13:26, 10 Сәуір 2017 | GMT +5
Құтқарушылар Талас өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесін іздеп жатыр - Жамбыл облысы
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Байзақ ауданында Талас өзенінде облыстық ТЖД құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 сәуірде 21.45-те облыстық ТЖД-ге Байзақ АІІБ-ден 17.30-да Сарыкемер ауылының 13 жастағы тұрғыны Талас өзені жағалауында жүріп, суға батып кеткені жайлы хабарлама түсті», - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін орынға облыстың ТЖД «АҚЖ» ММ ТЖБ, ӨБ-8 сүңгуірлер тобы, аудандық ІІБ қызметкерлері жетті. Іздеуге 30-ға жуық адам, жеті бірлік техника тартылды.
«Кеше іздеу жұмыстары нәтиже бермеді, бүгін 06.00-де іздеу қайта басталды», - деп нақтылады ТЖД.