Құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының таулы аймақтарында өздігінен қар көшкіні жүруі тіркелді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті
Фото: Алматы облысы ТЖД

Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде биік таулардан (теңіз деңгейінен 3000 метрден және одан жоғары) және орта таулардан (теңіз деңгейінен 2000-нан 3000 метрге дейін) көшкіндердің өздігінен түсуі анықталды.

— Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, бірақ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу үшін алматылықтар мен қала қонақтарына тауға баруды кейінге қалдыруды ұсынды. Екі өзен бассейнінде де Тұйықсу мұздығына (Эдельвейс қар көшкіні аймағы) апаратын жолдағы экопостта бақылау-өткізу бекеттері орнатылып, көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

Қазгидрометтің дауылды ескертуіне сәйкес, Алматыда 8 наурызда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Медеу, Бостандық аудандарының таулы аймақтарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Айта кетейік, ТЖМ қазақстандықтарды көшкін қаупіне байланысты тауға бармауға шақырды. «Қазселденқорғау» мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында еліміздің таулы аймақтарындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерді тұрақты түрде бақылап, тексеріп отырады.

Бұған дейін 8 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум