22:33, 31 Тамыз 2025 | GMT +5
Құтқарушылар шұғыл көмекке мұқтаж нәрестені Жезқазған орталығына жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бсапасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге шұғыл түрде Ұлытау облысы Қаражал қаласы Жәйрем кентінен Жезқазған қаласына жаңа туған нәрестені жеткізді.
Ол жедел медициналық көмекке мұқтаж болған соң, әр минут қымбат еді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің және экипаж бен дәрігерлердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтіп, сәби перинаталдық орталыққа аман-есен жеткізілді.
Осыған дейін ШҚО-дағы ауылда шұғыл көмекке зәру науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілгені тіралы жаздық.