Құтқарушылар суға кеткен автокөліктегі әйелді ажалдан алып қалды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Луизиана штатында құтқарушылар суға батып бара жатқан автокөліктегі әйелді ажалдан аман алып қалды.
Олар машинаға қайықпен жүзіп барып, ішінде қамалып қалған әйелді құтқарып алды. Әйел көлікте итінің қалып қойғанын айтты, құтқарушылар итті де жағаға алып шықты.