Құтқарушылар үш метрлік люкке құлаған адамды аман алып қалды

ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО құтқарушылары ер адамға көмекке келді.

БҚО құтқарушылары ер адамға көмекке келді
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Орал қаласында Урдинская көшесіндегі үй маңында 1989 жылы туған ер адам үш метрлік люкке құлаған.

Жанынан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112 қызметіне қоңырау шалды.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, альпинистік жабдықтардың көмегімен ер адамды люктен шығарды. Зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

БҚО-да 1,1 млн астам алимент төлемеген борышкер қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар