10:44, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Құзға өрмелеуші әйел көп қабатты үйдің үстіне шаңсорғыштың көмегімен шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - LG компаниясы өзінің тұрмыстық техникасын жарнамалау үшін қызықты маркетингтік қадамдарымен таңдандырып келеді.

Вакуумдық шаңсорғыштарды жарнамалау үшін маркетологтар құзға өрмелеуші әйел Сьерра Блэйр-Койлды шақырып, оған шаңсорғыштардың көмегімен 140 метрлік биік ғимаратқа шығуды ұсынды. Шаңсорғыштар ғимараттың шыны бетіне жабысып тұратын вакуумдық сорғыштар үшін пайдаланылды.
Құзға өрмелеуші мен альпинистік жабдықты әйнекті қабырғада ұстап тұруға Code Zero K94SGN екі шаңсорғышының қуатты жеткілікті екен. Олардың жалпы салмаға 70 келі болды.