Күзгі жиын-терінге қарамастан көкөніс бағасы 12% қымбаттаған

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша, елде импортқа шығатын көкөніс көлемі өзгерген. Бұл туралы ҚазАқпарат ENEGRYPROM басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

жеміс-жидек
Фото: ҚазАқпарат

Оның ішінде баялды импорты 7,7% артып, 2.4 мың тоннаға жетсе, ақбас қырыққабат (60,1%, 36,3 тоннаға дейін), сәбіз (48,2%, 15,3 тоннаға дейін), картоп (42,8%, 22,1 тоннаға дейін), бұрыш (38,5%,15,9 тоннаға дейін), сарымсақ (31,6%, 2,4 тоннаға дейін), қызанақ (18,3%, 41,2 тоннаға дейін), қызылша (13,3%, 7,5 тоннаға дейін), қияр (9,1%, 6,8 тоннаға дейін), пияз (2%, 178,8 тоннаға дейін) бен бақша дақылдарының (0,6%, 40,9 тоннаға дейін) импорты азайған.

Экспортқа келер болсақ, картоп (13,2 есе, 108,8 тоннаға дейін), баялды (3,4 есе, 64,6 тоннаға дейін), сәбіз (2,4 есе, 5,4 тоннаға дейін), пияз (95,3%, 59,8 тоннаға дейін), бұрыш (86,3%, 1 тоннаға дейін), сарымсақ (37,6%, 527 тоннаға дейін), қияр (18,1%, 3,5 тоннаға дейін) мен қырыққабат (9,6%, 5,4 тоннаға дейін) көрсеткіштері артқан.

Ал қызанақ (16%, 7,3 тоннаға дейін), бақша дақылдары (26,7%, 3,4 тоннаға дейін) мен қызылша (59,9%, 356,2 тоннаға дейін) экспорты азайды.

Биылғы тамыз қорытындысы бойынша, көкөніс бағасы маусымға қарай бір ай ішінде 6,1% арзандаған. Десе де жыл ішінде, яғни былтырғы жылдың тамыз айымен салыстырғанда көкөніс 12,3% қымбаттады.

Өңірлер бойынша, бір айда баға тек Ұлытау облысында 0,8% қымбаттаған. Көкөніс бағасы ең қатты арзандаған өңір – Қарағанды (14,4%) және Қостанай облыстары (1,5%).

Жыл ішінде ең қымбаттаған аймақ Ұлытау облысы (32,7%) болса, ең арзан баға Қарағанды облысында (1,2%) тіркелген.

Тамыз қорытындысы бойынша, қырыққабат бағасы республикада орташа есеппен келісіне 169 теңгеге, сәбіз 196 теңгеге қымбаттаған.

Қызылша келісіне 257 теңгеге дейін, картоп 170 теңгеге дейін арзандады.

Қияр бағасы айына 4,7% түскенімен, жыл ішінде 6,8%, келісіне 394 теңгеге дейін қымбаттады. Қызанақ бір айда 12,9% арзандады, бірақ 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 15,4%, келісіне 475 теңгеге қымбаттаған.

Пияз бағасы тамызда 22,5% түскенімен, бір жылда 10,8%, яғни 147 теңгеге дейін көтерілді.

Соңғы жаңалықтар