Күшті жел ШҚО-да 1300 абонент жарықсыз қалдырды, БҚО-ның 3 ауданында үйдің және басқа да мекемелердің шатырларын ұшырып әкетті

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - ШҚО-да екпінді желдің салдарынан 1300 абонент жарықсыз қалды, ал БҚО-ның 3 ауданында үйдің және басқа да мекемелердің шатырлары зақымданды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында, Самар ауылында 1 шілде күні сағат 16.15-те 18 м/с (кейде 30 м/с-қа дейін) жылдамдықпен соққан екпінді желдің, найзағайдың салдарынан ағаштар сынып, электр өткізу жүйелерінің қосыны зақымданған. 50 шаршы метр аумақта ауылдық мәдениет үйінің және жекеменшік 6 үйдің шатырын жел ұшырып әкетті.

Соның салдарынан 1300 абонент жарықсыз қалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 3 шілденің сағат 06.00-гі жағдайы бойынша 100 абонент әлі де жарықсыз қалуда. Орын алған төтенше жағдайды жоюға «ШҚ РЭК» АҚ-ның бригадасы жұмылдырылды. Материалдық шығынды анықтау мақсатында аудандық комиссия жұмыс істеуде.

Батыс Қазақстанның Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарында 1-2 шілде аралығында 17-22 м/с-қа (кейде 25 м/с-қа дейін) жеткен екпінді желдің, жаңбыр мен найзағайдың салдарынан үйлер мен басқа да мекемелердің шатырларына зақым келтірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығынды анықтау мақсатында аудандық комиссия жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram