Құтқарушылар СҚО-дағы су басқан ауылға азық-түлікті қайықпен тасымалдап жатыр

СҚО
Фото: Ақмола облысы ТЖД

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмолалық құтқарушылар СҚО-дағы су басқан ауылға азық-түлік пен суды қайықпен жеткізіп беруде. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО Прибрежное ауылының тұрғындарын қайықпен ауылға кіріп-шығуын қамтамасыз етіп отыр. 

ақмолалық құтқарушылар
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Қазіргі кезде ауылға қайықсыз қатынау мүмкін емес. Сол себепті, ақмолалық құтқарушылар үш қайықпен ауыл тұрғындарына азық-түлік пен ауызсу жеткізіп жатыр. Бұған қоса, ауыл тұрғындарын қайықпен жұмысына жеткізіп, кейін үйіне алып қайтуда. Жалпы, ақмолалық құтқарушылар көмекке барғаннан бері осы ауылдан 200-ден астам адамды қайықпен тасымалдады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалық дәрігерлер СҚО тұрғындарына көмек көрсетіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар