Күш жинап, жеңіске қайта ұмтыламыз — Милад Карими

Олимпиада жүлдегері
Фото: Досбол Атажан\Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Париж Олимпиадасынан 5-орынмен оралған спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама мүшесі Милад Карими алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Өзімнің жаттығуым — керме снарядының финалына шыға алмадым. Бірақ еркін жаттығудың финалында бақ сынадым. Бұл да маған жақын сайыс. Жалпы жаман емес өнер көрсеттім деп ойлаймын. Алдағы жоспар бойынша, алдымен демалу керек. Ойымды жинақтап қателіктермен жұмыс істеу қажет. Одан кейін жаңа күшпен жеңіске ұмытыламыз, — деді спортшы.

Милад Карими
Фото: Досбол Атажан\Kazinform

Сондай-ақ Милад Карими қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін айтып, жанкүйерлерге алғыс айтты.

Парижден оралған спортшыларды Алматы әуежайында салтанатты күтіп алу рәсімі кезінде Нариман Құрбанов пен Милад Каримиге 1 миллион теңгелік сертификат табысталды.

Еске салайық, 3 тамыз күні Милад Карими еркін жаттығу сайысында 5-орынға ие болған еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада жеңімпаздары Алматыға оралғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram