Құрық ауылында Маңғыстау облысындағы алғашқы әйелдерді қолдау орталығы ашылды

АҚТАУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында «Ажар» әйелдерді қолдау орталығы ашылды.
None
None

Орталық «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорымен ашылды. «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС орталықтың қаржылай қамтамасыз етілуін толығымен өз мойнына алды.

Құрықтың нәзік жанды тұрғындарына заңгерлердің тегін консультацияларын беру жоспарлануда, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету көзделуде.

Орталық іске асыратын жобалар барлық жастағы әйелдерге қатысты. Жоба 3 жылға есептелген.

Соңғы жаңалықтар