылы да көпте­ген адамдардың қиын жағдайын жеңіл­детуге болады», деді Б.Мәкен.

Облыстық газетте мәдениет пен өнер мәселелері де үнемі көтеріліп отырылады. «Ескерткіштің  орны композицияға сай таңдалмақ» - Нұртас Набиоллаұлы берген бұл материалға Орталық коммуникация­лар қызметінің облыстық филиалында өткен өңірдегі халықтық дәстүрлі өнердің дамуына арналған баспасөз мәслихатында айтылған мәселе арқау болған.

Шарада облыстық мә­дениет, мұрағаттар жә­не құжаттама басқармасының басшысы Дәулет­ке­рей Құсайынов және облыстық халық шығармашылығы орталы­ғының директоры Медхат Қам­бетов тақырыпқа сай баяндама жасады. Дәулеткерей Атауұлы об­лысымыздағы халық өнерпаздарының осыған дейінгі айтулы жетістіктеріне жан-жақты тоқтала келіп, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

-Биыл  Қазақстан Республика­сы­ның Тәуел­сіздігіне 25 жыл. Бұл жылы да дәстүрлі өнер, қазақ халқы­ның біртуар тұлғалары мен өнер дүлдүл­де­рінің мерейтойлары аталып өтілмек. Облыстық ха­лық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен үстіміз­де­гі жылдың ІІ жартыжылдығы маңызды шаралармен айшық­та­лады. Оның ішінде жыр-терме өнерінің ардақтылары - Жақ­сы­лық Сәрсенғалиев, Қалампыр Рахимова, Қаламқас Орашевалар­дың есімін ұлықтауға арналған «Термелетіп жырлайын» рес­пуб­лика­лық дәстүрлі термешілер бай­қа­уы, Қаратөбе ауданында халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәлі­ұлы­­ның 175 жылдығына арнал­ған «Сары дала сағынышы - сал Мұ­хит» республикалық әншілер бай­қауы және Батыс Қазақстан об­лысының аудан, қала көркем­өнерпаздарының «Тұғыры биік тәуелсіздік» халық шығармашылығы фестивалін үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап белгіленген кестеге сәйкес өткізу жоспарлануда. Фестиваль облыстық мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өтеді. Оған қала, аудан орталықтарындағы
ха­лықтық, жанрлық көркемөнер-паздар ұжымдары қатысады және қолөнер шеберлерінің көрме-сі облыс жұртшылығының назарына ұсынылады. Фестивальдің қорытынды гала-концертіне үздік деп танылған өнер ұжымдары қатысады. Ал 2017 жылы атақты күйші-сазгер Мәмен Ерға­лиұлы­ның 150 жылдығына арналған «Күй күмбірі - дала дүбірі» ай­мақтық-республикалық домбы­ра­­шылар байқауы, Марабай жы­раудың 175 жылдығына арналған «Жыр дүлдүлі - Марабай» рес­публикалық жыршылар байқауы, қолбасшы батыр, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 275 жылдығына «Сайын дала Сырымы» республикалық ақындар айтысы, 2018 жылы күйші-сазгер, домбырашы, күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы­ның 195 жылдығына арналған «Күй атасы» аймақтық-республикалық домбырашылар байқауы, «Жайық айтысына - 60 жыл» облыстық ақындар айтысын өткізу жоспарлануда. Айтыс өнерін дамытуға үлес қосқан аға-апаларымыз өте көп. Солардың бірі Кенжеғали Балабасов алдымыздағы 15 шілде күні 75 жасқа толады. Елімізге танымал ақын Бауыржан Қалиол­ла эстафетаны лайықты қабылдап алып, айтыс өнерінің дамуына мұ­рындық болып келе жатыр. Кеше ғана шәкірті Бауыржан Ширмеди­нов республикалық айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды, - деді облыстық мәдениет, мұрағаттар жә­не құжаттама басқармасының бас­шысы Дәулеткерей  Құсайынов.

Жиын соңында Астана күніне орай өткізілген республикалық ай­тыстан бас жүлдемен орал­ған жерлесіміз Бауыржан Ширме­динұлы сайыстан алған әсері­мен бөліскен.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы құрамында түрлі этномәдени бірлестіктер өз мерекелерін ұдайы ұйымдастырып отырады. Бұл жолы қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Татар мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі дәстүрлі Сабантой мейрамын тойлады. «Саябақтағы  Сабантой» деген ақпараттан (Айымгүл Сүндет) белгілі болғанындай, аталмыш мейрамның тариxы тереңде.  «Оны ұрпақтан-ұрпаққа жал­ғастыру мақсатында күні бүгінге де­йін барлық сән-салтанатымен тойлап жүр­міз. Сабантой Қазақстанда мекендейтін ұлттар арасындағы достықты нығайтады. Мерекеге қонақтардың көп келуі қуантады», - дейді татар мә­дени орталығының төрайымы Галима Ваганова.

Саябаққа жиналған көпшілікті аталмыш мерекемен құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжа­нов, Татарстанның өкілетті өкілі Рүс­тем Валиулов және ҚХА мүшелері кел­ді. Рустем Валиулов татар диаспо­ра­сының белгілі өкілдеріне Бүкіләлем­дік татар конгресінің атынан медаль­дар мен алғысxаттар табыстап, Та­тарстан президенті Рустам Минни­xа­новтың құттықтау хатын оқып берді.

Мерекелік шараға жергілікті  өнер­паздармен қатар Ресей мен Татарстанның  белгілі әртістері де қатысты. Олар татар тілінде әндер шырқап, ұлттық билерді орындады.

Концерттік бағдарлама ұлттық ойындар мен көңілді жарыстарға ұласты. "Көрәш" ұлттық күресінен 22 жастағы Нұрбол Серіков жеңімпаз атанып, қанжығасына қой байлады. Саябақ төрінде татар ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Оған Марат Халелов, Алина Ваганова, Рузалия Хантемірова секілді жас шеберлер өз жұмыстарын ұсынды.

Шара "Татарча марафон" атты гармоншылар сайысымен аяқталған.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру назардан тыс қалмақ емес. Мысалы, Жәнібек ауданы кәсіпкерлерінің мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалануға жыл санап ынтасы артып келеді. Бұған аудандық кәсіпкерлік бөлімі де тиісінше ықпал жасауда. Бұл жөнінде «Төрт  жобаны  іске  асыру  көзделуде» атты ақпаратта Нұрымбек Жапақов хабарлаған.

Аталмыш бөлімнің басшысы Роберт Биғалиевтің мәліметінше, бүгінгі таңда кәсіпкерлерге «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағ­дарламасы және ауылдағы кәсіп­керлікті дамыту бойынша несие­лер берілуде. Бұл ретте 19 пайыз­дық мөлшерлемемен берілген не­сиенің 10 пайызын демеуқаржы ретінде мемлекет төлейді, ал кә­сіпкер жыл ішінде несиенің 9 па­йызын төлейді. Ауылдағы кәсіп­керлікті дамытуға «Даму» қоры ар­қылы 500 миллион теңге және об­лыстық бюджеттен 500 миллион теңге, барлығы бір миллиард тең­ге мөлшерінде қаржы 8,5 пайызбен республика бойынша алғаш рет біздің облыста бөлініп отыр. Күні бүгін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері осы ба­ғытта бөлінген қаржыны кәсіп­керлердің несиеге алуына  ықпал жасау мақсатында ауылдық ок­ругтерді аралап, түсіндіру жұмыс­тарын жүргізуде. 

Бүгінде жоғарыда аталған екі бағытқа сәйкес төрт жобаны іс­ке асыру көзделуде. Дәлірек айт­қанда, бұл жобалардың екеуі мал шаруашылығын дамытуға арнал­са, біреуі жеке дүкенге қосымша жабдықтар алуға, тағы бірі  тас шығаратын цех ашу үшін бағыт­талуда.

Елбасы Жолдауын, Президент тапсырмаларын орындауда түрлі сала басшыларының сөздері, пікір-ұсыныстары маңызды. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева «Бәсекеге  қабілеттіліктің бір тетігі» білім саласындағы өзекті мәселелерді сөз еткен.

«ҚР  Президенті Н. Назарбаев 2009 жыл­ғы «Жаңа әлем­дегі жа­ңа  Қазақстан» атты халық­қа  Жолдауында  елі­міз­дің жоғары  қабілетін қалыптастыру және азамат­тардың мәдени жүйесін кезең-кезеңмен  ілгерілету мақсатында  «Үш­тұ­ғырлы тіл» саяса­тының жобасын белгіледі. Осы орайда көптілді білім беру­ді  мектепке дейінгі, орта, жоғары білім беру ұйымдарында  қазақ, орыс, ағыл­шын тілін меңгертуге бағыт­талған жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда көптілділікті енгізудің алғы­шарттарына толық жағдай жасалған. Жалпы алғанда, көптілділікті дүниежүзілік деңгейдегі бәсекеге қабі­леттіліктің негізгі бір тетігі ретінде қарастырған жөн.

Егер осыларды ескерсек, оқыту мемлекеттік тілде, яғни  ана тілінде және ұлт­аралық қатынас орыс тілінде жүргізіледі. Орыс тілді мектептер, колледж, жоғары оқу орны және барлық оқу орнында орыс тілінен басқа бір шет тілі жүргізіледі. Бұл Қазақстанда екітілді жағдай  қа­лып­тастырылған және көптілді білім жүйесі бар дегенді білдіреді.

Көптілді білім беруді жүзеге асы­ру тәжірибесі  Назарбаев зият­керлік  мектебінде қалыптасқан.  Қа­­зіргі заманғы халықаралық тәжі­рибенің талдауын ескере отырып, тілдерді оқытудың деңгейлік жү­йесіне негізделген үштілділік оқы­ту моделі енгізіліп отыр. Бұл модель оқушылардың қазақ, орыс жә­не ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша тілін толық игеруіне негізделген.  

Шет  тілді ортаға енгізуде ин­терактивті әдістердің мүмкіндік­тері мен оқу үдерісіне екінші жә­не үшінші тілдің енгізу ережеле­рін ескерген жөн. Биология, фи­зика, химия, математика, информатика пәндерінің ағылшын тілінде  оқытылу тәжірибесі қазақ-тү­рік мектеп-лицейінде  қалыптасқан.

Бүгінгі  білім беру жүйесі алдында ерте жастан  ағылшын ті­лін оқыту  міндеті тұр.  Көптілді оқы­туды білім жүйесінің барлық кезе­ңінде: «мектепке дейінгі ұйым - мектеп - жоғары оқу орны - мектепке дейінгі ұйым»  көптілділікті да­мытудың айналмалы кезеңі осылайша  рет-ретімен жүзеге асады.

Мұғалімдер мен оқушылардың алдындағы  негізгі мақсат -  жеке көптілділік мәдениетті дамыту,  кә­сіби деңгейін көтеру, өз елінің та­рихы мен дәстүрін білу, көптілді­лікті меңгере алу, қандай жағдай болса да үштілділікті білу, өз-өзін алға қарай жетелей алу.

Көптілділікті дамыту мақсатын­да біздің облысымызда да жүйе­лі іс-шаралар жүргізілуде. Ағым­да­ғы жылдың ақпан айында Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гим­на­зиясында «Көптілділікті дамыту аясында шет тілін ерте жас­тан оқыту» атты семинар-прак­тикум өткізілді. Әдіскерлер мен мұғалімдер қойылған  сұрақтар­дың өзектілігіне мән беріп, ағыл­шын тілін ерте жастан оқыту жү­йе­сі туралы өз ойларын, пікірле­рін ортаға салып саралады. Об­лыс­тық  қазақ-түрік мектеп-лице­йі базасында «Көптілділік білім - заман талабы» атты жаратылыс­тану-математика бағытындағы ау­дандық, қалалық, облыстық мұға­лім­дерге арналған семинар-прак­тикум ұйымдастырылды. Сондай-ақ үштілділік идеясын дамыту, әлемдік білім жүйесінде таратыл­ған көптілділік практикасын мек­тептердегі пәндерді шет тілінде оқыту, жасөспірімдердің қызығу­шы­лығын арттыру мақсатында «Көптілділік білім -  жаңаша оқы­тудың бір тетігі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге М. Өте­місов атындағы БҚМУ оқы­ту­шы­лары, Ж. Досмұхамедов атын­да­­ғы  педагогикалық колледж  оқы­тушылары,  Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, аудандық және қалалық әдістемелік каби­нет­тің әдіскерлері,  жаратылыс­та­ну-математика бағытындағы жал­пы орта білім беретін мектеп­тер­дің  мұғалімдері қатысты. Ақсай қаласындағы №3 мектепке дейін­гі ұйымы базасында «Балабақша­да үштілдік - көптілді мәдениет­ті  тұлға ортасын қалыптастыру» атты семинар өткізілді.

Жалпы орта білім берудің  сапа­лылығы мен бәсекеге қабілеттілі­­гін арттыруда көптілділікке байланысты жұмыстарды жалғастыру қа­жет. Мұндай модельдерді жал­ғас­тыру үшін біз жаңа бағыттағы мұ­ғалімдерді  дайындауымыз  керек.

Осы мақсатта М. Өтемісов атын­дағы  БҚМУ-да өткен ағылшын тілі курсын 35  мұғалім тәмамдады. Қа­лалық және облыстық мектеп­тердің 60 информатика пәні мұғалімдеріне қазақ-түрік мек­теп-лицейінің мұғалімдері тілдік курстарын жүргізді.

Облыстық тілдерді дамыту бас­қармасының ұйымдастыруымен     Ба­тыс Қазақстан индустриалдық  колледжінде 42 мұғалімге арнал­ған ағылшын тілі курсы өтуде.  Курс­­ты ұйымдастырудағы мақсат - ағылшын тілін үйретуге белгі­лі тәртіпті кезеңмен жаңаша білім бағдарламасына ену.  Алдағы оқу жылында механикалық өңдеу, КИП және өндірістегі  автоматика мамандығында  информатика пә­нін ағылшын тілінде оқыту  жоспарлануда.

Биылғы маусым айын­да қазақтүрік лицейінің базасында облыс
бойынша 500 5-6-сынып оқушы­ла­рын қамты­ған «Көптілділікте қолжетімділікті және сапаны қам­та­масыз ету» тақырыбындағы тілдік мектеп  жұ­мыс  жасады.

Атқарылған шаралардың  бар­лығы 2019-2020 оқу жылынан бас­тап мектептегі жоғары буында көптілді білім беруді енгізуге арналған дайындық жұмыстары болып табылады.

Алда пән мұғалімдеріне тілдік курстар, мұғалімдер мен оқу­шыларға  онлайн-сабақтар  және он­лайн-консультация жүргізіле­ді. Орал қаласындағы  Назарбаев зият­­керлік  мектебінде мұғалім­дер та­ғылымдамадан өтеді және қазақ-тү­рік лицейінің мұғалімдерімен іс-тәжірибе  бөліседі», делінген мақалада.

«Орал өңірі» газетінің 14 шілде күнгі нөмірінде Орал қаласында электрод өндіретін зауыттың ашылғаны жөнінде «Тұңғыштың тұсауы кесілді» (Айша Өтебәлі) деген көлемді ақпаратта мәлім етілген. Бұл - өңірдегі осындай тұңғыш зауыт. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты.   

«БатысГазСтрой» ЖШС жаны­нан ашылған бұл зауыт дәне­кер­леу жұмысына қажетті электрод­тардың түрлі маркасын шығаруды бұдан бір апта бұрын бастапты. Шағын кәсіпорынның сынақ мерзімінен еш кедергісіз өткенін айтқан «БатысГазСтрой» ЖШС директоры Сапарғали Айтқалиев жиналғандарды электрод даярлайтын цех жұмысымен таныстырды.

-«БатысГазСтрой» ЖШС газ өткізумен, су өткізумен, жол және көпір құ­рылысымен айналысады. Жұмыс барысында біз үнемі жекелеген материалдардың  жетіспеушілігіне тап болып жүреміз. Соның ішінде дәнекерлеу жұмысына қажетті электродтардың жетіспеу­шілігі ай­қын сезілетін. Бізге бұл материалдар көрші Ресей елінен келетін. Біреулерге үнемі тәуелді болудан шаршап кеттік. «Осы электродтарды өзіміз дайындап көрсек қайтеді?» деген ой келді. Сөйтіп, желтоқсан айында осы бағытта жұмыстануды бастадық. Ресейдің кәсіби мамандарымен байланысып, электрод даярлайтын зауыт жобасын жасауға кірістік. Бізге осы жұмысымызды жүзеге асыруға Мәскеу қаласының «Роттекс» компаниясы көмектесті, жігіттерге көп рахмет!  6-7 айдың ішінде жоба да­йын болды. Өздеріңіз көріп тұр­сыздар, бүгінде зауыт өзінің ал­ғашқы өнімін бере бастады. Іске қосылғанына бір аптадай ғана болған зауыт бір ауысымда 2 тонна, тәулігіне 6 тонна электрод шы­ғарады. Бір айта кететін жәйт, электрод даярлайтын мұндай за­уыт облысты былай қойғанда, бұ­рын-соңды елімізде болмаған. Мұндай электрод зауыты - Қа­зақ­станда әзірге тек біреу, ол - осы кәсіпорын, - деген Сапарғали Нау­рызұлы жиналғандарға арнайы құ­рылғыларды пайдалану арқылы электродтарды қалай даярлайтынын көрсетті.

Оның сөзінше, электрод өнді­ретін құрылғылар Ресейден сатып
алынған. Аталмыш өнімді дайын­дауға қажетті сымтемір мен оның сыртын қаптайтын күкіртті жабындар да Ресейден  әкелінеді екен.

-Бірақ бұл уақытша жағдай, егер осы жобамыз сәтті жүзеге асып жатса, Қазақстанның қойны-қонышы кең, қазынаға толы ел ғой, бұл шикізатты өз елімізден де табармыз деп ойлаймын, - дейді іскер басшы үлкен сеніммен. Электрод даярлауға қажетті шикізат арнайы құрылғыда уатылып, уақ түйіршіктерге айналады, иленеді. Содан кейін оны  электродтардың сыртын қаптауға пайдаланады.  Цехта тастарды да қамырша илеп, ұнтаққа айналдырып жіберетін тағы бір қуатты құрылғы бар. Бұл құрылғының атқаратын міндетін жабдықтарды цех ішіне орналастырып жүрген ресейлік жігіт бізге тәптіштеп тұрып түсіндіріп берді. 

Жұмысшылардың айтуынша, бұл құрылғылар 1 минутта 120 да­на электрод сымын дайындап үл­гіретін көрінеді.

-Әзірге цехта бір ауысыммен оншақты жұмысшы істеп жатыр,  кейін жұмыс көлемі ұлғайғасын, жігіттер екі немесе үш ауысымда істейтін болады. Әр ауысымда он адамнан  болса, бұл цех толық қуатына көшкенде барлығы 30 шақты адамды жұмыспен қам­та­масыз етеді. Кәсіпорын элек­тродтың 50-ден астам түрін шыға­ратын болады. Ал енді «Кәсіпорын өніміне сұраныс бар ма? Электродтарды қалай өткізесіздер?» деген сұраққа жауап берер бол­сам, әзірге Ақтөбе, Ақтау және Атырау облыстарының кәсіпорын­дарымен келісім жүріп жатыр. Нарықтық қарым-қатынас болған­дықтан, базарларда Қытай мен Ресейден әкелінген электродтар, әрине, толып тұр. Бірақ тұтыну­шылар қай өнімді де сапасына қарап бағалайды ғой. Сондықтан, жігіттеріме әуелден «Сапасы-сізден, бағасы - бізден» деп шарт қойғанмын. Егер жігіттердің шығарған өнімі сапалы болса, әрине, тауарымыз өтімді болады. Барлық кәсіпорындар сияқты, біз де өз тауарларымызды жарнамалаймыз, жер-жерден сауда нүктелерін ашып, кәсіпорын өнімдерін сат­тыққа шығарамыз. Әзірше, электрод зауыты  «БатысГазСтрой» ЖШС-ның жанынан жұмыс істейді. Бірақ, кейіннен, өндіріс орны аяғынан тік тұрғаннан кейін жеке мекеме болып тіркеледі, - дейді  «БатысГазСтрой» ЖШС басшысы Сапарғали Айтқалиев жаңадан ашылған өн­діріс орнының болашағынан үлкен үміт күтіп. 

Осы жерде облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов кәсіпорын ұжымын жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтап, олардың жұмысына жеміс тіледі.

-Бүгін өңірімізде тағы бір жаңа өндіріс орны ашылды, бұған бәріміз де қуанып тұрмыз. Бұл зауыттың бұрынғылардан бір айырмашылығы, кәсіпорын таза кәсіпкердің өз қаражатына құрылды. Кәсіпкер бұл зауытты жасақтау үшін өз қалтасынан 100 млн. теңге қаражатын шығарды. Бұл жағдай қазақстандықтардың ел саясатын түсініп келе жатқанын көрсетеді. Бұрыннан «БатысГаз­Строй» ЖШС-ны басқаратын Сапар­ғали Наурызұлы - шағын және ор­та бизнесті дамытуға үлкен үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкер. Іскер басшының бұл істе де оза шауып, үлкен жетістікке жететініне сенімім мол. Барша кәсіпкер осы ағамыз секілді бизнестерін жолға қойып, жаңа кәсіпорындарды жиі ашып жатса, елімізде, ең бастысы, жұмыссыздық азайып, ел экономикасы көтерілер еді. Экономикамыз өрлесе, барша халық үшін жақсы болары сөзсіз, - деген Игорь Стексов өз сөзінде.

Елімізде мал ішінен түрлі ауру шығып, жұртшылықты алаңдатып отырғаны аян. Осы мәселе «Мал  молалары  түгенделуде, бірақ анықталмай отырғандары да баршылық» (Сәкен Мұратұлы) деген мақалада сөз болады.

Осыдан бір айдай уақыт бұрын Қарағанды облысындағы Еркіндік ауылында сібір жарасы шығып, екі адам қаза болғаны белгілі. Ауру қоздырғышын жұқтыруға ашық қалған мал көмінділері негіз болғандығы болжануда. Ауыл маңындағы жайылымнан табылған қорым жылдар бойы қоршаусыз тұрған. Сібір жарасын ескертетін арнайы белгі де болмапты. Төрт түлік болса, бұл маңда еркін жайылып келген...

Ал Батыс Қазақстандағы жағдай нешік? Аталмыш дертке шалдығып өлген  түлікке қатысты мал молалары қаншалықты анықталған? Оларды қоршау жұмыстары қалай жүруде?

-Өңірімізде 1938-2013 жылдар аралығында тіркелген сібір жарасы ошақтарының кадастры бойынша тіркелген ауру ошағы саны - 228. Күні бүгінге дейін біз со­ның 144-ін таптық. Қалғаны із­дестірілуде. Алайда ол оңай жұ­мыс емес. Себебі бұрындары атал­мыш ауруға қатысты құжаттар жөн­ді дайындалмаған. Арнайы  жасақталған жұмыс тобы бұрын­ғы мал мамандарынан, ауыл ақса­қалдарынан сұрастырып іздесті­ру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бағыттағы іс-шараларға байла­нысты 2015-2016 жылдары аудан­дық бюджеттерден 18 055 мың теңге бөлінді. Оның 1 754 мың теңгесі сібір жарасы көмінді орындарына қоршаулар мен белгілер орнату үшін, ал 16 301 мың теңгесі жер жобасын, жер актісі дайындауға және Ұлттық экономика министр­лігінің жер кадастрының автомат­тандырылған жүйесіне енгізу жұ­мыстарына бөлінді. Жоғарыда ай­тып өткен 144 қорымның 84-інде
қоршаулары, арнайы белгілері бар. Бірақ олардың біразы бұ­рын ағашпен, тікенек сыммен қор­шал­ған. Бұл бүгінгі талапқа сай келмейді. Сол себепті ондай мал молалары қайта қоршалатын бо­лады. Анықталған мал молала­ры­ның 79-ы жер кадастрының автоматтандырылған жү­йе­сіне енгі­зілді. Кей­бір анықтал­ған мал молаларының орын­да­ры шаруа қо­жа­лық­тарына тиесілі жер телі­мінде орналасуы­на байланысты келісім жұмыста­ры жүргізілуде жә­­не ол орын­дар­ға белгілер қойы­лып, тиіс­ті құжат­тар дайындалу­да. Кү­ні бүгінге об­лыс бойынша сібір жарасына бай­ланысты эпизо­отиялық жағдай тұ­рақты, - дей­ді об­лыстық ветери­нария басқар­ма­сы басшысының орынбасары Ерболат Ахметов.

Егер аудандарға бөліп қара­сақ, анықталмай отырған қорым­дардың көпшілігі Теректі ауданы­ның еншісінде екен. Аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Жанайым Бисенғазиеваның сө­зіне қарағанда, мұнда сібір жарасына шалдығып өлген малдар­ға қатысты 25 мал моласы табылмай отыр. Ал белгілі болғаны - 14. Олар негізінен Ұзынкөл, Доли­ный, Подстепный, Богданов, По­катилов ауылдарының төңірегі­нен  табылған. «Біздің қолымызда 1958-1982 жылдар аралығында­­ғы ауру ошақтарының кадастрлық құжаты бар, - дейді Жанайым Бисен­ғазиева. - Сол құжатта Приречный ауылында әр жылдары сібір жарасынан өлген малдар, яғни 1965 жылы сиыр, 1968 жылы шошқа, 1988 жылы тағы бір шошқа бір мо­лаға көмілгендігі белгіленген. Бірақ ол моланың нақты орнын білу қиынға соғып тұр. Себебі ол кезден бері жер бедерінде, ау­мақтық жағдайға байланысты бі­раз өзгеріс болды. Мал қорымын анықтайтын да ешқандай белгі жоқ. Ауыл тұрғындары да шамасын айтқанымен, дәл осы жер деп көрсете алмай отыр. Болжамды жерлерді қазып та қарай ал­маймыз. Өйткені аурудың қоз­дырғыштары топырақтың астында 100 жылдан астам уақыт өмір сүреді. Егер олар топырақтың беткі қабатына шығып кетсе, үлкен қауіп төндіреді. Спораларға күн­нің суықтығы да, ыссылығы да еш әсер етпейді. Айта кетер бір жайт, егер осы іздеу жұмыстары барысында малдар осылай бір жер­ге көмілгені анықталса, онда қо­рым саны да айтарлықтай азаяды».

Мал  моласы демекші, мамандар ауылдағы ағайынға өздері жөнді білмейтін жерлерге мал  жаю­ға сақ болу керектігін ескертеді. Себебі ол жерлерде қарау­сыз, ашық-шашық күйінде мал молалары  болуы әбден мүмкін. Ал осыдан бес-алты жыл бұрын Шы­ғыс Қазақстан облысында топырақтың беткі қабатында жатқан ауру қоздырғыштары мал арқылы адамға жұққан дерегі тіркелді. Бұл жөнінде Семей мемлекеттік ме­дициналық университетінің «Ғы­­лым мен денсаулық» деп аталатын журналында кең көлемде жа­зылған. Қысқаша баяндап өт­сек, 2011 жылы 22 қыркүйегінде ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша де­партаментінің Үржар аудан­дық басқармасына Мақаншы ауруха­насынан телефон арқылы жедел хабарлама түскен. Онда 1966 жы­­лы туған М. есімді азаматқа «Сібір жарасы, терілік формасы» диаг­нозы қойылғаны айтылған. Нау­қас­тың сөзіне қарағанда, ол үш күн бұрын моншаға түскеннен кейін жалпы әлсіздік пайда болып, дене қызуы көтерілді. Осы күні сол жақ шынтақ буынның ішкі жағында терісі қызарып, қышыған. Қышы­ған жерін науқас қасыған. Артынша сол жерде кішкене жара пай­да болғасын дәрігерге барған. Оны терапевт, инфекционист, хи­рург, дерматолог қарап, аталмыш диагнозды қойған. Эпидемио­ло­гиялық-эпизоотиялық тексеру ке­зінде анықталғандай, М. осы дерт­ке шалдығар алдында өзінің үйін­дегі тоқтысын сойып, етін отбасы­мен, ауласында құрылыс жұмыс­та­рын жүргізіп жатқан жігіттер­мен бірге жеген. Терісін сатқан. Тоқтыны соярдан бұрын қой ба­ғып келеді. Қойлар «Үшінші бесжылдық» деген жерде жайыл­ған. Артынан белгілі болғандай, бұл жер сібір жарасының ошағы болып саналады екен. Себебі 2001 жылы аталмыш дертке шалдық­қан ірі қара малы дәл осы жерде сойылыпты. Мал сойған бес жі­гіттің екеуі ауру жұқтырған. Со­ған байланысты науқастан (оның жарасынан, қанынан) және ауру ошағының сыртқы ортасынан (ет, қи, жүн, топырақтан) жиырма­ға жуық сынама алынып, олар ШҚО СЭҚД-ның аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасына жеткізілді. Зерттеу қорытындысында сойылған қой терісі мен науқастан алынған сынамаларда сібір жара­сына оң әсері анықталды. Осы­лай­ша Мақаншы ауылдық округінде­гі «Үшінші бесжылдық» жерінде­гі  топырағы жұқпаның көзі болып саналды. Споралар шаңмен бірге малдың жүніне түскені белгілі болды. Науқас сойылған малдың терісін сатуға апарғанда, теріде­гі споралар оның қолындағы мик­рожараға енген. Науқас уақ­ты­лы дәрігерге барып, толық ем қа­был­дауының нәтижесінде бұл аурудан жазылды. Бұл азамат пен қарым-қатынаста болған 19 адам медициналық-обсервациялық бақылауға алынып, оларға ем-дом шаралары жасалды. Науқастың қора-жайына, мал сойған орынға және тері сатып алған адамның тері қоятын қоймасына ветеринария қызметкерлері залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Ауыл­дағы барлық төрт түлік мал сібір жарасына қарсы егілді. Одан ке­йін адамдарда және мал арасын­да сібір жарасы тіркелген жоқ.

Мамандар малдарға екпе жүр­гізу сібір жарасынан сақтанудың ең тиімді әдісі екенін айтады. Сол себепті мемлекет тарапынан тиісті мөлшерде дәрі бөлініп, барлық малға тегін екпе жүргізі­луде. Облыстық ветеринария басқармасынан алынған мәліметке қа­рағанда, алты айлық жоспар бо­йынша өңіріміздегі 281,197 мың бас ірі қара, 550,810 бас қой, 45,820 бас жылқы, 2,999 мың тү­йе, 17,160 мың бас шошқа, яғни 100 пайыз сібір жарасына қарсы егілген.

-ҚР «Ветеринария туралы» за­ңына сәйкес, тұрғындар, шаруа­шы­лық иелері  мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада мал дәрігеріне хабарлауы керек. Мұндай жануарларды ветеринар келгенше соймау қажет. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау адамдар мен жануарлардың дертке шалды­ғуы­­на әкеліп соғуы мүмкін. Сол себеп­ті олар қылмыстық жауапкерші­лік­ке тартылады. Осы сәтті пайда­лана отырып тұрғындар малда­рын уақтылы ектіру керектігін және ет пен үй жануарларынан алынатын басқа да өнімдерді арнайы мал дәріге­рінің бақылауы­нан өтпеген, сату­ға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұл­ғалардан ал­маған жөн екенін де ескерткім ке­леді, - дейді облыс­тық ветеринария басқармасы бас­шысының орынбасары  Ерболат  Ахметов.

Ісмерлік - ежелден келе жатқан өнер. Оның қазіргі жай-күйі қалай? Бұл туралы Гүлжамал Жолдығалидың "Қолыма  ине-жіп  алсам, санам  сергіп,  рахаттанып  қаламын" деген мақаласынан оқуға болады.

«Соңғы кездері әр үйдің төрінен құрақ көрпелерді жиі байқап жүрміз. Сан алуан түсті маталарды қиюластырып, қиықтарды үйлестіріп, құрақ көрпе жасап, тысын тігетін ісмер апа-әжелердің қатарының  көбейіп келе жатқаны бізді  қуантады. Сондай қолы шебер  әжелердің бірі Алтынай Мәмбетованы арнайы іздеп бардым», дейді автор.

Кейіпкеріміздің ине-жіппен достығы 7-сынып оқып жүргенінде басталыпты. Дәл осы жылы әкесі «Қызым ісмер болсын» деп іс тігетін машина сыйға тартады. Ол кезде аядай ғана ауылдағы әр үйде іс машина жоқтың қасы еді.  Сондықтан ол әкесі сыйға тартқан машинамен ең әуелі өзіне, кейін анасына көйлек тігіп береді. Әрі қарай үйдегі жыртылған киім-кешекті жамап, төсек-көрпелердің тыстарын тіге бастайды. Ол кезде көрпелерге құрақ салмайды. Матаны ұзыннан қиып, тіге беретін.  Бүгіндері  жасы 70-ке жақындаған Алтынай әжейдің ісмерлікке қызы­ғушылығы сол кездерден бастап ояна бастайды. Ақкөңіл Алтынай әже жасап жатқан көрпе тыстарын көрсетіп, әңгімесін айтты.

-Құрақ көрпетыстарын тігуге үш-төрт күн уақыт кетеді. Қиықтар­ды сызғышпен өлшеп, түп-түзу қы­лып, қиып аламын.  Көрпетыс сәнді болу үшін түстерінің сәйкес келуі, қиып алған қиықтарының бір-бірі­мен үйлесім табуы маңызды. Негі­зінен осы көрпетыстарды Семей жақтың халқы жақсы алады. Өзім Семей, Астана, Алматы қалалары­на жиі барамын. Жүрген жерімде өзгеше дүние көрсем, суретке тү­сіріп аламын. Келген соң сол дү­ниені жасағанша асығамын.  Құрақ­тан құрап көрпенің тысын жасау - үлкен еңбек. Біраз уақытың кетеді. Сонда да жаным қалайтын іс болғасын тастағым келмейді, - дейді кейіпкеріміз. Балалық шақтан басталған ине-жіпке құштарлық өмір жолында, кейіннен отбасылы болғанда да, өзіне көп көмегін тигізіпті. Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылында тұрған Алтынай әжей сауыншы болып жұмыс жасайды. Жұбайы ертеректе қай­тыс болғандықтан, бес баланы тәр­биелеп өсіру де оңай болмайды. Әйтсе де  негізгі жұмысына қоса, арасында өтініш айтқан ауыл келіншектеріне көйлек тігіп беріп, аз-мұз еңбегін алып жүреді. Жастайынан еңбекке бейім өскен Алтынай әжей ауыр жұмыстан қашпайды. Сиыр сауып, қой қырқып, арасында іс тігіп, бес құлынын жетілдіріп-жеткізеді. Кейіннен зейнеткерлікке шыққан соң, өзі қалаған ісмерлікпен дендеп айналыса бастайды.  Кейіпкерімізге қыз жасауына салатын төсеніш, шай көрпелер жасауға тапсырыс көптеп түседі екен. «Алты төсеніш көрпе мен шай көрпе, диванға қоятын кішкентай көпшіктерге тапсырыс береді. Оны жасау үшін бір айдай уақытым кетеді», - дейді Алтынай әжей.

