Құтқарушылардың қазіргі жалақысы жеткілікті деп айта алмаймыз - вице-министр

«Қазіргі жалақы жеткілікті деп айта алмаймыз. Біздің өрт сөндірушілердің ең төменгі жалақысы – 110-108 мың теңге. Ал орташа жалақы, яғни офицерлерді қоса есептегенде 200 мың теңгеден асады. Келер жылдың бюджетіне бұл мәселені қарастырдық. Мемлекет басшысының осындай шешім қабылдауының арқасында келесі жылы біз қызметкерлердің жалақысын 40 пайызға көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ол 2023 жылдың қаңтарынан бастап төленеді», - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Айта кетейік, таяуда Алматы қаласының халқымен кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аталған сала мамандары әлеуметтік жағынан аз қорғалғанын мәлімдеген еді.
Еске салсақ, қыркүйек айында Қостанай облысында болған алапат өрт кезінде өңірге арнайы барған Мемлекет басшысы министрлік басшылығына қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуді тапсырған болатын.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады .