Құжатсыз 400 литр спирт алып бара жатқан Көкшетау тұрғыны ұсталды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетау қаласының тұрғыны Рузаевка ауылына барар жолда құжатсыз 400 литр спиртпен ұсталды.

Көкшетау тұрығын
Фото: Ақмола облысының Полиция департаменті

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 23-де сағат 08:10 шамасында «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 7 км патрульдік полиция қызметкерлері 43 жастағы көкшетаулық басқарған «Volkswagen Transporter» көлігін тоқтатқан.

«Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көліктің салонынан 5 литрлік шөлмектерге құйылған барлығы 400 литр спирт табылды. Сонымен бірге, жүргізушінің тауарға еш құжатты болмай шықты. Тәртіп сақшылары жүргізушіні көлігіне тиелген жүгімен бірге Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Тексерістен кейін нақты шешім қабылданатын болады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын синтетикалық есірткі сақтаған көкшетаулық азамат 4 жылға сотталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар