Құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жоба бойынша келісім комиссиясының ұсыныстары мақұлданды ? Мәжіліс

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлданды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Осыған орай, еліміздің қолданыстағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұндай өзгерістер негізінен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың басқару қызметін құжаттандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Сонымен бірге құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды жақсартуға жәрдемдесіп, басқару еңбегінің мәдениетін көтереді және құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Заңнамалық деңгейде құжаттардың құндылығын айқындау өлшемдерін белгілеу көзделеді. Құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, Астананың) жергілікті атқарушы органының өкілеттігі заңды тұрғыда бекітіледі. Қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін құрылған комиссия негізгі 3 ұстанымды талқылады.
Соңғы жаңалықтар