Халық арасында құрақ сөзінің мағынасы «Құдай құрастырсын» дегенді білдіреді деген  пікір бар. Бұрындары өмірге келген перзенті шетіней берген ерлі-зайыптылар ел ішінде мата қиындысын жинап, бір-біріне жалғап, құралған матадан «құралсын, көбейсін» деген ырыммен көйлек тіккен немесе көп жыл зарыға күткен перзентін «Тіл-көзден аман болсын» деген ниетпен құрақ көрпеге ораған. Жаңадан қосылған  шаңырақ иеле­ріне де «Дүние құралып, мал-мүлік бітіп, үй болып кетсін» деген тілекпен тысы құрақ көрпе-көпшік сый­лаған. 

-Жалпы әйел затының іс­мерл­ік­ке жақын болғаны дұрыс. Өзім қо­лыма ине-жіп алсам, санам сер­гіп, рахаттанып қаламын.  Одан бөлек іс тігу әйел адам­дарды сабырлылыққа, үнемділік­ке, төзімділікке үйретеді.  Құрақ­ты түрлі түсті ма­талардан құрайтын­дықтан,  адам ойының ұшқырлығы, қиялы ар­та­ды. Әсемдікке, әдемі­лікке құштар бола бас­тайсың. Үнемі құрақ құрап жүргеннен кейін бояулардың сырын біліп, дүниетанымың кеңейе­ді. Сондықтан икемі  болса, әйел адамдарға іс тіккен өзі үшін де, отбасы үшін де пайдалы, - дейді Алтынай әжей.

Біздің кейіпкеріміз құрақ көр­пе тігуден бөлек тоқымамен де айналысады. Ол кісі тоқыған қол­ғап-шұлықты қыс мезгілінде  ауыл тұрғындары ерекше қызығушы­лықпен сатып алады. Сондай-ақ ол кісінің қолынан шыққан жөке (мочалка), шәйнек-құманның астына төсейтін төсемелері де сұранысқа ие. Одан бөлек бау-бақша өсіріп, ауласын гүлмен көмкеріп қойған ісмер әжейдің еңбекқорлығы - бөлек тақырыпқа жүк боларлық әңгіме. Бастаған ісін аяқтағанша тыным таппайтын әжейдің аналық жүрегімен көз майын тауысып, құ­рап берген құрақ көрпелері талай жастың құралып, үй болып кетулеріне ықпал етіп жатқан шығар.
Біз де өз тарапымыздан жаны сүйген іспен айналысып, айнала­сына шуақ сыйлап жүрген кейіп­керіміздің деніне саулық, жанарына шырақ, қолына қуат тілейміз.

Айта кетейік, құрақ көрпе - жай ғана көрпе емес. Оның маңызы тереңде. Ертеректе құрақ көрпені «Үй болып, бірігіп кетсін, көбейсін, өссін» деген ниетпен қыз жасауына арнайы салып жіберетін болған. Сондай-ақ бір айырылып, бір қосылып, үйлесе алмай жүрген жастарға да «Тезірек көңілдері жарасып, құралып кетсін» деген ниетпен құрақ көрпе сыйлаған.

Құрақ құрау кезінде ою-өрнек пен өлшемге ғана емес, мата түсі­-
не де аса зор мән берілген. Түрлі түсті бояуымен көз қарықтыра­тын құрақта жиі пайдаланылатын  түстердің сыры мынадай: көк, кө­гілдір түс  ашық аспанды, сәттілікті бейнелейді. Қызыл түс - жанған оттың, аққан қанның, өмірдің бел­гісі. Жасыл түс жастықтың, бас­таудың, көктемнің, өсімдіктің сырын шертсе, ақ түс  парасаттылық пен асқақтықтың, адамдық пен ар
тазалығының мәнін ашады. Сары түс - даналықтың, білімділіктің, қа­ра түс - қиындық пен қараңғы­лық­тың белгісі. Сол себепті құрақта бұл түстер бір-бірімен тығыз байланысып, өмірдің бір ғана түстен тұрмайтынын анық ұқтырады. Сон­дықтан болар, шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түсті өзінше сөйлетуге тырысады. Құрақтың біртегіс, әде­мі шығуы үшін астарлап тіккен.

Қолөнер шеберлері құрақ тігі­сін  қарсы құрақ, шаршы құрақ, шырша құрақ деп үш түрге бө­леді. Қарсы құрақ бір-біріне қарсы тігілсе, шырша құрақ шырша тә­різді бір-бірімен қиылыса отырып жалғасады. Ал шаршы құрақ төртбұрышты қиындылардың бірі екіншісіне жалғанады. Осылайша, мата түрін өзгерте отырып, түрлі өрнектерді өмірге әкелуге болады.

«Қордың  басты  мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру» - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ны  бүгінде халық жақ­сы біледі. Әсіресе, кең байтақ елі­міздің ауыл шаруашы­лы­ғын өр­кен­­де­туге үлес қосып келе жат­қан шаруа баққан  малшыға, диқанға, жалпы, жыл-он екі ай күнкөрісін ауылдағы кәсіппен бай­ланыстырған еңбекқор жандар оны өзіне мықты сүйеніш көреді. Осы қор арқылы өзі қалаған кәсіп­тің тізгінін ұстап, бүгінде талай нәтижеге қол жеткізген шаруалар еліміз бойынша бірнеше мыңдап саналады. Келешегі кемел қор алдағы уақытта да талай еңбек­кердің томағасын сыпырары кәміл. Осыған орай журналист Есенжол Қыстаубаев аталмыш қордың өңі­рдегі филиа­лын басқарып отыр­ған Қайриден Есенғалиұлы Жәкиевті әңгімеге тартып, сұхбат құрған.

Әу баста 2005 жылдан, яғни өзі құрылған уа­қыт­тан бермен қарай «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ауыл тұрғындарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өн­дірушілерді және шағын кәсіп­керліктің барлық саласын шағын несиелендірумен айналысып келеді. Ұшан-теңіз жұмысқа толы жүріп өткен 10 жылда ауыл шар­уашылығындағы кәсіпкерлікті да­мытуға 12,1 млрд. теңге бөлініп, оны 9 700 займшы алған екен.

Бертін келгесін, дәлірек айт­қанда, 2013 жылдан бастап аталмыш қордың облыстардағы филиалдары еліміздің «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзе­ге асырудың аймақтардағы өкілет-­ті органы болып табылады. Содан бері өткен 2013-2015 жылдарда біздің филиал 1496 адамға 2 млрд. 918 млн. теңге несие берген. Сол арқылы жаңадан 2 150 жұмыс орны ашылды. Жұмыссыз жүрген 803 адам жеке  кәсібін ашуға, бұрыннан шаруамен айналысып келе жатқан 681 кәсіпкер­ге өзінің бизнесін әрі қарай да­мытуға қор үлкен көмегін тигізген.

Ал үстіміздегі 2016 жылға келетін болсақ, биыл жыл аяғына дейін облыстың барлық аудандарына 918,9 млн. теңге несие беру жоспарланған. Осынау қаржыны  облыстық аймақтық комиссия тиынына дейін есептеп, аудандар­ға бөліп қойған. Несие бес жыл­ға дейін 6 пайыз жылдық үстемемен беріледі. Негізгі қарызды 18 ай­дан кейін, яғни 1,5 жылдан соң қай­тара бастау керек.

Көп әріге бармай, соңғы үш жылдың төңірегінен әңгіме өр­бітсек, жоғарыда айтқан 2 млрд. 918 млн. теңгені түрлі салаларда кәсіп жүргізген 1496 адам өзі­нің ғана емес, ел игілігін үстеме­леуге жұмсады. Соның ішінде агроөнеркәсіпті дамытуға 1170 адам бел байлап, 2 млрд. 251,3 млн. тең­геге несиеленді. Жеңіл өнеркә­сіп саласында 27,0 млн. теңгені 20 заемшы алды. Кәсібін құры­лыс саласында жүргізетін 10 адам 18 млн. 950 мың несиеге қол жеткізді. Денсаулық саласы мен түрлі әлеуметтік қызмет көрсетуге бел байлаған екі адам 4 млн. 100 мың теңгені иемденді. Басқа да қызмет көрсету түрлерімен айналысуды мақсат еткен 296 адам 617 млн. теңге несиеге жүгінді. Шағын не­сиені негізінен ауыл шаруашы­лығы саласында жүргендер, со­ның ішінде мал шаруашылығын өркендеткісі келгендер көбірек алуда. Олардың қатарынан үш жыл ішінде біздің несиеге қол жеткізгендер 8569 бас ірі қара, 16800 бас ұсақ мал, 766 бас жылқы жә­не 27 мың бастың үстінде құс алып, бүгінде жұмыстарын қызу жүргі­зуде. Мұның сыртында шаруалар малға қажетті 6700 тонна түрлі азықтар, 1300 қондырғы және 45 түрлі ауыл шаруашылығы техни­каларын алды. Айтпақшы, ауылда­ғы кәсіпкерлермен бірге қалада­­ғы кәсіпкерлерді де ұмытқан жоқ­пыз. Оларға жоғарыда айтқан 918,9 млн. теңгеден 158 млн. теңге оралдық кәсіпкерлердің кәсібін өркендетуге бөлінді.

Қордың директорлар кеңесі ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 31 нау­рызындағы №162 «Жұмыспен қам­тудың жол картасы 2020» бағдар­ламасын  бекіту туралы қаулы­сы­на енгізілген өзгерістер мен то­лық­тыруларды орындауды өзінің алдына мақсат етіп қойып отыр. Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда «Жұмыспен қам­ту­дың жол картасы 2020» бағ­дар­­ламасы шеңберінде екінші ба­ғыт бойынша несиелендіруді   2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кә­сіпкерлікті дамытудың аймақтық картасына сай жүзеге асыру, оның ішінде «Агробизнес - 2020» бағ­дар­ламасына сай басты бағыттар­дың бірі ретінде аталған жеке қосалқы шаруашылықтар негізін­де ұсақ тауарлар өндіруді ұйым­дастыру, сондай-ақ қаржының ба­сым бөлігін тұрақты жұмыс орындарын құру туралы шарт қоя отырып, тұрғындарды еңбекке орна­ластыру жөніндегі орталықтар арқылы міндетті түрде жұмысқа тартуға бағыттау - бүгінгі күндегі басты мақсат. Ақиқатына келсек, ет пен сүттің 75-80 пайызы жеке шаруалардың қосалқы шаруашылықтарынан өндіріледі. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл тұрғындарын жұ­мысқа тартуды бұрынғыдан да кү­шейтіп, олардың қосалқы шаруа­шы­лықпен айналысуына барын­ша жағдай туғызуды мақсат етіп отыр. Ол үшін министрлік тарапы­нан бүгінде тиімді шаралар әзір­леніп жатыр.

Осы арада алынған несиелер­дің кері қайтарылу мәселесіне де
тоқталып кеткім келеді. Өйт­кені бүгінде 2013 және 2014 жылдар­дағы несиелерді қайтару мерзі­мі күшіне енді. Бірден айтайын, оларды қайтару барысы көңілді мүлдем көншітпейді. Қазірдің өзін­де қайтарылмаған қарыздың бәрін жинақтап айтсақ, 57,8 млн. теңгеден асады. Бұл дегеніңіз -
қайтарылуға тиісті қарыздың 3,7пайызын құрайды. Әсіресе, Жаңа­қала, Сырым, Ақжайық, Зеленов аудандарындағы қайтарылмаған қарыздың портфелі өзге аудандармен салыстырғанда «жуандау». Соның ішінде қарызды өтеудің мерзімін кезінде жұмыссыз ре­тін­де қарыз алғандар мүлдем сақ­тамай отыр. Оларға үкімет несие­ні  өз ісін ашсын, сөйтіп, жұмыс істе­сін, жанұясын асырасын, елге, қо­ғамға пайда келтірсін деп тамаша мүмкіндік туғызды ғой. Сол жеке адамдар қайтармаған қарыздар бүгінде барлық қарыздың 76,7 па­йызын құрайды. Бұл жағынан келгенде, Қаратөбе, Зеленов, Бөкей ордасы, Ақжайық, Жаңақала ау­дандары «көш бастап» тұр. Қа­рыз­ды қайтару жұмыстарының ба­рысы мүлдем сын көтермеуі - ау­дандарда арнайы құрылған комис­сиялардың бағдарламаға қа­ты­сушыларды таңдауға қалай бол­са, солай қарағандарынан болып отыр деп айтуға әбден болады.
Өйткені несие алушыларды таң­­дап іріктейтін бұл комиссиялар қарыз алушылардың қаржылық мүмкіндігін, басқа да табыс көз­­дерін сараптап, зерттемейді, ша­­ма­ға соғады деп несиені бөліп жіберген. Жергілікті атқарушы органдардың да бұл жерде кі­нәлары жоқ деп айта алмаймыз. Олар өз ісін ашқысы келетіндер­ге сол тұрғылықты жердің,  яғни ауданның ерекшелігі мен мүмкін­дігін ескере отырып, бизнестің сол жерге тиімді, сұранысқа ие болатын түрін таңдауда дұрыс бағыт-бағдар бере алмай келе­ді.
Адамдар ашатын кәсіптің түрін жер­гілікті атқарушы органдар біз
жоғарыда айтқан әр аймақта арнайы дайындалған кәсіпкерлік­ті дамытудың картасымен тығыз байланыстырмайды. Сөйтіп, адам­дардың қолға алған бизнесі бастамай жатып, тұралап, алынған қарыздың қайтарылмауы қорда­лана түсуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтайына келсек, аудандар­дың әкімдері аудандық ведом­ствоаралық комиссиялардың жұ­мысын тиісті деңгейіне қоюлары қажет. Ол комиссияға жұмыспен қамту орталықтарынан басқа ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бө­лім­дері, кәсіпкерлер палатасы, жер қатынастары бөлімдері, халыққа қызмет көрсету орталықтары­ның, бір сөзбен айтқанда, несие алушы кәсіпкерлерге алғашқы эко­номикалық баға бере алатын мамандар тартылуы керек. Мұның сыртында несие алуға сұраныс жа­сағандарды таңдарда, ең алдымен, ауылдық округ әкімдері де тікелей жауапты болуы тиіс. Өйткені олар өз ауылдарының адамдарын, олардың мүмкіндіктерін жақ­­сы біледі. Айтпақшы, біздің қор 2016 жылдың 1 шілдесінен 1 қазан­ға дейін «Борышты өсімпұлсыз қай­тар!» акциясын жариялап отыр. Шаруалар бұл мүмкіндікті пайдаланып қалғандары жөн.

Тағы бір айта кететін мәселе, біздің ауыл шаруашылығын қар­жы­мен қолдайтын қорымыз «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағ­дарламасы шеңберінде шағын қар­жы ұйымдарын несиелендіре бастады. Оның мақсаты - ай­мақ­тық кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуі мен жұ­мыс істеп жатқан және жаңа жұ­мыс орындарын ашуды қамтама­сыз ету. Ол үшін үстіміздегі жыл­ға 2 млрд. 647 млн. теңге, соның ішінде біздің облысқа 152 млн. теңге бөлінді. Бұл еліміз бойынша алсақ, барлық облыстарда жү­зеге асырылады. Бөлінген қаржы моноқалалар, шағын қалалар, ауылдық елді мекендердегі ша­ғын қаржы ұйымдарын несиелеу арқылы шағын бизнес субъек­тілерін шағын несиелеуге ба­ғыт­талады. Несиелеу бағдарлама­сы­ның талаптарына сәйкес, қарыз­дар шағын несие ұйымдарына одан әрі өз жобаларын жүзеге асы­рып жатқан немесе асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге ба­ғыт­талады. Түпкі қарыз алушылар­ға берілетін шағын несиелердің мақсаты  өз  ісін ұйымдастыру мен кеңейту және айналымдағы капи­талды салалық шектеусіз толық­тыру болып табылады.

Қарыз алушы - шағын қаржы ұйымына берілетін қарыздың ең көп сомасы - 350 млн. теңге. Ал енді одан әрі түпкі қарыз алушыға  10 млн. теңгеден аспайды. Шағын қаржы ұйымына (ШҚҰ) бекітілген сыйақы үстемесі - жылдық 4 па­йыз, жылдық тиімді сыйақы үсте­месі 4,5 пайыздан аспайды. Түпкі қарыз алушылар үшін номиналды үстеме - жылдық 12 пайыз. Бұл несиелердің мерзімі 54 айдан аспайды. Айналымдағы капиталды толықтыруға бекітілген мерзім 36 айдан ұзақ емес.

«Жалпы, 2006 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қол­дауға 10 млрд. 226 млн. теңге ба­ғыттады. Бұл қаржыдан түпкі қа­рыз алушыларға 23 мыңға жуық шағын несие берілді. 2007 жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық бас­қарушы холдингі» АҚ құрамына кі­ретін қордың түпкі мақсаты, ең басты миссиясы - ауылдағы кәсіп­керлікті дамыту, ауылдық жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту, сол арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру. Біз де осы бағытта жұмыстана береміз», деген Қ.Жәкиев сұхбатының соңында.

Газет тілшілеріне кейде оқырмандардың сұрауы, өтініш-тілегі бойынша іссапарға шығуға тура келеді. «Күрмеуі  күрделі көлтабандар» (Сырымбек Тұяқов) - соның жемісі.

Елбасы Н. Назарбаев белгілеген «Қазақстан - 2050» стратегиясының 3-бағыты «Азық-түлік саласының перспективалы инновациялық кластері» бойынша жайлауда бағылатын мал шаруашылығын қалпына келтіру мен жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын жаңғырту сықылды мал шаруашылығын дамытуға қатысты келесі мәселелер қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналып тұрғандай. Өңірімізде мал басы көбейгенімен, жайылымдардағы су көздерінің тапшылығы анық байқалуда. Ал бұл мақаланың жазылуына Бөкей ордасы ауданындағы Хан ордасы ауылы тұрғындарының өтініші сеп болды. Көпшілік оқырманға түсінікті болуы үшін 62 адам қол қойған хатты дәл сол күйінде оқып көрелік.

 «1963 жылдан бері Қопаға су келуі тоқтатылып қалғаннан кейін талай рет қуаңшылық жылдары су тапшылығынан өте қатты қиын­­шылықтарға кезігіп, аса үлкен шығындарға ұшырағандығымыз­ды біздің өлкенің үлкендері күр­сіне еске алып отырады. Есі­мізге түсірсек, 1972 жылдың қуаңшы­лы­ғы «Орда», «Бисен», М. Мәметова атындағы кеңшарлар мал азығын Жамбыл облысынан дайындауға мәжбүр болған. Ал 1974 жылдың қуаңшылығы өз облысымыздың Приурал ауданынан мал азығын дайындауға мәжбүр еткен. Содан соң 1980 жылы мал азығын Жым­питы ауданынан дайындап та­сыды. Ал 1984 жылғы қуаң­шы­лықта көршілес Жаңақала ау­данындағы Қамыссамардың қа­мы­­сын шауып, малға талғажу ету­ге ғана мәжбүр болдық. 1986 жыл­ғы қуаң­шы­лық­та Зеленов ау­­да­­ны­­ның егіс алқаптарынан то­бан­ды буып және Тасқала ауданынан шөп дайындап, ол жеткіліксіз бо­лып Фурманов ауданының «Са­ры­құдық» кеңшарының дайындап қойған шөбін қыстың үш айы бо­йы тасып, кеңшар мен жеке тұр­ғындардың малын аман әрең алып шыққан жағдай болған еді. Қазіргідей нарық заманында мал азығын өзге облыс, өзге ау­дан­дардан дайындау мүмкін емес. Ал 51 жыл бойы су түспеген Қо­­па әбден өзінің ресурсын тауысып, кеуіп кетті. Беті бір елі тұз. Ол желмен жан-жаққа ұшып, өсім­дік жамылғысының көптеген түрле­­­рінің жойылуына себепші бо­лу­да. Желмен көтерілген тұз адам­­дар­ға зиян тигізіп отыр. Қо­па­ға су түсірудің бірден-бір жо­лы - шар­уашылыққа ешқандай қызмет етпей тұрған биіктігі 14-15 метрлік Мұратсайдағы бөгетті бұзу. Күні бүгін бөгетте балық өсірілмейді, суармалы егіс егілмейді. Бұзған кезде қоймада су қалады, оған мұратсайлықтардың еш күмәні болмасын. Ол үшін Мұратсайдағы бөгетке шлюз қойса деген ұсы­нысымыз бар. Егер Қоспаға су түссе, Орда ауылдық және Бисен ауылдық округтерінің құмды өңірлері малға жайылымға жа­рап, мал басын арттыруға мүм­кіндік болар еді. Мал суаруға қол жеткізер едік. Табиғаттағы су айналымы қалпына келіп, өсім­дік жамылғысының түрлері кө­бе­йіп, мал басын өсіруге үлкен мүм­кін­­дік болар еді. Сонымен бірге Хан ордасы ауылдық округі ау­­ма­ғындағы Әймекен жерасты суы­ның деңгейінің төмендеу қаупі жойылады. Бірнеше жылдан бері Жәнібек ауданының тұрғындары да осы Әймекен жерасты суын тұтынып отыр. Ендеше, көрші Жә­нібек ауданы Ресейден келген су­ды біздің Қопаға жіберуге ниетті болулары керек. Сонда табиғи үрдіс сақталып, Әймекен жерасты суының деңгейі төмендемейді және жоғарыдағы айтып өткені­міздей, мал шаруашылығына қо­лай­лы жағдайлар қалыптасар еді. Егер Жәнібек ауданы Қопаға Ре­­сейден келген суды жіберуге ниет­ті болмаса, біз де Әймекен жерасты суын Жәнібекке бермеу жө­нін­де мәселе қозғауымыз керек»...

Қарағайлы орманға көмкеріл­ген Хан ордасына көп кешікпей жолымыз түсті. Ауылдық округ әкімі Мейрамбек Аққалиев, ауыл ақсақалы Төлеген Өтешов, ау­дан­дық әкімдіктің бас маманы Асылбек Ерешевпен бірге құм Нарын­­ды шарлауға шықтық. Мақсаты­­­мыз - мақалаға арқау болған Қопа көл­та­банының орнын көріп, ба­­­ғамдау. Ауылдың солтүстік-шы­ғы­­­сы­­­­на шыға бере Төлеген аға­мыз кө­­­­лік­­­­ті тоқтатты.

-Міне, бір кездері осы тұста ақ­қулар жүзіп, үйрек-қазы қаң­­қылдаған дария болатын, - дейді ақ­са­қал жоталары биік құм дала­ға көз қиығын салып.

Жел айдаған жаққа құмы кө­­шіп жатқан ен дала төсінен айдын-көл­ді елестеткен қарияның жүзі­нен сонау жылдарға деген сағыныш сағым болып көлбеңдеген­дей.

Жүрдек көлікпен жүйтки жү­­­ріп, көлтабанның орнын бірер са­ғат­­­та аралап шықтық. Аракідік аялда­­ған тұста ақсақал дәл сол жер­дің өт­кен тарихынан сыр шерте тұ­рып, тұз жамылған көл­табан­ның орнына қарап мұңая түсе­ді.

-Мұратсайдағы бөгетті көр­се­ңіздер, бәрі түсінікті болар, - деді қария бізбен қоштасар сәтте.

Ат басын бірден Мұратсайға бұрып, аталмыш округтің әкі­мі Сұңғат Қойшыкеновтің қыз­мет бөл­­­­месіндегі аз-кем дидар­лас­­­­­тықтан соң ауыл ақсақалы Каспи Жа­­­хатовтың бастауымен бөгет басына бет алдық.

1961 жылы кеңшардың шаруа­шылық есебінен салынған бөгет 1980 жылы «Каззапгипроводхоз» инс­титутының жобасымен қайта жаңартылған. Бөгеттің техника­­лық сипаттамасына үңілсек, то­пы­­­­рақтан көтерілген, ұзындығы - 822, ені - 9, ең жоғары биік­ті­гі - 11 метр.

Қалыпты жағдайдағы су көле­мі 16,3 млн. текше метрді құрай­тын Мұратсай су қоймасына соң­­­ғы екі жылда мүлдем су келмепті. Қой­ма суының тартылға­нын жаға­жай­да жайқалған құрақ пен жүректі айнытар қолаңсы иістен-ақ аң­ға­ру­­ға болатындай.

Отыз жылдан астам жөндеу көр­меген бөгеттің сыйқы да адам шошырлық. Бөгет үстіндегі жолмен лайсаң уақыттарда техника түгілі ат-арбамен жүріп өтудің өзі қорқынышты көрінері кәміл. Бөгеттің сол жағында табиғи су айналмасы бар. Көктемде тасқын бола қалған жағдайда су осы айналмамен Тайғара сайына тү­седі екен. Айналманың су жіберу қа­бі­леті - секундына 77,7 текше метр.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары аталмыш аймақтағы 1460 гектар жерге бақша дақыл­да­ры және мал азығы үшін көп­жылдық шөптер егіліп, оны суа­­ру­­ға Мұратсайдың суы пайда­ланылған.

-Кеңшар тарағаннан кейін суармалы егістік жерлер иесіз қа­лып, суландыру жүйесі істен шықты. Су қоймасы жылдан-жыл­ға тар­ты­лып барады. Оның үсті­не осы қойманы балық өсіремін деп қа­лалық кәсіпкер жалға алған. Су қой­ма­сын жалға беру жө­нін­де тен­дер өткізілетіндігін ауылдағы­лардың ешқайсысы білмей қал­­ды. Қала­­лық «Пульс» газетінде ха барлан­ды­ру жарияланған екен. Біздің ауыл­ға ондай газет кел­мейді ғой. Ауылдастарым әлі күнге соған наразы.

Жол бастап жүрген Каспи аға­мыз бір кезде дәл осылай деп ағынан жарылғаны.

-Расымен де, маған да ешкім ескертпеді. 2014 жылдың қыр­­күйек айында тендер өт­кен екен. Би­ыл­ғы сәуір айын­да ауыл тұр­ғында­­ры осы мәселе бойынша бас қосып, жиналыс хаттамасын об­­лыстағы сала басшыларына жі­бердік. Мамыр айында облыстық та­биғи ресурстар және та­би­ғат пайдалануды реттеу бас­­­қармасы­ның мамандары ке­ліп, тұрғын­дар­мен кездесті. Тұр­ғын­дар тендердің қайта өткізілуін талап ету­де, - дейді ауылдық ок­руг әкі­мі.

Міне, осылайша қоймалары­на су келмей қалғанына мұңайып отырған мұратсайлықтар өз өкіл­дерінің қатынасуынсыз өткен тендерге де наразы.

Қопаның тұз бас­қан даласын да, Мұратсай су қоймасы мен оның бөгетін де біраз әңгімелеген автор мақаласын былайша түйіндеген.

Жалпы аумағы 17 мың гек­тар­ға жуықтайтын Қопа көлтаба­нын толтыру үшін сала маманда­ры­ның есептеуінше, 170 млн. текше метр су қажет. Ал Мұратсай қоймасына жылына берілетін су көлемі - 2,6 млн. текше метр. Мұ­ратсайға су Жәнібек суландыру жүйесі арқылы, Жәнібекке Ресейдің Палласовка суландыру жүйесі арқылы жылына 30 млн. текше метр берілетіндігін де естен шығармаған абзал.

Бөкейліктер аталмыш мәсе­ле­ге қатысты өңір басшылығын да құлағдар етіп, тиісінше жауап та алып үлгеріпті.

«Мұратсай су қоймасынан тө­менгі Қопа көліне тұрақты түр­де су беру үшін ең алдымен Жә­ні­бек магистралды каналын күр­­­­­делі жөн­­деуден өткізу қажет. Бұл шара Қазақстанның су ре­сурс­тарын бас­қару мемлекет­тік бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру жөнін­де­гі 2014-2020 жыл­­дарға арналған іс-шаралар жос­парында қа­рал­ған. Ал Мұратсай су қоймасын күрделі жөндеуден өткізу жә­не Қопа мен Мұратсай су қой­­ма­сын қосатын өзекті та­зарту жұ­мыстарын жүргізу үшін жо­­балық сметалық құ­жат әзірлеу Бөкей ордасы әкім­дігі­не тапсырыла­тын бола­ды. Осы құ­рылыс жұ­мыста­ры атқарыл­ғаннан кейін Ре­сей­­дің Палласов­ка суландыру жүйе­сі­нен Жәні­бек суландыру жүйе­сі арқылы Қопа көлдеріне су алу үшін рес­­публикалық бюд­­жет­тен қа­ра­­жат сұралатын бо­лады» де­лін­­ген облыс әкімінің бі­­рін­ші орын­басары Арман Өте­ғұлов қол қойған қатынас хатта.

Облыстағы сала мамандары жайылым­­дық жерлерді суландыруды же­дел қолға алу қажет деп есеп­теу­де. Се­бебі мал саны көбей­ге­німен, жа­йылымдағы су көздері тартылып, топырақ қабаты кеуіп, өсімдік қо­рының сиреп бара жатқандығы айтпаса да түсінікті.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыс аумағында 1950-1980 жыл­­­да­­ры салынып пайдалануға бе­ріл­­ген 59 су қоймасы мен су ар­­насы нысандары бар. Осы­ның 27 құ­­рыл­ғысы мемле­кет­тік ком­муналдық мен­шік ие­лі­гін­де болса, 32 құрылғы­сы жер­гі­лік­ті жердегі әкімдік­тер, кә­сіп­орын­дар, жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктер балансын­да тұр.

Бүгінгі таңда облыста жалпы кө­лемі 10 млн. 105 мың гектар жа­йылым жерлер есепте болса, оның 8 млн. 249 мың 500 гектары су­­лан­дырылатын жерлер есе­­бін­­де тұр. Суландырылатын жа­йы­­лым­дық алқаптар есебі жаңғырту­ды қа­жет етеді, себебі мұндай жайылымдылық алқаптарды тү­ген­деу жұмыстары 20 жылдан астам уақыттан бері жүргізілмеген. Осы мәселені реттеу үшін са­ла ма­мандары ауыл шаруашылық алқап­тардың жарамды суар­ма­лы жер­лерін картаға түсірген.

-Біздің облыстағы 255 985 гек­­тар көлтабанның 55 839 гек­та­ры жүйе­лі суармалы жерлер есебінде тұр. Ал соның жыл сайын орта есеппен 2 500 гектары ғана суарылады. Қалған 53 мың гектары кезінде иесіз қалды. Оларды қай­та қалпына келтіру үшін көп қара­­жат керек. Көл­та­бан­дар­­дың 130 мың гектардан өзгесі пай­дала­нуға жарамсыз. Себебі кей жер­­лер­де ке­пілді су көз­дері жоқ. То­пы­ра­ғы сор­таң­дан­ған, қа­мыс-қоға басып кеткен. Сон­­дықтан мұн­дай жерлерді суа­­рылмай­тын жер­лер санатына ау­­дару қа­жет­ті­гі туын­дау­да, - дейді «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының бас ги­д­ротехнигі Шынболат Бекұлы.

Мемлекеттік қорда орналасқан 31,9 мың гектар суармалы жер­лердің жағдайына келетін бол­­сақ, оның ішінде 21,8 мың гектар жерде су көздері жоқ, қалғаны су со­ру техникаларының істен шы­ғып қа­лу себебінен пайдаланылмай отыр екен.

«Міне, өңіріміздегі көлтабан­­дар­дың жалпы жай-күйі осындай. Күрмеуі қаншама күрделі болса да, ауылдағы ағайын мәселенің біртіндеп шешілеріне үміт ар­та­­тыны ақиқат», делінген мақала соңында.

Әр өңірде елге сыйлы ақсақалдар болады. Оларға дүниеден өткеннен кейін де құрмет көрсетіледі. Соның бірі - Батыс Қазақстан мен Көкшетау облыстарында басшылық қызметтер атқарған соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев. «Жұрт жадындағы тұлға» (Нұрбек Оразаев) деген ақпаратта Орал қала­сы­ның құрмет­ті азаматы болған Бисен Жұмаға­лиев­ке ескерткіш тақта ашылғаны айтылған. Ол тұрған үйдің маң­дайшасына орнатыл­ған естелік тақтаның ашылу салтанатына өңірдің соғыс және еңбек ардагерлері, марқұмның үзеңгі­лес жолдас­тары мен ұрпақтары қатысты.

Бисен Жұмағалиев 1922 жылы 22 желтоқсанда Батыс Қазақстан об­лысының бұрынғы Тайпақ ау­да­ны Сайқұдық ауылында дү­ниеге келген. 1940 жылы педагогикалық училищені бітірген ол еңбек жолын мектеп мұға­лімдігінен бастаған. 1942жыл­­дың қаңтар айында май­данға аттанып, 13-дивизияның құрамында Ленинград қала­сын қорғауға қатысқан. Май­дангер соғыс жылдары қару мен қа­лам­ды қатар ұстап, «На страже Ро­дины» газетінің қазақ тілін­дегі «Отанды қорғауда» атты парақшасын шығаруға тұрақ­­­ты атсалысқан. Осылайша ол 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қазақтан шық­­қан 79 әскери журналистің бірі болды. Өзі соғыста қан ке­ше жүріп, қазіргі «Орал өңі­рі», сол кездегі «Екпінді құры­лыс» газетіне майдандағы жағ­дай, қазақ жауынгерлерінің жан­қияр­­лық ерлігі, тылдағы ел-жұрттың жанкешті еңбегі туралы мақалалар жолдап тұрған.

Бисен аға майданнан орал­ған соң 1945-1955 жылдары БҚО «Екпінді құрылыс» газе­ті­нің редакторы, Фурманов ау-дан­дық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарады. 1960-1985 жылдары Орал, Көкшетау облыстық партия комитеттерінің хатшысы қызметінде болады. 1985 жылы зейнет демалысына шыққан соң Көкшетау қаласындағы Куй­бышев атындағы мемо­риал­дық музейдің директоры бо­лып еңбек етеді. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгер­лерінің ерліктері, Ленинград қорғаушылары туралы «Степные зари Приуралья», «Обнов­ленная степь», «10 лет с М. Шо­лоховым» атты кітаптар жаз­ған. Бисен Жұмағалиұлы Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қы­зыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

-Мен Бисен ағамен 60 жыл бойы араластым. Ол тек менің ғана емес, халықтың тәрбие­ші­сі болған жан. Барлық саналы ғұмырын халықты, әсіресе, жастарды тәрбиелеуге арнады. Өмірге деген құлшынысы зор еді. Марқұм ешқашан жеке ба­сындағы немесе қызметтегі, бол­маса соғыста кездескен қиын­дықтар туралы сөз қозға­майтын. Ең басты ұстанымы дұрыс өмір сүру, қоғамға адал қызмет ету, халықтың құ­лы бо­лу еді. Тіпті құрметті дем­алыс­қа шыққан соң да қоғамдық белсенділігін бәсеңдеткен жоқ. Ол соңғы демі шық­қанша об­лыс әкімінің штаттан тыс кеңес­шісі ретінде еліміздің әлеу­меттік-экономикалық өркен­де­уінің алғышарты - ұлт­аралық жарасымның нығаюы­на және халық пен биліктің ара­сында­ғы екіжақты тиімді байланыс­тың беки түсуіне, жас ұрпақ­тың елжанды азамат болып қа­лыптасуына ұдайы мүд­делілік танытты. Бисен аға өзі­нің ең­бекқорлығымен, адами қасие­ті­мен өз-өзіне ескерткіш қо­йып кеткен жан, - деді ескерт­кіш тақтаның ашылу салтанатында сөз алған еңбек ардаге­рі Жайсаң Ақбай. 

Сондай-ақ естелік тақта­ның ашылуында соғыс ардагері Иван Гапич, салтанатқа арнайы Көк­шетау қаласынан келген Бисен ағаның шәкірті, Көкшетау қала­­сының құрметті азаматы Шиап Әлиев сөз алды. Салтанатты рә­сімге жиналғандар қабір ба­сында болып, марқұмның ар­уағына  Құран  бағыш­тады.

Орал қаласының тыныс-тіршілігі облыс басшысының үнемі назарында. Мұны «Қала көркі - ортақ игілік» атты көлемді ақпараттан (Нұрбек Закарияұлы) білуге болады. Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте қаланы абаттандыру, қаланың архитектуралық сыртқы келбетін біркелкі қалыптастыру мәселесі талқыланған.

Кеңес отырысында Орал қала­сының әкімі Нариман Төре­ғалиевтің баян еткеніндей, биылғы жылы қала бойынша бірқатар көшелер күр­делі жөндеуден өтуде. «Қаланың басты көшелеріндегі ғимараттардың түсте­ріне де көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі әр ғимарат әр түрлі түске боялып, көшенің сәнін кетіріп тұр. Осы мә­селенің біржақты шешу жолдарын қа­растырудамыз. Барлық ғимараттарды бір түске бояуды қолға алуымыз керек. Сонымен қатар сол ғимараттар­ға жүйесіз ілінген жарнамалар да қа­ла көркін қашыруда. Бүгінгі таңда осы жарнамаларды алдыру мақсатында жұмыстанудамыз. Біздің тарапымыз­дан түрлі тексерістер ұйымдастыры­лып, рейдтерге шығып, жарнамаларын алып та тастаған кездеріміз болды. Бірақ жеке кәсіпкерлер ертесіне сол жар­наманы қайта жапсыра салады. Ол аз болғандай, аялдамаларға, ба­ған­дарға да жарнама ілу тоқтамай отыр. Ғимараттардың сыртқы келбетін бірдейлендіру бойынша да бірқатар жұмыстар ұйымдастырылуда. Әзірге мем­лекеттік мекеме-кәсіпорындардың ғи­ма­раттарымен шұғылданып отырмыз. Бұдан соң жеке нысандарға қатысты да осы бағытта жұмыстар жүргізетін боламыз. Осындай олқылықтар жібе­рілген нысандарда болып, басшыларымен сөйлестік. Осы кеңеске қатысып отырған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының басшы­ларына және банктердің жетекшіле­ріне қаражат көзін қарастырып, ғи­ма­раттар сыртына, ең болмағанда, же­ңіл жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұ­раймыз. Қаланың басты көшелерінің бойында орналасқан ғимараттардың басым бөлігі - тарихи ғимараттар. Сон­дықтан әуелі қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, содан соң ғимараттың алдыңғы жағын бірдейлендіріп бояуды ұсынамын. Жөндеуді қажет ететін ғимараттардың жобасы бізде дайын тұр», - деді қала әкімі.

-Қала орталығындағы басты кө­ше­лердің жолы, жол жиектері, жаяу жолдар жөн­деу­ден өтуде. Бұл жұмыстар­дың барлы­ғы қала тұрғындарына жәй­лі жағдай туғызуға бағытталып жасалуда. Ендігі жерде көшелердің жа­рық­тануын қол­ға аламыз. Ескі бағаналар мен электр сымдарын жаңғыр­тып, энергия қуатын үнемдегіш жарықшамдарын қоюды жоспарлап отыр­мыз. Тағы бір мәселе - автобус аялдамаларын жаңарту. Себебі қоғамдық көлікпен жүретін тұр­ғындарға да жа­ғымды жағдай жасауымыз керек. Көп­теген аялдамалардың әб­ден тозығы жеткен. Бірсыпырасын орта және ша­ғын бизнес өкілдері жалға алған.  Сол аялдамалардан түрлі сауда орында­ры мен дүкендер ашып, пайдасыта­уып отыр. Бірақ жалға алғасын аял­дамаларға да қажетті күтім жасап тұруды талап етуіміз керек. Біз Оралды таза, жасыл қала деп жатамыз. Сон­дықтан қала осындай дәреже­ге сай әсем де болуы тиіс. Көгалданды­ру, абаттандыру жұмыстарын алды­­мен күр­е­лі жөндеуден өтіп жат­қан кө­ше­лерден бастауымыз керек. Жо­­ғары­да айтылған жарнамалардан адам­­ның кө­зі сүрі­не­ді. Тіпті олардың көптігінен кей­­­бір ғи­­мараттар да кө­лең­кесінде қалып отыр. Қалалық мәсли­хат бекіткен абаттан­дыру ережесі бар. Мемлекет­тік меке­ме-кәсіпорын басшы­лары да, жеке ны­сан иелері де осы ережеге бағынула­ры керек. Бағынбаған жағдай­­да әкім­шілік жазаға тартылуы қажет, - деді  облыс әкімі Алтай Көлгі­нов.

Бұдан соң қалалық архитектура бө­лімінің мамандары Достық көшесі бойындағы келбеті  азып тұрған бірқа­тар ғимараттарды атады. Олардың қатарында Х.Есенжанов атындағы кітапха­на, ІІД-ға қарасты госпиталь, тері аурулары диспансері, әскери прокуратура, жұмыспен қамту орталығы, №3 емхана, №3 музыка мектебі, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Кареев үйі, Гагарин кинотеатрының  ғимараттары  бар.

Бұдан соң облыс әкімі жоғарыда атал­ған ғимараттарға иелік ететін құзырлы мекеме басшыларына жақын ара­да ғимараттардың сыртына, тым бол­мағанда, жәй жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіруді тапсырды. «Ғимарат келбетінің жақсы болуына ең алдымен сол мекемекәсіпорынның өздері мүдделі болулары тиіс. Күн­делікті келіп жұмыс жасайтын ғимаратының азып-тозып тұрғаны кім-кім­ге де жақсы емес. Сондықтан абаттан­дыру жұмыстарын өзімізден, яғни өз ғимаратымыздан бастауымыз керек. Содан соң ғана жеке нысандардан талап ете аламыз», - деген кеңесті қоры­тындылаған Алтай Көлгі­нов.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов БҰҰ балалар қо­ры­ның (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі  Юрий Оксамитныймен кездескен. Бұл туралы «Жарасты ынтымақтастық жалғаспақ» атты хабардан (Нұрбек Оразаев) білуге болады.

Өңір басшысы әлемдегі жә­не Қазақстандағы бала­лардың жағдайын жақсар­тудағы ЮНИСЕФ-тың маңызды рөлі­не тоқталып, аталмыш қор мен об­лыс арасындағы табысты ынтымақ­тастықтың жалғасатынына сенім білдірді.

-Әріптестеріңізбен бірге біздің өңірге ат басын бұрып келгеніңізге қуаныштымыз. БҰҰ балалар қоры­ның бала құқығын қорғауда атқара­тын рөлінің зор екендігін шынайы түсінеміз. Сіздің қор ана мен бала өлімін болдырмау, жетім балалар­дың құқығын қорғау мен оларға әлеу­­меттік қолдау көрсету бағытын­да бірқатар игі бастамалардың ұйыт­қысы болуда. Сонымен қатар қоғам­ға қажетті жанұядағы бала тәрбие­сін, отбасы құндылығын әрдайым насихаттап отырасыздар. Бүгінгі біз­дің өңірге сапарыңыз білім бе­ру, денсаулық сақтау, жастар саясаты сынды бірқатар маңызды сала­ға жаңа серпін беретініне сенімді­мін, - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, 1992 жылы ақпанда балалар қоры мен Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы балалар жағ­дайын бағалауды өткізу үшін тәуел­сіз Қазақстанға бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл барлық балаларды қызылша және полиомелитке қарсы иммундау миссиясы ЮНИСЕФ-
тың Қазақстандағы қызметіне негіз болған бірінші жобасы еді. 1994 жылы ЮНИСЕФ-тың Қазақстандағы өкілдігін ұйымдастырғаннан кейін ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тың тұрақ­ты бағдарламасы бойынша жұмысы басталды. Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қоры әлеуметтік саясат жә­не білімді басқару, денсаулық және балалар мен жасөспірімдердің дамуы, балаларды қорғау секілді үш негізгі бағытта қызмет жасайды.

Облыс басшысымен өткен кез­де­суде қордың Қазақстандағы өкілі
Юрий Оксамитный балалар құқы­ғын қорғау мақсатында еліміз бо­йынша атқарылып жатқан бірқатар істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар кез­десу барысын­да балаларды қор­ғаудың өзекті мә­селелері, білім, ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік даму салаларында­ғы ынтымақтас­тықтың алдағы келешегі талқы­лан­ды. 

Қоғам өмірінің алға басуында кәсіпподақтар рөлі ерекше. Өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының тыныс-тіршілігі туралы       «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтыұ кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов «Кәсіподақ ұйымын құруға ешкім кедергі бола алмайды» деген сұхбатында (Гүлбаршын Әжігереева) әңгімелеп берген.

-Ербол Ғұмарұлы, КСРО ыды­­рағалы бері посткеңестік ке­ңістікте кәсіподақ қозғалы­сы­ның, кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық-саяси белсенділігі күрт бәсеңдегені жасырын емес. Бірақ соңғы жылдары елімізде кәсіподақ ұйымдарының ты­ныс-тіршілігі қайта жандан­ған­дай әсер қалдырады. Сіз бұл құбылысқа қандай факторлар әсер етті деп ойлайсыз?

-Кеңестік одақ ыдырап, оның құрамындағы республикалар өз алдына тәуелсіздігін алған жылдары кәсіподақтар саласында да көптеген өзгерістер орын алды. Сол кездерде елімізде кәсіподақ мүшелерінің саны 7 миллионнан
асса, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы құл­ды­рау мен дағдарыс кезінде еліміздегі кә­сіп­одақ мүшелерінің саны 2 мил­лионның үстінде ғана қалды. Қиын кезеңдерде де кәсіподақтар мүшелерінің қатарын сақтау ба­ғытында жұмыстар жүргізілді. Бү­гінде кәсіподақтар азаматтық қо­ғамның маңызды бөлігіне айналды. Елімізде болып жатқан оң өз­герістер көп жағдайда әлеуметтік тұрақтылыққа, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерінің  қорғалуына, еңбек заңдылықтарының сақталуына байланысты және бұл мәселеде кәсіподақтардың үлкен үлесі бар екені анық. Облыс көлеміндегі көптеген қызметкерді біріктірген кәсіподақтардың аясы да жылдан-жылға кеңейіп келеді. Облыстағы кәсіподақ ұйымдарының құрамын жақсарту бойынша бірқатар жұ­мыстар жүргізілуде. Облыс бойынша кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 58 мыңнан асты. Облыс көлемінде 852 бастауыш кәсіп­одақ ұйымы болса, соның ішінде 98 цехтық кәсіподақ ұйымы және 206 кәсіподақ тобы бар.

