Күз келгенде Ақтөбедегі қалалық емханада жылу құбыры ауыстырылып жатыр

Ақтөбе қаласындағы №1 емханада құбыр ауыстыру, жаңарту жұмыстары күзде басталды. Келісім бойынша биыл қараша айында бар жұмыс аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Kazinform.

қалалық емхана
Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе қаласындағы №1 қалалық емхана 2009 жылы қолданысқа берілген. Арада шамамен 15 жылға жуық өтсе де жылу беру жүйесі жаңармады. Емхана әкімшілігінің хабарлауынша, тозу деңгейі 80 пайызға жеткен кезде ауыстыруға шешім қабылданған. 

- 2022 жылдың күзінде мұнда жылу беру қиындап, келушілер тарапынан көп сын-ескертпе айтылды. Кейде жылу беру тоқтап қалды. 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымы кезінде мүлде істен шығады деген қауіп болып, техникалық тексеру және бағалау жүргізілді. «Актобе ГенСтрой» ЖШС-і биыл маусым айында жылу беру жүйесінің құбырын толық ауыстыру, сантехникалық құрылғыларды жаңарту, ішкі су, кәріз құбырын өзгерту туралы шешім шығарды. «ASK Project 1» ЖШС-і жобалық-сметалық құжат жасау кезінде жылу беру жүйесі істен шығып тұрғаны айтылды. Ақауы көп болған соң жүйесі бұзылып, кейбір батареялар салқын болып тұрды.

Биыл шілде айында облыстық денсаулық сақтау басқармасы күрделі жөндеу жұмыстарына деп 68,7 млн теңге қарастырды. Бұл қаржыға авторлық және техникалық бақылау шығыны кірді. Ал 15 шілде күні емхана Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасына сұраныс жіберді. 20 шілде күні байқау жарияланды. №1 қалалық емхана мен «Alan Costruction» ЖШС-і арасындағы келісімшарт 18 тамыз күні жасалды. ҚҚС қосқанда 58,7 млн теңге. Жұмыс екі айға жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама 2023 жылдың 27 қыркүйегінде берілген. Бүгінгі күнге дейін жұмыс 85 пайызға орындалды. Мердігер материалдарды толық көлемде сатып алды, жұмыс 3 ауысымда жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе қаласындағы №1 қалалық емхана әкімшілігі.

Қазіргі кезде жертөледе құбыр дәнекерлеу жұмысы жүріп жатыр. Сонымен бірге барлық батарея ауыстырылды. Жұмыс қараша айының соңында аяқталады.