Құтқарушылар Алан-2 арнайы машинасын сынақтан өткізуде

АСТАНА. KAZINFORM — 22 қаңтардан бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің ТЖМ 52859 әскери бөлімі мен «Спасск» оқу орталығының базасында «Алан-2» броньды доңғалақты машинасының базасында өтімділігі жоғары радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автомобилін қысқы тәжірибелік әскери пайдаланудың екінші деңгейі жүргізілуде. 

Алан 2
Фото: ТЖМ

Сынақтар тәжірибелік әскери пайдалану бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Брондалған доңғалақты машиналарға тәжірибелік әскери сынақтар жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қорғаныс министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының мамандары, сондай-ақ «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС инженерлік-техникалық құрамы тартылды.

«Сынақ барысында өтуі қиын жерлерде терең қар жамылғысын еңсере отырып, төмен температура жағдайында базалық шасси сыналып, жүргізіліп жаттықтырылды. Агрегаттар мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігі, пайдалану-техникалық қасиеттері, техника агрегаттарының жүктеме, жылу және жылдамдық режимдері тексерілді», — деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қазақстандық қорғаныс кәсіпорны ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша әзірлеген арнайы «Алан-2» радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналары Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан ТЖМ әскери бөлімдеріне берілді.

Биыл тағы екі арнайы машина елдің батысы мен шығысындағы ТЖМ әскери бөлімдері техникасының паркін толықтырады.

Соңғы жаңалықтар