Күш-қуат құрылымдары Ақтөбедегі операцияларды соңына дейін жүргізуі тиіс - К.Мәсімов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күш-қуат құрылымдары Ақтөбедегі операцияларды соңына дейін жүргізуі тиіс. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.
«Мемлекет басшысы бұл мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Күш-қуат органдары бұл операцияны соңына дейін жүргізуі тиіс. Әкімдіктер, барлық мемлекеттік органдар сәйкесінше шаралар қабылдауы қажет. Ал одан ары қарай қорытынды шығаратын боламыз. Демек, біздің шаруашылығымызда кейбір кемшіліктер бар деген сөз. Біз бұл ретте бірқатар кешенді шаралар қабылдауымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын», - деді К.Мәсімов.