Құтқарушылар жарылғыш затты тонналап жинап қойды
Осы орайда Қазгидрометтің болжамдары негізге алынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алдағы уақытта ауа-райы күрт жылынып кеткен жағдайда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын кей аумақтарын су басуы қаупі бар. Наурыздың аяғы мен сәуірдің басында су тасқыны болжанып отыр. Осыған байланысты республика бойынша ондаған шақырымның бөгендері жөнделіп, жер асты құбырлар тазартылды. Елді мекендерден миллиондаған текше метр қар шығарылды. Қазіргі кезде су тасқыны салдарларын алдын алу және жою үшін 8 мың тоннадан астам жанар-жағармай, 219 мың тонна инертті материалдар, 958 мың қап және 19,8 тонна жарылғыш зат қоры дайындалды. Халықты эвакуациялау жағдайына 1707 қабылдау пункті дайын тұр. Сондай-ақ басқа жерге көшірілетін тұрғындарға қажетті тамақ өнімдері мен ауыз су қоры әзірленді.
«Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі басқару органдарының көктемгі кезеңіндегі су тасқыны дайындығын тексеру мақсатында ағымдағы жылғы 2017 жылғы 9-10 наурыз аралығында «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілген болатын. Барлық облыста, Астана және Алматы қалаларында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары бөлімшелерімен, облыстық азаматтық қорғау қызметтерімен көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің практикалық іс-қимылдарын пысықтау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу мен жаттығулар ұйымдастырылды», - деді Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.