Құтқарушы иттер аттестациядан өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қарағанды облысында Қарағанды облысы, Ұлытау облысы ТЖД құтқару бөлімшелерінің, сондай-ақ ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің кинологиялық жасақтарының сертификациялық сынағы басталды.
Алғашқы кезең — «Тыңдау және шеберлік» конкурсы. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, мұнда ит-құтқарушылар кинологтардың бұйрықтарын орындап, тәртіптілік, басқарылу мен физикалық дайындықтарын көрсетті.

Келесі кезеңдер — орман ішінде және техногендік үйіндіде адамдарды іздеу.

Әр кезеңді қазылар алқасы қатаң бағалайды. Бір кезеңнен өтпесе, аттестация берілмейді.

Айта кетейік, Қызылордада иісшіл иттердің көмегімен 139 қылмыс ашылды.
Есірткі қылмысына қарсы жедел іс-шаралар нәтижесінде 68 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Иісшіл иттердің көмегімен ұрлық-қарлық және тағы басқа 33 қылмысты ашу мүмкін болды.