Кәсіподақтардың жұмысына еліміздегі кәсіподақтардың құқы­ғы мен жауапкершілігін және кә­сіподақтардың қызметіне қатысты бірқатар шараны қамтитын 2014 жылғы 27 маусымда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа заң тың серпін берді. Өйткені 1993 жы­лы қабылданған «Кәсіподақтар
тура­лы» заңдағы көптеген ере­желер өмір ағымынан кейін қа­лып қой­ды, кейбір нормаларда қарама-қайшылықтар кездесіп, заң түбе­гейлі өзгертуді қажет етті. 

Жаңа заңға сәйкес кәсіподақ саласында кадрлық, құрылымдық және жүйелік түбегейлі өзге­рістер болды. Жаңа заңмен кәсіп­одақтардың қызметі реттеліп, оған жұмысшы мүддесін қорғауға өкілдік берілді. Заң тәуелсіз елі­міздегі кәсіподақ ұйымының мәр­тебесін көтере отырып, еңбек адамының құқықтарын бұзуға жол бермеуді көздейді.

-Елбасы алға қойған инсти­ту­ционалдық реформаларды жү­зеге асыруға кәсіподақ ұйым­дары қандай үлес қоса алады?

-Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың елімізді өркендету, дамыту жолын­дағы жүргізіп отырған салиқалы саясаты көптеген елдер үшін үлгі болуда. Елімізде тәуелсіздікке қол жеткізген осы жылдар ішінде көптеген маңызды шаруа жүзеге асырылды. Қазақстанды мекен ет­кен 120-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлтаралық достасты­ғы, елдегі тұрақтылық соның же­місі дер едім. Қазақстанның дамуы жолындағы бес институцио­налды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағ­дарламасы халқымыздың тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бұл бағдарлама қоғамның барлық саласын қамтып отыр, яғни елі­міз­дің дамыған 30 мемлекеттің қа­та­рына кіруі жөніндегі басты құжат­тардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық жоспарды жүзеге асыру тек мемлекеттің ғана міндеті емес, барлық қазақстандықтардың ор­тақ міндеті деп білемін.

Бес институционалды рефор­маны жүзеге асыру бойынша ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылдың 23 қарашасында қол қой­ған,  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек ко­дексін түсіндіру жұмыстары жал­ғасуда. Кәсіподақ ұйымдарының қатысымен әдістемелік және құ­қықтық көмектер көрсету, кәсіп­одақтардың жұмысымен танысты­ру, қызметкерлердің еңбек құқық­тарын қорғау мәселелеріне байланысты облысымыздың аудандарына «Аудандағы кәсіподақтар күнін» өткізу бағытында жұмыс сапарлары ұйымдастырылуда. Іссапарлар барысында облыстық кәсіподақтар орталығы мен аудан әкімдіктері арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Сонымен бірге жақында өткен кәсіподақтар форумының бағ­дар­ламалық жоспарына сәйкес, М. Өте­місов атындағы мемлекет­тік университетінің базасында об­лыс­тық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Рес­публикасының кәсіподақтары федерациясының оқыту, зерттеу жә­не дауларды реттеу орталығының директоры Мейрам Қажыкеннің дәріс оқуымен, облыстағы және аудандардағы кәсіподақ ұйым­да­рының жетекшілері мен белсен­ділерінің қатысымен «Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық келісім қарым-қатынастары» тақыры­бын­да үлкен семинар-кеңес ұйымдас­тырылды. Оған 180-ге жуық адам қатысты. Үш сағатқа созылған се­минар кеңестің барысында кә­сіподақ ұйымдарының жетекші­лері мен мүшелері, кәсіподақ белсенділері жаңа Еңбек кодексіне қатысты және кейбір заңнамалық актілер жөнінде өздерінің сұрақ­тарын қойып, толық жауап алды. 

-Ербол  Ғұмарұлы, еңбек дауларынан, жұмысшылардың жұ­мыс жағдайына қатысты нара­зылығынан туындайтын әлеу­меттік шиеленістердің алдын алуда кәсіподақ ұйымдары қан­шалықты ықпалды?

-Кәсіподақтар кез келген еңбек ұжымдарындағы дауды сыртқа шығармай, олардың алдын алуға қызмет етеді. Кәсіподақтардың міндеті - еңбек дауларының алдын алу. Елімізде орын алып жататын көптеген еңбек даулары мен шиеленісулер заңнамаларда қамтылған талаптардың өз дең­гейінде орындалмауынан болып отыр деп есептеймін. Бізде, кейбір еңбек ұжымдарында, соның ішінде кәсіпкерлік саласына жататын құрылыс, өнеркәсіп, шикі­зат өңдеу, сауда-саттық салаларын­да кәсіподақ ұйымдары жоқ. Жа­лақыны кешіктіруден басталатын еңбек­керлер құқығын қорғамау, олар­дың шағымдарын елемеу сияқты әлеуметтік шиеленістер көбіне-көп кәсіподақ ұйымы жоқ мекеме-кәсіпорындарда туындайтыны сөзсіз.

Еңбек ұжымдарында кәсіподақ ұйымы болмаса, біз заң жүзінде тікелей араласа алмаймыз. Кез келген жұмысшының құқығын қор­ғауға қабілетті кәсіподақтардың қызметін көпшілігі кеңінен түсін­бей келеді. Әсілі, көп  жағдайлар­да дау-дамайды шешуге, түсініс­пеушілікті келістіруге болады. Бұл жердегі, ең бастысы, ұжымдық шарт­тарда барлық мәселелер жан-жақты қамтылуы тиіс. Еңбек­ті қорғау заңдылықтарын ескере бермейтін, соған орай жұмыс орындарында қайғылы оқиғалар орын алатын кейбір мекеме, кә­сіпорындарда мұндай жағдайдың алдын алудың бірден-бір жолы, жаңа Еңбек кодексінде белгілен­ген өндірістік кеңестердің, олар­дағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының жұмыстарын кеңінен қолданысқа енгізіп, кәсіподақ ұйымын құрып, ұжымдық шартты біршама жетілдірсек, көптеген мәселе өз шеші­мін табар еді.

Ұжымдық шарт жасаудың өз артықшылығы бар. Ол жұмыс беруші мен ұжым қызметкерлерінің мүдделерін келістіруге мүмкіндік береді, өйткені ұжымдық шарт - ұжымдағы  әлеуметтік-еңбек қаты­настарын реттейтін негізгі құқық­тық акт. Яғни еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алады, сон­дай-ақ жұмыс беруші мен қызмет­керлердің өзара міндеттерін қам­тиды.

Кәсіподақ - ұйым мүшелерінің құқығын қорғайды. Кей кездерде жұмысшылардың талабы орынсыз болса, оның міндеттері мен жа­уапкершілігін сезіндіріп отыратын ұйым болып табылады. Кәсіподақ ұйымын құру жөнінде 10 адамнан тұратын бастамашы топ жұмыс
бе­руші алдына өздері кәсіподақ ұйымын құратыны туралы мәселе қойса, оның құрылуына ешкім кедергі бола алмайды. Ең бастысы, ұжым мүшелерінің ынтасы керек.

-Кеңестік заманда жұрт­тың санасында кәсіподақ жаңажыл­дық сыйлықтар тарататын, ши­пажайларға жолдамалар үлес­тіретін немесе материалдық көмек көрсететін қайырымды ұйым ретінде қалыптасты. Қа­зіргі кәсіподақтың бет-бейнесі қандай дегенге не дер едіңіз?

-Бұрын кәсіподақ ұйымдары­ның беделді болғанын көпшілік жақсы біледі. Ол кезде «Кәсіподақ бізге не береді?» деп ешкім сұ­рамайтын, өйткені кәсіподақ ба­лаларға балабақшалардан, пионер лагерьлерден орындар ұсынды, мектеп  оқушыларына ірі қала­ларға тартымды-тағылымды саяхаттар ұйымдастырды, шипажа­й­ларға жолдамалардан көмек­тес­ті. Бір сөзбен айтқанда, ол кездегі кәсіп­одақ материалдық және әлеу­мет­тік игіліктерді бөлуші бо­латын. Сондықтан әлі күнге көп­шіліктің санасында «Кәсіп­одақ ма­ған не береді?» деген сұрақ қы­лаң беретіндігі жасырын емес. Мұның өзі кәсіподақтың немен айналы­са­тындығы, қандай мәселелерді шешетіндігі жөніндегі ақпараттың  жеткіліксіздігін көрсетсе керек. 

Ал кәсіподақтың негізгі жұмы­сы қызметкерлердің еңбек және
әлеуметтік-экономикалық құ­қық­та­­ры мен мүдделерін қорғауға жұмылған. Сонымен қатар кәсіп­одақ ұйымдары салауатты өмір салтын нығайту, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы мәде­ни-спорттық шараларды өткізіп,  өздерінің жоспарлы жұмыстарын жүргізуде. Мысалға, биылғы наурыз айында облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіп­­одақ мүшелері арасында салауат­ты өмір салтын насихаттау және оларды спортқа тарту бағытында облыстық «Денсаулық» спартакиа­дасы ұйымдастырылды. Оған 13 команда сапында 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс же­ңім­паздарына кәсіподақтарды қол­дау бағытын­да демалыс сауық­тыру орындарына тегін 10 жол­дама берілді. Осы бағытта маусым айында мемле­кеттік мекемелер қызметкерле­рі­нің салалық кәсіп­одағы ел тәуел­сіздігінің 25 жыл­дығына орай са­лауатты өмір сал­тын насихаттау, бұқаралық спорт­ты дамыту бағы­тында  спорттың тоғыз түрінен 18 команданың қа­тысымен спарта­киада өткізді. Оған бір мыңға тарта мемлекеттік қыз­метші қатысты. Осындай мәдени-көпшілік жә­не түрлі спорттық, кәсіподақ мү­ше­лерінің балаларына жазғы демалысты ұйымдасты­ру шаралары мәдениет, денсау­лық сақтау са­ла­лық кәсіподақта­ры, басқа да ірі кәсіподақ ұйым­дары тарапынан да ұйымдасты­рылуда. Сонымен бірге кәсіподақ ұйымдары қайырымдылық шараларынан да шет қалған емес, әрдайым өздері­нің қолұшын со­зып, көмектерін беріп келеді. Мысалға, «Жүректен жүрекке!» қайырымдылық акция­сы биыл­ғы 1 маусым күні ұйым­дас­тырылып, әріптестеріміз об­лыс­­тық маман­дандырылған «Мейірім» балалар үйінде болды. Қа­йы­рымдылық ак­цияны ұйымдасты­ру барысында жүректерімен түсі­ніп, «Батыс су арнасы», «Жайық­жылуқуат» және «ҚПО б.в.» ком­па­нияларының жә­не мердігерлік компаниялардың кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері белсенді атсалысты.

«Дегенмен алда кәсіподақтар үшін әлі талай асу бар. Ал сол асуларды еңсеру үшін ең алдымен сауатты жұмыс жүйесі мен ынтымақтың қажеттілігі сөзсіз. Сонда ғана көз­деген мақсат-мұ­раттарымызға жетеміз», деп түйіндеген сөзін Е.Салықов.    

Айта кетейік, «Орал өңірі» газетінің мақалаларын oraloniri.kz сайтынан оқуға болады. 

 

 

Соңғы жаңалықтар