Күзде балық аулағанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары күзгі балық аулаудың қаупі жайлы ескертті, деп хабарлайды Kazinform. 

балық
Фото: t.me/knbgov_kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, күзде су салқындап, ауа райының тым құбылмалы болуы балықшыларға қауіп төндіреді.

«Ішімдік ішу, балықшының жүзе алмауы, қайықта жалғыз өзі болуы, қараңғыда балық аулауға шығуы, қатты жел соғуы сияқты факторлар аса қатерлі. Сонымен қатар судағы қайғылы жағдайлар қарапайым қауіпсіздік шараларын білмеуден, немқұрайлық салдарынан болып жатады. 2023 жылдың басынан бері өңір бойынша осындай 2 жағдай тіркелген», - дейді ол.

Құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 50-ден астам профилактикалық рейд жүргізген. Онда 400-ге жуық балықшы қамтылды. Оларға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді.

«Оның ішінде мамандандырылған балық аулау дүкендерінде 7 жиын ұйымдастырылды. Балықшыларға желді ауа райында және қараңғыда су қоймасына барудан аулақ болу керектігі ескертілді. Әрқашан құтқару кеудешесін киіңіз, қайықты шамадан тыс жүктемеңіз, жарамды жүзу құралын пайдаланыңыз», - дейді Арман Тоқанов.

Соңғы жаңалықтар