Күзде әскер қатарына қанша азамат шақырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл күзгі мерзімді әскери қызметке 18 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі online-брифингінде ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі Руслан Тапашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Биыл әскер қатарына 18 мыңнан астам жас азаматтарымызды шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде өзіміздің Қарулы күштерге шамамен 8 мың азаматты шақырамыз. Басқа да әскери құрылымдарға 10 мыңнан астам азаматты мерзімді қызметке шақыру қарастырылған. Ал жалпы 760 мыңнан астам азамат бізде әскери есепте тұр», - деді Руслан Тапашев.

Сонымен қатар, Руслан Тапашев әскерге шақырушыларды медициналық тексерістен өткізу кезінде жиі анықталатын дерттерге тоқталды. Оның дерегінше, азаматтардың мерзімді әскери міндетін орындау көбіне ішкі ағза, неврологиялық және хирургиялық сырқаттарға байланысты кейінге шегеріледі.


Соңғы жаңалықтар