Құжаттарға жалған дерек енгізіп, мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген директор сотталып, оған қоса айыппұл салынды

ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Еңбек - Орал» РМК-ның бұрынғы директоры М.Маймышевқа қатысты қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, М.Маймышев Оралдағы РУ-170/3 мекемесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында орындалған жұмыс көлемі жөніндегі қабылдау актісіне жалған деректер енгізу арқылы ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасына 38,7 млн. теңге көлемінде залал келтірген. Сонымен қатар аталмыш мекеме директоры қызметін атқарған кезде корпоративтік табыс салығын бұрмалап көрсетіп, 7,5 млн. теңгені тағы жымқырған.

Сот М.Маймышевті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, 127300 теңге айыппұл салуға, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті. Сондай-ақ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті облыстық басқармасының пайдасына 38,9 млн. теңге, мемлекетке 1,6 млн. теңге өндіріп алуға үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар