16:25, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Құс етінің өндірісі өсуде ? ШҚО
СЕМЕЙ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Өткен жылы Ертіс бойындағы бройлер құс фабрикасы 5 мың тонна құс етін өндірді.
Жаңа жылда кәсіпорын өндіріс көлемін 20 пайызға арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Құрамына бройлер фабрикасы енетін «Ардагер» өндірістік құрылымының жетекшісі Бейсенғазы Тастекеевтің айтуынша, құс фабрикасының мамандары құс етін қайта өңдеудің жаңа технологияларын іздеу бойынша жұмыстар жүргізуде.2008 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы үздік кәсіпкер деп танылған Бейсенғазы Тастекеев мемлекет тарапынан қолдау көрсету кәсіпорынға диеталық өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. Оның өнімдерін республикамыздың көптеген қалалары пайдаланады және өндіріс көлемін одан әрі арттыру көзделіп отыр.