Құтқарушылар жолда қалып қойған шетелдік 17 азаматты эвакуациялады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80-шақырымында жолаушылар автобусы бұзылып қалған. 

Автобус
Фото: ТЖМ

Құтқарушылар техникалық ақауы бар көліктегі азаматтарды Т. Жүргенов ауылының мешітіне көшірді.

«Жолаушылар автобусында 17 азамат болды, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады», — деп жазды ТЖМ-нан.

Құтқарушылар алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар