Құсбегілердің дәстүрлі «Сонар-2013» жарысы өтеді

Бағдарламада жарыстың алғашқы күні қатысушылар тіркеліп, 22-сі күні тәжірибелік семинарлар мен қыран құстардың сыны, шеберлігі, иесімен арақатынасы, 50, 75, 100 метрден қолға шақыру бойынша іріктеу сайыстары өтеді. Ал негізгі ашылу рәсімі және қаршыға, сұңқарды көгершін мен қоянға салу, бүркітті түлкіге салу сыны 23 ақпан күні болады.
«Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызының айтуынша, былтыр бұл жарысқа Астана, Алматы қалалалары мен Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстарынан 43 құсбегі қатысқан болатын. Ақтық сынға олардың арасынан 23 бүркіт пен 9 қаршыға іріектеліп алынды. Онда бүркітшілер арасында «Шораяғымен» қарағандылық Әліп Төребеков жеңімпаз атанса, Алматы облысынан Медет Шәліпов, Атырау облысынан Арман Қошқаров және Қарағанды облысынан келген бүркітш қыз Мақпал Әбдіразақова 2-4 орынды өзара бөлісті. Ал қаршығашылар сайысында Атырау облысынан Сарнай Әбдікәрім, Алматы облысынан Сағынтқан Ыбырай мен Сағыныш Бәйетбай жеңіс тұғырынан көрінді.