14:51, 03 Қазан 2017 | GMT +5
Күрзі жұдырықты Джордж Форман Стивен Сигалды жекпе-жекке шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 68 жастағы Джордж Форман белгілі голливудтық актёр, қоян-қолтық ұрыс шебері Стивен Сигалды жекпе-жекке шақырды.
«Стивен Сигал, мен сені жекпе-жекке шақырамын. Мен бокс тәсілін қолданамын, сен өзіңнің кез келген машықтарыңды пайдалансаң болады. Он раунд - Вегаста. Ешқандай қару қолданылмайды. Тек қоян-қолтық ұрыс болады», - деп жазды Форман өзінің блогында.