19:17, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Құрылыс нысандарын бір құжаттың негізінде қабылдау ұсынылып отыр - С.Нокин
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде агенттік жаңа құрылыс нысандарын комиссиялық қабылдау шарасын алып тастауды қарастырып жатыр.

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысында ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
«Бұл шара тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды көздейді. Оның орнына құрылыс нысанын бір құжат - Мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау қызметінің қорытындысы негізінде қабылдау ұсынылып отыр. Демек, жұмыс және мемлекеттік қыбылдау комиссиялары қажет болмайды», - дейді С.Нокин.