Құрық порты паром кешенінің бірінші кезеңі желтоқсанда пайдалануға беріледі - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 ақпанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы көліктік-инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы барысымен танысты, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
None
None

Асқар Мамин барлығы 15 шақырымдық уақытша пайдалануға берілген Боржақты-Ерсай жаңа темір жол желісінің қызмет барысын қарап көрді.

Өткен жылғы маусымның 15-інде пайдалануға берілген желіде Құрық портына дейін қозғалыс басталып, Каспий теңізі жағалауында паром кешені құрылысына дейін жеткізілген.
Ерсай станциясынан Құрық портына дейін темір жол тартылады. Қазіргі кезде онда темір жолдың үстіңгі қабатына қажетті құрылыс материалдары дайындалып жатыр. Ерсай станциясы темір жолының кіре берісіне 120 мың текше метр топырақ қабаты төселді.
Жылына 4 миллион тонна жүк өткізу әлеуеті бар паром кешені арқылы астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар тасымалданады. Сонымен қатар, Каспий аймағындағы көршілес мемлекеттерден келетін жүктер де тасылады.
Құрық портының паром кешенінің бірінші кезеңі 2016 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар