Квази-мемлекеттік секторда жаппай жекешелендіру және МЖС дамыту мәселелерінде Үкіметті оралымсыздығы үшін Президенттің сынынан кейін бір ай өтсе де, ешқандай нәтиже жоқ - А. Перуашев

Оның мәліметінше, 11 қазанда өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы квазимемлекеттік сектордың тежеусіз өсуіне және «2050-Стратегиясындағы» кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шешудің орнына, үкіметтің мемлекеттің қатысуымен 6 мыңнан астам компаниялардың небәрі 4 пайызын ғана оған қатысу үшін ұсынғанына ренішін білдірді.
«Салыстыру үшін «Ақ жол» ҚДП фракциясының үстіміздегі жылдың 16 қаңтарындағы Президент берген тапсырмаларды нақты салаларда және экономика инфрақұрылымында, мәселен, сумен жабдықтауда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жаңа форматтары арқылы іске асырудың қажеттілігі туралы депутаттық сауалды келтіре аламын. Тағы бір айдан кейін біз ҮИИД МБ-сын нақты секторда іске асыру және әкімшілік кедергілерді жою үшін МЖС қағидаларын кеңейту туралы ұсыныстармен шықтық», - дейді халық қалаулысы.
Бүгін «2050 Стратегиясының» жарияланғанына бір жыл және квази-мемлекеттік секторында жаппай жекешелендіру және МЖС (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік) дамыту мәселелерінде Үкіметті оралымсыздығы үшін президенттің сынынан кейін бір ай өткенін еске салған депутат: «Міне, тағы да - ешқандай да айқын нәтижелер немесе жүйелік ұсыныстар жоқ», - деп қадап айтты.