Квадрокоптер алғаш рет Ла-Манш бұғазын кесіп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшқышсыз басқарылатын құралдарды басқару бойынша коммерциялық қызметтерді ұсынуда маманданып отырған британдық Ocuair компаниясының квадрокоптері алғаш рет Ла-Манштан асты, деп жазды N+1 сайты.

Квадрокоптер алғаш рет Ла-Манш бұғазын кесіп өтті

Enduro-1 атты квадрокоптердің Францияның солтүстік-батыс жағалауынан британдық Дувр қаласының маңына дейін ұшуы 2016 жылғы 16 ақпан күні өтіп, 72 минут уақытты алды. Бұл уақытта дрон 35 шақырым қашықтықты артта қалдырды.

Ocuair мамандарының айтуынша, олар квадрокоптер үшін ұшу ұзақтығының рекордын орнатып, квадрокоптермен Ла-Манштан сәтті асқандардың алғашқысы болды.

ҚПЛ: «Тобыл» бесінші мәрте жеңілді
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Тобыл» бесінші мәрте жеңілді