Құтқарылған жүргізуші полицейлерге алғыс айтты

ҚОСТАНАЙ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Алматылық алыс қашықтыққа қатынайтын жүргізуші Марс Жәліпов оған «бағаланбас көмек көрсетіп, өмірі мен жеке мүлкін сақтап қалған» Қостанай облыстық ІІД жол полициясы қызметкерлеріне алғыс айтты.
None
None

Оқиға былай өрбіген екен. Үстіміздегі жылдың 7 ақпанында Қостанай-Сурган көлік жолында ауа-райының қолайсыздығынан жүк көлігі көпірден шығып кетіп, жол жиегіне шығып кетті. Алматыдан Қостанайға 60 тонна балық тиелген екі жүк көлігі келе жатты. Жүк көлігінің бірі жолдан шығып кетіп, екіншісі жол жиегіне барып тоғытылды. "Республикалық маңызы бар жолдың осы учаскесін қадағалайтын жол полициясы қызметкерлері түнде оқиға орнына келіп жетті", - дейді ІІД басқарма бастығы Елена Кашарина. - Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жүргізушілер Әулиекөл ауданындағы ауруханаға жеткізілді. Келесі күні жол полициясының жеке батальонының сержанттары Абылайхан Ағаділов пен Абзал Темірбаев көмекке төрт К-700 тракторын шақырып, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды».

Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқан жүргізуші Марс Жәліпов «егер тәртіп сақшылары болмағанда, далада үсіп қалуымыз да ғажап емес еді» деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар