Күшті жел ауыл мектебі мен балабақшасын шатырсыз қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында күшті жел 2 мектеп пен балабақшаның шатырын жұлып кетті.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«20 наурыз күні екпіні секундына 28 метрге жететін күшті жел Ұзынкөл ауылындағы Арзамас орта мектебі ғимаратының 90 шаршы метр, Кирев орта мектебінің 70 шаршы метр, сонымен бірге «Айгөлек» балабақшасының 120 шаршы метр төбе жабындысын жұлып кетті», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, оқиға орнында комиссия жұмыс істеуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар