Күйеуіне көмектеспек болып, абайсызда өлтіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Томск облысында күйеуіне көмектеспек болып, абайсызда өлтіріп алған әйелге қатысты сот ісі қаралды.
None
None

Ер адам есінен танып қалғанда әйелі оның жүрегіне массаж жасамақ болады, алайда қатты уқалаудың әсерінен ол жан тапсырады.

«Күйеуіне көмектеспек болған әйел оның жүрегін кем дегенде 20 рет қатты уқалап, көкірек қуысы мен ішін қатты басқан»,- деп мәлімдеді қалалық сот залынан. Сондай-ақ әйелдің оқиға кезінде мас болғаны да анықталды.

Ал ер адам болса біраз уақыт өткенде іш құрылысынан қан кетіп, көп қан жоғалту салдарынан көз жұмған,

Енді әйел абайсызда кісі өлтіргені үшін 2 жыл колонияда жазасын өтейтін болады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар