Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижелері

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. 

Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижелері
Фото: ҰОК

Аталған жарыста «жылдамдық» санаты бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Ерлер арасында Әлихан Татамбай жекелей сында 45-орынға тұрақтады.

Ал әйелдер арасында Анна Баларшина 37-орын, Арина Новицкая 41-орыннан көрінді.

Сондай-ақ әйелдер командасы эстафеталық сайыста 11-орынға жайғасса, аралас эстафетада ұлттық құрама 14-орынға табан тіреді. 

Айта кетелік Қазақстан 3×3 баскетболдан U23 әлем кубогінде өнер көрсетеді