14:06, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Курорттарға халықтың келуі жағынан алдағы 10 жылда Қазақстан үздік бестікке кіруі мүмкін
АЛМАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазір Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы тау шаңғысы курорттарына халықтың көп келуі Чехияда байқалады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан қысқы туризмнің жаңа туристік бағыттарының дамуы туралы тау шаңғысы курорттарының бірінші еуразиялық конференциясында айтылды.
«Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы тау шаңғысы курорттарына халықтың көп келуі жағынан қазір Чехия, Словакия, Польша алда. Соңғы орында Украина мен Литва тұр. Өсім болжамы бойынша алдағы 10 жылда алғашқы бестікке Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстан шықпақ. Ал Украина әдеттегідей соңғы орында қалуы ықтимал», - дейді «Consulting SARI» консалтингтік компаниясының өкілі Лоран Вана. Оның айтуынша, Қазақстан бұған инфрақұрылымды дамыту арқылы қол жеткізбек.
Қазіргі таңда тау шаңғысы курорттарына халықтың келуі көбеюде. Ішкі нарықтар дамуда.