Күзембаев атындағы шахтада апаттың залалын жоюға байланысты мәселелерді жедел шешу үшін штаб құрылды

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың өкімімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Күзембаев атындағы шахтада апат залалын жоюға байланысты барлық мәселелерді жедел шешетін штаб құрылды.
None
None

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Штабты облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов басқаратын болады.

Баспасөз орталығының хабарламасы бойынша, қазіргі таңда шахтада «Көмір» ВАСС екі бөлімшесінің күшімен қаза тапқан екі шахтердің денелері іздестірілуде.

«Саран қаласы мен облыс басшылығы мерт болған кеншілердің отбасыларына барып, көңіл айтты», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Іздеу-құтқару жұмыстары мен апат залалын жою операциялары аяқталғаннан соң, төтенше жағдайдың не себепті болғандығын анықтайтын арнайы комиссия жұмысқа кіріседі, деп толықтырды баспасөз орталығы.

Соңғы жаңалықтар