Құтқару жасағының жетекшісі алматылықтарға зілзала кезінде не істеу керектігін айтты

None
Фото: РСК Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой алматылықтарға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындарға мынаны ұсынар едім: егер жер сілкінісі болса, негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұру керек. Лифт пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, жуыну бөлмесіндегі ванна жақсы құтқарады, әсіресе шойын ванналары», - деді спикер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы сейсмикалық ауданда тұратын адамдардың сақтық шараларын білуі және «дабыл сөмкесінің» болуы керектігін атап өтті.

«Құжаттар, фонарь, жылы киім, ауыз су, тез бұзылмайтын азық-түлік, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болуы керек», - деді ол.

Владимир Цой чемоданға ысқырық салып қоюға кеңес берді.

«Адам үйінді астында қалғанда, ол бірнеше күн айғайлайды, көмекке шақырады. Бірақ бір-екі күннен кейін оның күші таусылады. Құтқарушылар оларды тез тауып алуы үшін ысқырық қажет. Түркияда адамдарды құтқарған кезде бізде арнайы құрылғылар болды. Итіміз қираған аумақта әлі тірі адамдар бар екенін көрсеткенде үйінділерді бұзып өте бастадық, құрылғымен іздеу жүргізілді. Осы құрылғылардың көмегімен адамдардың тыныс алуын, жүректері қалай соққанын естідік. Сондықтан ысқырықтың да маңызы зор», – деді спикер.


Соңғы жаңалықтар
telegram