Құрылысқа салынған инвестициялардың көлемі 2012 жылдың басында дағдарысқа дейінгі кезеңдегі деңгейге жетеді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Құрылысқа салынатын инвестицияларының көлемі, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің болжамынша,
None
None

2012 жылдың басында дағдарысқа дейінгі кезеңдегі деңгейге жетеді. Бұл туралы бүгін Агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 10 айында құрылысқа салынған инвестициялардың көлемі 321 млрд. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.

«Дағдарысқа дейінгі кезеңде инвестицияның көлемі ең көп дегенде 400 млрд. теңге шамасына дейін көтерілді. Кейін дағдарыс салдарынан бұл көрсеткіш 220-230 млрд. теңгеге дейін күрт төмендеген болатын. 2010 жылдан бастап құрылыс саласындағы инвестициялардың көлемі ұлғая бастады. Қазіргі уақытта оның жалпы сомасы 321 млрд. теңгені құрауда. Құрылысқа салынып жатқан инвестициялар қарқынына қарап-ақ, оның көлемі 2012 жылдың бірінші тоқсанында дағдарысқа дейінгі деңгейге жетіп қалады деп болжауға болады», - деп атап өтті Н. Тихонюк.

Соңғы жаңалықтар