Құжаты жоқ африкалықтар Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, Африка елдерінің азаматтары қаланың түрлі нысандарында заңсыз жұмыс істеген.

мигрант
Фото: Алматы ПД

«Қаланың орталық бөлігінде жергілікті рейд жүргізілді. Барлығы 40 шетелдік ұсталды, оның көпшілігінде жеке басын растайтын құжаттары жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар — көршілес мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ Африка құрлығындағы елдердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша олар қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Оларға қатысты Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналады», — деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

африкалық
Фото: Алматы ПД

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары депортацияланғанын жазған едік.  

Сондай-ақ Алматыда заңсыз курьерлік қызметпен айналысып келген шетел азаматтары ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар