Күшті жел тұрып, үсік жүреді: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — 24 сәуір күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

үсік
Фото: pexels.com

Астана
Түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Алматы
Күндіз найзағай ойнайды.

Абай облысы
Түнде және күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең оңтүстікте тұман. Желдің бағыты ауысып, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысы
Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түсіп, солтүстік пен шығыста 3 градусқа дейін үсік болады.

Атырау облысы
Батыс, солтүстік және оңтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 15–20 м/с.

Алматы облысы
Күндіз орталық пен оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысы
Күндіз батыс пен оңтүстікте желдің екпіні - 15–18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста тұман түседі. Желдің жылдамдығы - 15–20 м/с.

Жамбыл облысы
Күндіз солтүстік пен таулы аудандарда найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда тұман түседі, жел екпіні - 15–20 м/с.

Жетісу облысы
Түнде солтүстік пен орталықта найзағай ойнайды, Алакөл көлдері маңында жел екпіні - 25 м/с дейін.

Батыс Қазақстан облысы
Найзағай ойнап, тұман түседі. Жел екпіні - 15–20 м/с.

Қарағанды облысы
Күндіз батыс, оңтүстік және шығыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні - 15–20 м/с.

Қостанай облысы
Күндіз найзағай ойнап, түнде оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыста - 1 градус үсік.

Қызылорда облысы
Орталық пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы
Найзағай ойнап, шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні - 15–20 м/с.

Павлодар облысы
Түнде солтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Жел екпіні - 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы
Жел екпіні - 15–20 м/с, түнде солтүстікте 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ұлытау облысы
Күндіз найзағай ойнап, жел екпіні - 15–20 м/с дейін жетеді.

Барлық өңір тұрғындарына ауа райына байланысты барынша сақ болуға және алдын ала дайындалуға кеңес беріледі.

Соңғы жаңалықтар