Құжаттамалық қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылды

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданды.
None
None
Осыған орай, комиссия құрамына сенаторлар сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Осыған орай, еліміздің қолданыстағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұндай өзгерістер негізінен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың басқару қызметін құжаттандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Сонымен бірге құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды жақсартуға жәрдемдесіп, басқару еңбегінің мәдениетін көтереді және құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Заңнамалық деңгейде құжаттардың құндылығын айқындау өлшемдерін белгілеу көзделеді. Құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының өкілеттігі заңды тұрғыда бекітіледі. Қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін құрылған комиссия құрамына депутаттар Талғатбек Абайділдин, Анатолий Башмаков, Юрий Цхай сайланды.
Соңғы жаңалықтар