Құтқарушылар теңізге құлаған Ми-8 қалдықтарын Шпицбергеннен тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Шпицберген арктикалық архипелагының жағажайында жоғалған ресейлік Ми-8-дің қалдықтары іздеу жұмыстарының төртінші күнінде теңіздің 209 метрлік тереңдігінен табылды, деп хабарлайды ТАСС.
Норвегиялық құтқарушылар тікұшақтың бортында болған жоғалған сегіз ресейлікті тірілей табу енді мүмкін емес екендігін, іздеу-құтқару операцияларын тоқтатқандықтарын мәлімдеді. Норвегияда қабылданған процедураға сәйкес, жолаушылар мәйіттері мен экипажды іздеу операциясы басталды, оған Шпицберген губернаторы Кьерстин Аскхольт пен архипелаг полиция басқармасы жауапты.
Бейсенбі, 26 қазан күні ресейлік Ми-8 қар жауып тұрған кезде Пирамида елді мекенінен 80 шақырымдық қашықтықтағы ресейлік кеншілер кенті - Баренцбургке ұшып шыққан. Ресей мемлекеттік "Арктикуголь" тресінің лизингінде болған "Конверс Авиа" әуе компаниясы тікұшағының бортында экипаждың бес мүшесі мен Арктика және Антарктика ҒЗИ-ының үш қызметкері болған.
Апатты жағдайды Ми-8 қонуы жоспарланған Баренцбург маңындағы Хеер мүйісінен солтүстік батысқа қарай екі шақырым қашықтықтағы су бетіндегі күйіктен қалған қалдықтар мен ауа көпіршіктері ғана айғақтады.
Іздеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығы мен маңайды көруге мүмкіншіліктің болмауынан күрделене түсті. Архипелагта тап қазір - поляр түні.